Жалпы Қазақ Съезі

1917 жылы 9 мамырда Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарынан, ішкі орталықтан, Түркістаннан жалпы мұсылман съезіне барған қазақ өкілдері жалпы қазақ съезін кұру туралы кеңесіп, мынандай қаулы жасадық:

Жалпы қазақ съезін құру туралы

  1. 1917 жылы 1 тамыздан 10 қыркүйекте дейін жалпы қазақ съезін Ташкент қаласында құруға.
  2. Съезге әрбір қазақ болысынан бір өкілден жіберуге. Жіберген өкіл, мұрша келгенше, жалпылық, төтелік, бірдейлік, құпиялық һәм ер-ұрғашы делінбейтін сайлаумен сайлансын.
  3. Съезге жұрттың тап-табынан түгел келгені, әсіресе әйелдер һәм зиялылар жіберілгені қалаулы. Кеңесте болғандар әр уезден бір әйел өкіл болғанын тілейді.
  4. Съездің программасын шығару һәм съезді жасау ұйымдастырушы бюроға тапсырылсын.
  5. Жалпы қазақ съезі барша қазақты қоғамдайтын, учредительное собраниеге даярлайтын съез болсын, сондықтан учредительное собраниеде шешілетін мәселелер съезде түгел қаралатын болсын. Мәселелердің ішінде қазақ әскерін жасау мәселесі де қаралсын.
  6. Ойламаған жерден шыға келген себеп болса, 1 тамыз пен 1 қыркүйек арасында құрылатын етіп съез құру срогын өзгертуге ұйымдастырушы бюро ерікті.
  7. Съезді қашан һәм қайда кұру туралы ерте жария болынсын (съезден бір ай бұрын).
  8. Жалпы қазақ съезін құру үшін Торғай облысының съезінде жасалған бюро болсын. Бірақ бюроға әрбір қазақ облысынан бір өкілден кірсін.
  9. Облосной қазақ комитеттері жалпы қазақ съезін құрушы бюроға ағзаларын жіберіп көмек қылып, ақшалай жәрдем қылсын.

Қол қойғандар жалпы мұсылман съезінің қазақ өкілдері: Көлбай Тоғысов, Аққағаз Досжанова, Ғабдолла Әлібеков, А.Теміров, А.Дауылбаев, Ғ.Қарашев, Құлмұхамед Оразаев, Байғазы Темірқанов, Шапқат Бекмұхамедов, Сыбыханов, Ахмеджанов, Х.Тәржіманов, Ораз Тәтипов, Хұсаин Нұрмұхамедов, Уәлитхан Танашев. Бірінші пунктте көрсетілген съезд құрылатын жер Ташкент болсын дегеннен басқасына разымын Міряқүб Алибов, кеңес басы - врач Досмұхамедов.

Жалпы қазақ съезінің қаулысы

Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 июльде жабылды. Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының өкілдері болды. Съез председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлмұхамед Көтібаров. Секретары: Міржақып Дулатов, Асылбек Сейітов. Съездің программасы:

  1. Мемлекет билеу түрі;
  2. Қазақ облыстарында автономия;
  3. Жер мәселесі;
  4. Халық милициясы;
  5. Земство;
  6. Оқу мәселесі;
  7. Сот мәселесі;
  8. Дін мәселесі;
  9. Әйел мәселесі;
  10. Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар;
  11. Бүкіл Ресей мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам);
  12. Қазақ саяси партиясы;
  13. Жетісу облысының уақиғасы;
  14. Киев шаһарында болатын бүкіл Ресей федералистерінің съезіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Қаулылар:

  • I. Мемлекет билеу түрі

Ресейде демократическая федеративная парламентарная республика болсын.

  • II. Қазақ облыстарында автономия

Қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облосной автономия алуға тиіс.

  • III. Жер мәселесі

Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін.

