Галилео Галилей: итальян ғалымы

Галилео Галилей (итал.

Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Галилео Галилей
Galileo Galilei
Галилео Галилей: итальян ғалымы
Туған күні

15 ақпан 1564 (1564-02-15)

Туған жері

Пиза

Қайтыс болған күні

8 қаңтар 1642 (1642-01-08) (77 жас)

Қайтыс болған жері

Арчетри

Ғылыми аясы

астрономия, физика, механика, философия, математика

Ғылыми дәрежесі

Профессор

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Галилео Галилей: итальян ғалымы
Галилей телескопы

Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.

1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.

Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді.

1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.

Галилей телескопы

Галелей 1607 жылы 1 обьектив пен 1 окулярдан тұрған телескоп құрады. Осындай схема обекттің бұрынғыдай зеркалды бұрылмаған бейнесін берген. Осы телескопты "Рефрактор" деп атайды.

Дереккөздері

Tags:

Италиян тіліФлоренция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Плагиат1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріPythonБейімделуЖарықтың шағылуыБәдікАбай ҚұнанбайұлыКөмірКомпьютерҰшқан ұяЖаңа білім беру жүйесіЭлектр тогыМақалаМейозСаяси партияХалықаралық қақтығыстарМұстафа ШоқайҚазақстан 2030Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыКүнделік.кзАрал экологиясыАтомҚазақ күнтізбесіҚазақстан Республикасының КонституциясыАдамның табиғатқа әсеріАстанаҒұндарТұқым қуалайтын өзгергіштікҚызмет көрсетуСаяси режимӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТатулықҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыКСРО ыдырауыАминқышқылдарҚазақстандағы көмірХақназар ханБактерияларТемпераментМорфология (лингвистика)КөміртегіАтаулы сөйлемАксонҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Жыныссыз көбеюГүлБірінші дүниежүзілік соғысӘл-Фатиха сүресіКөшбасшылықОнтогенезТуризмАустралияҚазақстан мейрамдарыАқсу-Жабағылы қорығыҚыз ЖібекІшкі саясатӘлемнің жеті кереметіҚажымұқан МұңайтпасұлыОтырар кітапханасыҚазақстан теңгесіЭкономикалық қатынас28 гвардияшыл- панфиловшыларҰлыбританияШикізатҚарахан кесенесіҰрықжолдастыларҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміТаразСептеулік шылауларЕуразиялық Экономикалық ОдақҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЗияткерлік меншікЖұлын жүйкелеріҚалқанша безИнтеграцияМәңгілік бала бейнеТемірқазық🡆 More