Жаһанша Досмұхамедов

Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов (1886, Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы, № 1 ауыл – 1937, Мәскеу облысы) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер.

Жаһанша Досмұхамедов
Жаһанша Досмұхамедов
Досмұхамедов, 1920 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Алаш Орда Үкіметінің Батыс филиалы үкіметінің төрағасы
1918 — 1919
Ізашары лауазымы құрылды (Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы ретінде өзі)
Ізбасары лауазымы жойылды
Ту
Ту
Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы
сәуір 1918 — 11 қыркүйек 1918
Ізашары лауазымы құрылды
Ізбасары лауазымы жойылды (Алаш Орда Үкіметінің Батыс филиалы үкіметінің төрағасы ретінде өзі)
Ту
Ту
Алаш Үкіметі Халық Кеңесінің мүшелері
13 желтоқсан 1917 — 5 мамыр 1920
Өмірбаяны
Білімі Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультеті
Дүниеге келуі 1887 (1887)
№1 ауыл, Жампиты болысы, Орал уезі, Орал облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 3 тамыз 1938 (1938-08-03)
Бутово полигоны, Лениский ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО

Өмірбаяны

  • 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
  • 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1-Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.
  • 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
  • 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
  • 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
  • 1918 жылы 6 мамырда Жымпиты өлкесінде өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уа­қытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.

Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.

Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.

  • 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б. Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.

Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:

  1. қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
  2. екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.

Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды. Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.

  • 1920-25 жылдары Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүрген.
  • 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
  • Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Батыс Түрік қағанатыҚазақ шежірелерінің тізіміЛалагүлЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЛиберализмАйғаным СарғалдаққызыҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚажымұқан МұңайтпасұлыВирустарШымкентПатшаГалогендерСолтүстік ҚазақстанҚазақ халқының материалдық мәдениетіТүргеш қағанатыКапитализмЕртісКонсерватизмЖелтоқсан көтерілісіСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Қазақтың ұлттық тағамдарыҚонақжайлықМиграцияЕуразияКөне түркі жазбаларыҚазақстанның жеті кереметіБіріккен Ұлттар ҰйымыЗат есімБиотехнологияЖанқожа НұрмұхамедұлыҚоршаған ортаның ластануыҒаламдық экологиялық проблемаларГазетБромАзотты тыңайтқыштарЖартылай өткізгіштерАлланың есімдеріҚасым АманжоловРаушангүлділерЖер сілкінуКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыЙодАстанаІшкі фотоэффектҚазақ руларыАлаш автономиясыЕліктеу сөзЖануарларҚаңлылардың шаруашылығы, саудасы мен қолөнеріБейімбет Жармағамбетұлы МайлинКіндік шешеАйша бибі кесенесіСексеуілОксидтерОрталық АзияТасымал (лингвистика)Қан топтарыОтырарАзамат соғысыОғыз мемлекетіОмонимҚазақстан экономикасыОдағайКеңес үкіметіМобильді қосымшаларБаяндауышСәрсен Аманжолұлы АманжоловЕкінші Мемлекеттік ДумаІшкі құлақЭлектролизКиіз үйҚорғалжын қорығыШойынШетелдердегі қазақтардың атамекеніне оралу мәселелеріКүмісАлаш партиясының бағдарламасыПетраХалық санағы🡆 More