  1. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың әзіне тоқтаусыз қайтарылсын: "Дворянский скотоводческий промышлений курортный, монастырский переселен орнықпағандар, отрубтар, оброщный статьялар, жай адамдарға показательная поля" деп берген, бірақ расында жоқ нәрселер һәм гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан кейін босаған жерлер.
  2. Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын.
  3. Переселен орныққан учаскелерде олқы бос тұрған сыбаға жерлер қазақтың озіне тоқтаусыз қайтарылсын.
  4. Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары әлі көшпеген болса, қазақтың өзінде қалсын. Келген мұжықтарға, қайтадан бөліс қылып, өзге учаскелердш жер әперілсін.
  5. Айрықша қазына мүлкінде деген тоғайлардағы қазақ шабындығы өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының белгейіне жайылуға рұқсат болсын.
  6. Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін.
  7. Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.
  8. Жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісу еркі учредительное собраниеде қазақ депутаттарына берілсін.
  9. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу һәм егін салу үшін лайықтаған норма алынсын, әр жердің ретіне қарай.
  10. Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаган норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.
  11. Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті сауда берілсін.
  12. Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып) яғни земельная община болсын. (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануга қарсы болды, әркімнің жер еншісі бөлек болсын деді).
  13. Земельная община яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қазір кішкене болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері (землеустроительное учреждение) еркінде болсын.
  • IV. Халық милициясы

Осы күнгі дайын әскер орнына халық милициясы күрылсын.

Уақытша үкіметтің жаңа шыгарган законы бойынша дала уалаяттарында болосной земство отырықшы елдерде және ашылсын, көшпелі елдерге земство кіргізу еркі болашақ облосной земский собраниеде болсын деген. Съез бір уезді екінші уезге көшіп жүретін елдерді ғана "көшпелі болыстар" деп біледі.

  1. Съездің қаулысы, көшпелі елдерде де отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болосной земство ашылсын.
  2. Болосной һәм уезной гласныйлардың сайлауы бір мезгілде құрылсын.
  3. Болосной земской управода бес ағзадан артық болмасын.

Орыс пен қазақтың сайлануына уезной һәм облосной комитеттер арнаулы инструкторлар шығарсын.

  • VI.Оқу мәселесі
  1. Жалпы міндетті бастауыш оқу аса қажет.
  2. Бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде болсын.
  3. Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бәрі де "Қазақ" емлесімен жазылсын.
  • VII.Суд мәселесі
  1. Осы күнгі қазақтың народный суды жоғалсын.
  2. Өзгерілетін судтың орнына қазақ түрмысына лайық айырықша суд құрылсын.
  3. Мағлұматты адамдардан жаңа судтың жобасын жасауға әр облыста суд комиссиясы болсын. Облосной комиссиялардың шығарған жобасы жалпы қазақтың суд комиссиясы қарауына тапсырылсын. Бұл жалпы қазақ комиссиясына облосной комиссиялардан бір-бір ағза кірсін. Жалпы қазақтың суд комиссиясы жүмысын 1918 жыл 1 ақпанда бітірсін. Қазақ судының жобасын қазақ депутаттарымен бірге тексерсін, сонан кейін закон шығаратын мекемеге тапсырсын.
  4. Жаңа судтың законы шыққанша осы күнгі народный суд облосной съездердің өзгерткен күйінде түра берсін.
  5. Екі уез яки екі болыс қазағының арасындағы уголовный жазалы болатын істер уақиға болған орынның народный суды алдында тексерілсін. Гражданский хақы даулайтын істерді жауапкердің тұрған жеріндегі народный суд тексерсін.
  • VIII.Дін мәселесі
  1. Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал һәм Закаспий (Маңғышлақ уезі) облыстарының қазақтары уақытша Орынбор муфтилігіне қарасын.
  2. Духовный собраниянің қарауына тиісті мәселелерді жалпы қазақтың суд комиссиясы айырсын (VII бапты қара).
  3. Суд жобасы түзелгенше Орынбор мекеме шарғиясына қарайтын қазақтық діни істері ноғайлардікіндей болсын.
  4. Мекеме шариғия құзырында қазақ бөлімі болсын һәм қазақ істерінің бәрін қазақ бөлімі муфтимен бірге қарасын, ал ортақ істерді ноғай қазыларымен һәм муфтимен бірге қарасын.
  5. Әр облыстан (Маңғышлақ уезінен баска) бір қазы сайлансын.
  6. Қазақ бөлімінің істері таза қазақ тілінде жазылсын.
  7. Мекеме шариғия қүзырындағы қазақ бөлімінің кісілері һәм қызмет қақы мынандай болсын: Бес қазыга жылына 4800 сомнан, бір секретарга 4800 сом, кеңсе расходы 10 мың сом.
  8. Әр облыс қазыга төлесін 4800 сом, секретарга 1000 сом, кеңсе расходына 2000 сом, барлыгы 7800 сом.
  9. Секретарды қазақ қазылары өздері сайлап алсын.
  10. Қазыдан төменгі руханилардың қаржысы әр халықтың өзінікі болсын.
  11. Орал облысынан қазылыққа сайланган Қайырша Ахметжанұлын һәм бөкейліктен Ғұмар Қарашұғлын съез лайық көрді. Өзге қазыларды әр облыс өзі сайлауға қалдырды.
  12. Мақалалардың қандай болуы әр облыстың съез каулысынша болсын деді.
  13. Бұл мәселелер хақында съез қаулысын орындау облосной комитеттерге тапсырылды.
  • IX. Әйел мәселесі
  1. Әйелдер саяси қүқықта ерлермен тең болсын.
  2. Күйеуге тию еркі әйелдің өзінде болсын.
  3. Қалың мал жоғалсын.
  4. 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын.
  5. 16-ға толмаған қызға һәм 18-ге толмаған жігітке молда неке оқымасын.
  6. Молда неке оқырда әйел мен еркекті қарама-қарсы қойып ризалықгарын біліп оқысын.
  7. Тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын.
  8. Екінші қатын аламын деген кісі бұрынғы қатынының ризалығымен алсын. Егер бұрынғы қатыны риза болмай, кетемін десе, басқа байға тигенше бұрынғы байы оны бағып-қақсын.
  9. Жеті атаға келмеген жерде қазақ кыз алмасын.
  • X. Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облысынан сайланатын депутаттар
  1. Съез әр облыстан сайланатын депутаттарды һәм олардың кандидаттарын лайықтады. Депутаттар тасқа түскенде спискеге жазылатын ретін де төменде көрсетті. Әр облыстан депутаттыққа һәм оларға кандидатқа лайықтанған адамдар ретміш мыналар:

