Иммунды Жүйе

Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы.

Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды Жүйе
электронды микроскоптың сканері: Қарапайым жеке нейтрофилді лейкоциттер (сары), күйдіргі бактерияларын жұтуы (қоңыр)

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа бездері, айырша безі (тимус), кұстардың фабриций қалтасы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммунды жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа бездері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа бездері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа бездері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.

Иммунды мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Иммунды жүйенің жалпы сипаттамасы

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметі қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

  1. Тума иммунды жүйе (ағылш. innate immune system)
  2. Бейімделген иммунды жүйе (ағылш. adaptive immune system)

Тума иммунды жүйе негінде бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Тума иммунды жүйе бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

Тума иммунды жүйе туа біткен иммунитет болып, оның негізгі жасушалары:

  1. макрофагтар,
  2. моноциттер
  3. нейтрофилдер.

Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Тума иммунды жүйені мынадай реакция қалыптастырады:

  1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.
  2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі

Иммундық жүйенің қызметі:

  • организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;
  • организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;
  • организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;
  • ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;
  • басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері

Иммундық жүйенің қасиеттері:

  1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.
  2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммунды жүйе мүшелері

1) орталық иммундық жүйе мүшелері:

2) перифериялық иммундық жүйе мүшелері:

Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.

Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.

Лимфа бездері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа бездерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа бездері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.

Иммундық жүйенің жасушалары

Иммундық жүйенің жасушалары:

Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.

Лимфоциттері

Дереккөздер

Tags:

Иммунды Жүйе Иммунды жүйенің жалпы сипаттамасыИммунды Жүйе Иммундық жүйенің қызметіИммунды Жүйе Иммундық жүйенің қасиеттеріИммунды Жүйе Иммунды жүйе мүшелеріИммунды Жүйе Иммундық жүйенің жасушаларыИммунды Жүйе ДереккөздерИммунды ЖүйеОрганизм

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сарқылмайтын ресурстарҚазақтың ұлттық тағамдарыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЖапонияҚасым ханның қасқа жолыХалықаралық еңбектiк миграцияСөз табыАдам қаңқасыСаңырауқұлақтарҚарағанды облысыДара сөздер мен күрделі сөздерЕуропаТүрік қағанатыҮркерӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаІлеБақытсыз ЖамалХан ШатырЭкологиялық пирамида ережесіАллитерацияӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҰлы Жібек жолыПартеногенезАрыстан баб кесенесіЗиготаОтын-энергетикалық кешенҚазақстанның сыртқы саясатыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Исламдағы жыныстық өмір әдебіЕжелгі Рим мәдениетіСпартак көтерілісіҚазақстандағы түсті металдарАбай жолы (роман)Бесін намазыТеңіз жануарларыАмерика Құрама ШтаттарыТүркістан автономиясыҚазақстан музейлеріМал шаруашылығыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыРобототехникаАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыТұрар РысқұловҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіЮпитерИзомерияӨзбекстанЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуКөзОтырар кітапханасыАс қорыту жүйесіҚазақстан 2030ТүркияАмерикадағы азамат соғысыНегіздерАшық тұқымдыларҰйқы безіАҚШ президенттерінің тізіміБатыс Түрік қағанатыТың игеруҚазақстан кітапханаларыЖерҚызылша (медицина)Тұқым қуалайтын өзгергіштікМагнит өрісіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныТемірхан МедетбекДәрілік өсімдіктерАбстракционизмҚазақстан өзендеріНаурыз мейрамыЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарКітапханаҚазақстан 2050Қазақша жыл санау1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс🡆 More