Иерусалим: Таяу Шығыстағы қала

Иерусалим немесе әл-Құдыс (ивр.

Тәурат пен Інжілде араб.: أورشليمУршалим; Израильде ресми: араб.: أورشليم القدسУршалим-әл-Қудс (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңіз су шекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қаланың жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.

Қала
Иерусалим
ивр. יְרוּשָׁלַיִם
араб.: القدس
Иерусалим: Тарихы, Географиясы, Тұрғындары
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

Иерусалим: Тарихы, Географиясы, Тұрғындары Израиль

Округ

Иерусалим округі

Мэр

Моше Лион

Тарихы мен географиясы
Координаттары

31°47′ с. е. 35°14′ ш. б. / 31.783° с. е. 35.233° ш. б. / 31.783; 35.233 (G) (O) (Я) 35°14′ ш. б. / 31.783° с. е. 35.233° ш. б. / 31.783; 35.233 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.б. 4-ші мыңжылдық

Алғашқы дерек

б.з.б. XIX-XX ғ-лар

Бұрынғы атаулары

Шалем, Иевус, Сион (Цион), Ир Давид, Элия Капитолина, әл-Құдыс

Жер аумағы

125,156 км²

Орталығының биiктігі

754 м

Климаты

жерортатеңіздік

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

901 302 адам (2018)

Ұлттық құрамы

Еврейлер — 60,8 %
Арабтар — 37,9 %
Басқалары — 1,3 % (2017)

Конфессиялар

иудейлер — 61,4 %
мұсылмандар — 35,6 %
христиандар — 1,8 %
басқалары — 1,2 %

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+972 2

Пошта индексі

91000–91999

jerusalem.muni.il
 (иврит) (ағыл.) (ар.)

Иерусалим картада
Иерусалим
Иерусалим

Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израиль мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израиль егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды.

Тарихы

Иерусалим қаласы б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны Аменхотеп ІV-ге жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 жылы шамасында Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 ж. шамасында Иудея патшалығының астанасына айналды. Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлеймен қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлеймен әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырда қала Птолемей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан Иерусалим Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66–67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып, қиратты. II ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы Элия Капитолина салынды. IV ғасырда Рим императоры Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Ислам халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Мекке мен Мединеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салахуддин басып алды. Қала 15171917 жылдары Ұлы Османлы Мемлекетінің құрамында болды. 1917 жылдың желтоқсанында Иерусалимді британ әскерлері басып алды. 19201948 жылдары қала британдардың мандаттық жері Палестинаның әкімшілік орталығы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылдың 29 қарашасындағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (19481949) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы БҰҰ-ның Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз елордасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылдың шілдесінде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің "мәңгі және бөлінбейтін елордасы" деп жариялады.

Географиясы

Қала Жерорта теңізі және Өлі теңіз аралығында Иудея тауларының етектерінде Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 650—840 м. Темір жол стансасы, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (687–691), 11 – 12 ғасырлар шіркеулері, көне қамал (14 – 16 ғасырлар) бар.

Тұрғындары

Қалалық әкімшілік алғашқы рет 1863 жылы құрылған. 19481967 жылдары қала екі аймаққа бөлінге: израиль аймағы (қаланың батыс жағында) және арабтар бөлігі (шығыс жағында). Әр бөлімшесіне өз басына мэрия және қала басқармасы болған.

2013 жылғы санақтың мәліметі бойынша, Иерусалимде 828 500 адам тұрған. Халық санының өсуі — жылына 2,0 %-ы құрайды.

Ұлттық құрамы (2013 жылдың 1 қаңтарының мәліметі): еврейлер — 530,3 мың (64,0 %), оның ішінде репатрианттар — 539,9 мың (65,1 %), арабтар — 279,7 мың (33,8 %), оның ішінде: мұсылман-арабтар — 267,9 мың (32,3 %), христиан-арабтар — 11,8 мың (1,4 %), армяндар — 5,6 мың (0,7 %), басқалар — 3,3 мың (0,4 %), оның ішінде: орыстар — 0,8 мың, америкалықтар — 0,45 мың, француздар — 0,3 мың, немістер — 0,25 мың, украиндықтар — 0,2 мың, ағылшындар — 0,2 мың, молдавандар — 0,15 мың.

Соңғы мәлімет: 19.05.2014 жылы Иерусалимнің тұрғындарының саны 853 355 адам болыпты.

Панорама

Дереккөздер

Tags:

Иерусалим ТарихыИерусалим ГеографиясыИерусалим ТұрғындарыИерусалим ПанорамаИерусалим ДереккөздерИерусалимArAlquds.oggHe-Jerusalem.oggІнжілАраб тіліИврит тіліИзраильИсламСурет:ArAlquds.oggСурет:He-Jerusalem.oggТәуратХристиандықЯһудилік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АҚШ экономикасыТүркістан облысыМикроэлементтерЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)НайзағайҚадыр Мырза ӘліҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіӨнеркәсіпБаланы қырқынан шығаруТоқырау жылдарындағы ҚазақстанҰшқан ұяСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)ПедагогикаҚазақ ұлттық киімдеріАқшаКеңес үкіметіАйша бибі кесенесіМұхитФотоэлектрлік құбылыстарИсламМагнит өрісіАмёбаҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақстан 2030Қазақстан мәдениетіМитохондрияАвторлық құқықты бұзуКорея РеспубликасыТермометрҒабит Махмұтұлы МүсіреповӘбілхан ҚастеевБотай мәдениетіҚыз ЖібекЛеонардо да ВинчиДәрілік өсімдіктерМұражайМетонимияҚазақ батырлар тізіміФутуризмӨңдеуші өнеркәсіпҚазақстандағы көмірҚажымұқан МұңайтпасұлыОсип Андреевич ИгельстромКиіз үйКанадаТемпераментЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыТерминЭлектрондық сандық қолтаңбаӨсімдіктер систематикасыКерей ханСөз тіркесіЖарықтың шағылуыСинекдохаДәруменБронхитЭкологиялық туризмЖалпы ішкі өнімКүн (жұлдыз)Тас дәуіріТабиғатОрта ғасырлардағы мәдениетҚазақстан темір жолыҚасым хан316-атқыштар дивизиясыҒарышкерЕтістікЕтісОтырарАктинАлюминийАққуларМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚазақ әліпбиіЕкінші дүниежүзілік соғысОдағай🡆 More