Дербес Компьютер

Дербес компьютер, қысқаша ДК (ағылш.

personal computer, PC) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.

Дербес Компьютер
Дербес Компьютер
Ubuntu

Алғашқы компьютерлер

Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді. Кейін келе XVII ғ. басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д. Робертсон да жүргізген. Ол Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.

Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын – арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.

Үстел компьютерлері

Дербес Компьютер 
IBM 5150 as of 1981

Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.

Тасымалы компьютерлер

Лаптоптар

Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы дербес компьютер құрылымына алмалы дискілерге арналған диск жетегі, ықшам дискілерге арналған диск жетегі, DVD-дискілерге арналған диск жетегі кіруі мүмкін; бұл диск жетектері компьютердің салмағы мейлінше аз болуы үшін, сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.

Қалта компьютерлері

Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.

Планшетті компьютерлер

Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

Тағы қараңыз

Tags:

Дербес Компьютер Алғашқы компьютерлерДербес Компьютер Үстел компьютерлеріДербес Компьютер Тасымалы компьютерлерДербес Компьютер Тағы қараңызДербес КомпьютерАғылшын тіліКомпьютерСаналы адам

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТатарларСемей полигоныБөкей ОрдасыЮпитерАй (серік)АлгоритмАралас құрмалас сөйлемҚазақстан халқының бірлігі күніТұрар РысқұловХан ШатырЭволюциялық ағашӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖайылма сөйлемҚан мен терӘн-Нас сүресіБасты бетӘл-Фатиха сүресіБірінші Мемлекеттік ДумаТүрік қағанатыРаушангүлділерЖүрек ауруларыЕгіншілікАтырау облысыҚарлұқ қағанатыӘлкей Хақанұлы МарғұланҚаратпа сөзДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевКөктемОмыртқалыларБастың ауыруыДамыған елдерЕсім ханЖылқыҚуыршақ театрыМәтінМәскеу шайқасыЭпитетАлланың есімдеріМысырГүлЭлектр тогыҚазақстанның Қызыл кітабыЖаһандануҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚатерлі ісікСуӘбу Насыр Әл-ФарабиСаяси мәдениетНамазды бұзатын нәрселерСалауатАққан жұлдыз (роман)Әмір ТемірОрталық АзияЖүсіпбек АймауытовАнтропогендік факторҚазақ батырлар тізіміӘбілқайыр хан (Кіші жүз)ЖыландарҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріҮй жануарларыОтырар апатыКиелі жануарларБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалғауОтбасыЖамбыл облысыӨздігінен тозаңдануҚұнанбай ӨскенбайұлыТүркістан (қала)Жыныс мүшелерінің құрылысыЖұлынКемпірқосақХалықаралық балалар күніҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖемісБақтыораз БейсекбаевҚұрмалас сөйлемТыныс алу🡆 More