Ақмола облысынан: 1) Айдархан Тұрлыбаев; 2) Асылбек Сейітов; 3) Ережеп Итбаев; 4) Сейілбек Жанайдаров; 5) Жұмағали Тілеулин; 6) Рақымжан Дүйсебаев; 7) Мағжан Жұмабаев; 8) Сұлтанмахмұт Абылаев; 9) Садық Мешінбайұлы; 10) Салмақбай Күсемісов; 11) Қайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаев; 12) Сәкен Сейфуллин. Семей облысынан: 1) Григорий Николаевич Потанин; 2) Әлихан Бөкейхан; 3) Әлімхан Ермеков; 4) Халел Ғаббасов; 5) Мұқыш Боштаев; 6) Жақып Ақбаев; 7) Биахмет Сәрсешов; 8) Ахметжан Қозыбағаров. Торғай облысынан: 1) Ахмет Байтұрсынұлы; 2) Міржақып Дулатов; 3) Ахмет Бірімжанов; 4) Есшғали Тұрмағамбетов; 5) Әлжан Оразов; 6) Тел Жаманмұрынов; 7) Сейдәзім Қадырбаев. Орал облысынан: 1) Халел Досмұхамедұлы; 2) Жанша Досмұхамедов; 3) Нұрғали Ипмағамбетов; 4) Сәлімгерей Қаратілеуов; 5) Ғұбайдолла Әлібеков; 6) Ғұбайдолла Бердиев; 7) Ғұмар Есшғұлов. Жетісу облысынан: 1) Мұхаметжан Тынышбаев; 2) Ыбырайым Жайнақов; 3) Ғабдулкәрім Сыдықов; 4) Отыншы Әлжанов; 5) Базарбай Мәметов; 6) Мырзахан Төлебаев; 7) Түбек Есенғұлов; 8) Садық Аманжолов; 9) Дүр Сауранбаев; 10) Сатарқұл Жанқорашев; 11) Сүлеймен Келгенбаев. Сырдария облысынан: 1) Мұстафа Шоқай; 2) Санжар Асфендияров; 3) Әзімхан Кенесарин; 4) Садық Өтегенов; 5) Әлмұхамед Көтібаров; 6) Хұсайын Ибраһимов; 7) Дуалқарнин; 8)Сейдалин Зұлқарнайын; 9) Ибраһим Қасымов; 10) Башабек Болатмұқанов; 11) Сегізбай Айзанов; 12) Емберген Табынбаев; 13) Сұлтанбек Қожанов; 14) Абдолла Қожанов; 15) Ғұмар Жанғалинов. Ферғана облысынан: 1) Қоңырқожа Қожықов; 2) Әбдірахман Оразаев; 3) Жәмшид Кәрібеков; 4) Ерғұлай Ағабаев; 5) Серікбай Ақаев; 6) Вадим Шабкин; 7) Ташболатбек Нарботабеков; 8) Әлімхан Төре; 9) Нәзір Төреқұлов; 10) Шәймерден Қапсаламов; 11) Заһиралдин Мырзақасымов; 12) Шәкір Диваев; 13) Оразбай Кішкенбаев;14) Құлнәзір Қалыбаев; 15) Жәнібек Сағымбаев. Самарқанд облысы: 1) Алдабек Мангилдин. Амудария бөлімінен: 1) [[Мұстафа Шоқай]]; 2) Әбдірәсіл Мәмбеев; 3) Иса Қашқынбаев. Бөкейліктен: 1)Бақтыгерей Құлманов; 2) Уәлитхан Танашев; 3) Батырқайыр Ниязов. ішкі орда (бөкейлік) һәм Амудария бөлімінен басқа қазақ облыстарында сайлау аздан-аз, көптен-көп ретінше болады. Бұл тәртіп бойынша, дауыс көп болған списоктен учредительное собраниеге сайланатын депутаттар да көп болады. Сондықтан съез қаулы қылды: Тас салуға қақы бар қазақтың еркек-әйелі бірі қалмастан депутатқа тас салу керек. Қазақтан көбірек депутат сайлап шығару үшін съез тағы да мынандай қаулы қылды: бір облыста бір списоктен артық болмасын. Ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын. 3)Сайлау алдында басқа саяси партиялармен келісу, одақтасу еркі әр облыстың өзінде.

