Жалғаулық Шылаулар

Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады.

Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады.

Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.

Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады:

1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлем мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады.

2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы мағыналық қатынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тең, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынастарды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті жеңіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып қалып еді, бірақ топ ішінен мұны байқап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.). Бірінші сөйлемдегі "қарай" септеулігі "үйіне" деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны "бет алды" деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі "сайын" септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлемдегі "пен" жалғаулығы "Жомарт, Жанат" деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі "бірақ" жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаластыра байланыстырып тұр.

Дереккөздер



Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Орталық ҚазақстанТемір жолКубизмХимиялық элементтер тізіміҒарышкерВирустарАстана ОпераШәкәрім ҚұдайбердіұлыАлғашқы көмекДүниежүзілік көрме (2017)Дина Кенжеқызы НұрпейісоваДауысты дыбыстарАллитерацияКенесары ханСу көлігіАйдын Ақанұлы АйымбетовГлюкозаҚазақ газетіЦикл (информатика)МодернизмЕңлік — Кебек (пьеса)Жәңгір-Керей ханСаяси жүйеЖұлынҚазақстандағы «қайта құру» саясатыӘміре ҚашаубаевКинетикалық энергияХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЖаһандануБұлшықет талшығыАдам даму индексіАшық тұқымдыларМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЭнергияҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыТөтенше жағдайЗар Заман ақындарыКометаТуризмҚазақстандағы ұжымдастыруШығай ханЕгемендікМутацияСперматозоидҚазақ мәдениетіҚыпшақ хандығыБақбақҚимақ қағанатыЗиготаҚазақстандағы көмірМұнай өнеркәсібіБарыс (жануар)Унитарлы мемлекетСілтілік металдарАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҰлы Отан соғысыКарл ЛиннейМетафораШоқжұлдыздар бойынша жұлдыздар тізіміСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемЖануарларХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыЖұлын жүйкелеріИмпрессионизмМоғолстанКарбон қышқылдарыНАСАҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріАсқар АлтайМіржақып ДулатұлыҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыМагниттік өтімділікСалалас құрмалас сөйлемКөсемшеТеріРентген сәулесіТүйе малының атауларыГеродот🡆 More