Еңбекақы — жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы.
Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.
Еңбекақы жұмыс уақыт бірлігіне (немесе орындалған әр тапсырмаға) байланысты төленеді. Жұмыс күні – осындай уақыт бірліктерінің ең алғашқы түрі болып табылады. Жұмыс уақытының бірнеше бөлікке бөлінуі бастаған кезі сағаттың ойлап табылуы уақытына дөп келді. Сондықтан, қазіргі таңда сағаттық төлем еңбекақының кең таралған түрі болып табылады. Еңбекақы Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде төленген.
Жалданбалы еңбек ақша мен жұмысқа кеткен уақытты байланыстыруды талап етеді. Осыған орай Мозес Финлейдің The Ancient Economy кітабында ойын білдіреді. Оның ойынша, жалданбалы еңбек үшін екі қиын тұжырымдамалық қадам керек. Біріншіден, ол еңбекті адамнан және оның жұмысының өнімінен абстракциялануды талап етеді. Егер біреу шеберден бір зат сатып алса, ол оның еңбегін емес – өнімін сатып алады. Алайда, біреуді жалдаса, ол абстракцияны – жұмыс күшін сатып алады. Екіншіден, жалданбалы еңбек жүйесі сатып алынған еңбекті өлшеу әдісін талап етеді. Әдетте бұл екінші абстракция – жұмыс уақыты арқылы жүзеге асырылады.
Әлемдегі экономиканың құрылымына сәйкес, еңбекақы мөлшеріне нарық күштері (сұраныс және ұсыныс), заңнамалар және дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та нарық күштері басым түссе, Жапонияда әлеуметтік құрылымы және жұмыс өтілі маңызды рөл атқарады.
Зерттеулердің айтуынша, нарық күштері басым елдердің өзінде де еңбекақы мөлшері нәсіл мен жынысқа байланысты өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мысалы, АҚШ Еңбек Статистика Бюросының айтуынша, 2007 жылы әйелдер еңбекақысы еркектердің орташа еңбекақысының 80%-ын құраған. Сол сияқты, азиялық еркектер ақ нәсілді еркектерден 16%-ға және қара нәсілді еркекетерден 36%-ға көбірек тапқан. Бұл мәліметтер орташа мәндермен салыстырылған және жұмыстың түріне, мөшеріне және сапасына орай түзетілмеген.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Еңбекақы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.