  • XI. Шора-и ислам
  1. Бүкіл Ресей мұсылмандардың қазақ өкілдері болуы тиіс. 2) Шорай ислам ағзалары түрлі мұсылмандардың әр қайсысынан санына қарай болсын. 3) Қазақ халқының уақытша Шорай исламға жіберетін өкілдерінің жалпы саны мұсылман съезі лайықтағанша болсын.

4)Шорай исламға қазақтан съез сайлаған кісілер: 1) Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев; 2) Семейден Әбікей Сәтбаев; 3) Торғайдан Әлжан Байғурин; 4) Оралдан Жаһанша Досмұхамедов; 5) Бөкейліктен Уәлитхан Танашев; 6) Жетісудан Базарбай Мәметов; 7) Сырдариядан Мұстафа Шоқай; 8) Ферғанадан Әбдірахман Оразаев. 5)Бұл аталғандардан Шорайға бара алмайтындар болса, олардың орынбасарын облосной комитет сайлайды. 6)Шорайға сайланған кісілердің расходын қазақ ұйымдары комитеттер котереді. Мұнан басқа қазақ ұйымдары шораның іс басқаратын комитетіне пұл жәрдем беру керек. 7)Әр облыстың өкілдері Петроградқа қазірден бару керек һәм шорай ислам қызметіне кірісу керек. 8)Қазақ өкілдерінің жиылысы шораның іс басқаратын комитетіне қазақ ағзаларын өздері сайлайды. 9)Уақытында, басқа облыстардың өкілдері жиналғанша, шораның іс басқаратын комитетіне сьез Жаһанша Досмағамбетовты һәм Уәлитхан Танашевты лайықтады.

  • XII. Қазақ саяси партиясы

Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съез Шорай исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная парламентарная республикаға құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ облосной комитеттерінің қарауына жібереді, онан кейін учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары учре¬дительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ — аманат болады.

  • XIII. Жетісу оқиғалары

Съез соғыс һәм ішкі істер министрлеріне суыт телеграмм берді, Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мүжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын сыпыр ыпалып, халықты тыныштандырсаңыз екен. Қазақ-қырғыз орысқа жәбір бермесіне біз кепілміз деп. Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға алаш баласы жәрдем беруін съез өтінеді.

  • XIV. Федералистер съезіне һәм оқу комиссиясына өкіл жіберу

1) Киевте тамыз ішінде болатын федералистер съезіне Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов һәм Уәлитхан Танашев барсын деп съез қаулы қылды. Бұл үшеуінің бара алмайтындары болса, орнына Шорай ислам ағзаларының арасынан біреуді жіберсін. 2) Петроградтағы оқу комиссиясына сьез Спандияр Кенже баласын жіберуге қаулы қылды.

Бірінші сьез өкілдері

Тұрлыбаев Айдархан, Сейітов Асылбек, Ережеп Итбаев, Жанайдаров Сейілбек, Жұмағали Тілеулин, Рақымжан Дүйсенбаев, Жұмабаев Мағжан, Сұлтанмахмұт Абылаев, Садық Мешінбаев, Салмақбай Күсемісов, Болғанбаев Хайретдин, Григорий Николаевич Потанин, Бөкейхан Әлихан, Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Боштаев Мұқыш, Жақып Ақбаев, Сәрсенов Биахмет, Қозыбағаров Ахметжан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Бірімжанов, Тұрмағамбетов Есенғали, Оразов Әлжан, Жаманмұрынов Тед, Қадырбаев Сейдәзім, Досмұхамедұлы Халел, Досмұхамедұлы Жанша, Илмағамбетов Нұрғали, Қаратілеуов Сәлімгерей, Ғұбайдолла Әлібеков, Бердиев Ғұбайдолла, Есеғұлов Ғұмар, Мұхаметжан Тынышбаев, Жайнаков Ыбырайым, Сыдықов Ғабдулкәрім, Әлжанов Отыншы, Мәмбетов Базарбай, Төлебаев Мырзахан, Есшғұлов Түбек, Аманжолов Садық, Сауранбаев Дүр, Жанқорашев Сатарқұл, Келгшбаев Сүлеймен, Шоқай Мұстафа, Асфендияров Санжар, Кенесарин Әзімхан, Өтешов Садық, Көтібаров Әлмұхамед, Ибраһимов Хұсайын, Сейдалин Зұлқарнайын, Қасымов Ибраһим, Болатмұқанов Башабек, Айзанов Сегізбай, Табынбаев Емберген, Қожанов Сұлтанбек, Қожанов Абдолла, Жанғалинов Ғұмар, Қоңырқожа Қожықов, Оразаев Әбдірахман, Кәрібеков Жәмшид, Ағабаев Ерғұлай, Ақаев Серікбай, Төре Әлімхан, Нарботабеков Ташболатбек, Чайкин Вадим, Төреқұлов Нәзір, Қапсаламов Шәймерден, Мырзақасымов Заһиралдин, Диваев Шәкір, Кішкебаев Оразбай, Қалыбаев Құлнәзір,Сағымбаев Жәнібек,Шоқаев Мұстафа,Мәмбеев Әбдірәсіл,Қашқынбаев Иса, Құлманов Бақтыгерей, Уәлитхан Танашев, Ниязов Батырқайыр.

Дереккөздер

Tags:

Жалпы Қазақ Съезі Жалпы қазақ съезін құру туралыЖалпы Қазақ Съезі Жалпы қазақ съезінің қаулысыЖалпы Қазақ Съезі Бірінші сьез өкілдеріЖалпы Қазақ Съезі ДереккөздерЖалпы Қазақ Съезі1917 жылАқмола облысыОрал облысыСемей облысыТорғайТүркістан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан аудандарыАлкиндерСақтардың бейнелеу өнеріӘлеуметтік инфрақұрылымКөлікСинапстерСинекдохаЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіҚытайҒылыми стильVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріСолтүстік АмерикаЭкологиялық проблемаДепортацияНуклеин қышқылдарыЭпитетҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан Республикасының КонституциясыТұқым қуалайтын ауруларҚазақстан көлдеріТерминЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАйтысҚажығали МұханбетқалиұлыАбай Құнанбайұлының шығармаларыЭкологиялық пирамидаАмерика Құрама ШтаттарыҒаламдық экологиялық проблемаларАлтын ОрдаПлацентаМұстафа ШоқайГаплоидМенің атым Қожа (повесть)Керей ханМутацияЭкологиялық апатМетонимияБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевӘуе көлігіАлғашқы көмекТеріҚазақстан азамат соғысы жылдарындаЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміКарбон қышқылдарыЕжелгі ГрекияҚуысмүйізділерЭндокриндік жүйеСыртқы саудаҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстанның пайдалы қазбаларыХолециститАлаш партиясының бағдарламасыРахат кондитер фабрикасыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеОмыртқалыларХиуаз Қайырқызы ДоспановаЖарықтың шағылуыҒарыштануМиграцияВирусты гепатит ВҒылыми-техникалық революцияМиелин қабықшасыТоталитаризмҚазақстан 2050Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Екінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРО1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларPythonАхмет БайтұрсынұлыАқуызҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЕтеккірМикроэлементтерКүн (жұлдыз)Қаһар🡆 More