Вивекананда

ВИВЕКАНАНДА (шын есімі - Нарендранатх Датта) (1863-1902) - үнді идеалист-философы, Рамакришнаның шәкірті.

1880-84 жылдары Калькутта университетінде философияны зерттеді. 1893 жылы діннің және веданта идеяларын насихаттаудың дүниежүзілік конгресіне қатысу үшін АҚШ-қа барды. 1897 жылы діни "Рамакришна миссиясының" негізін салды. Вивекананда адвайта-неданта идеяларын өз замандағы ғылым қағидаларымен "жақындастыруға" тырысты. Рамакришна сияқты, ол да ведентаға негізделген "біртұтас дінді" қорғады. Алайда Вивекананданың қызметі діни жаңартулардың тар өрісінен шығып кетті. Ол ірі қоғам қайраткері ретінде көрінді, ұлт-азаттық жолындағы күреске шақырды, үнді либералдары жүргізген британ өкімет орындарына жүгіну саясатын айыптады. Осының бәрі оны 20 - ғасырдың бас кезіндегі үнді ұлт-азаттық қозғалысының барып тұрған солшыл қанатының идеялық лидерлерінің ізашары етті. Вивекананда қоғамдық прогрестің үстемдік етуші варнаға (сословиеге) байланысты брахмандар, кшатрийлер, вайшьелер және шудралар болып бөлінетін төрт сатылы теориясын қорғады. Вивекананда өз заманындағы буржуазиялық қоғамды "вайшьелер патшалығы", болашақ "социалистік қоғамды" "шудралар патшалығы" деп атады. Ол ұлттарды империалистік езгіге салуды, нәсілшікті, милитаризмді айыптады.

Вивекананда
Вивекананда (1893)

Дереккөздер

Tags:

БрахмандарКшатрийлерМилитаризмРамакришнаФилософия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сегізаяқ (өлең)ГермафродитизмЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЖыныс мүшелерінің құрылысыЖай механизмКөксерек (әңгіме)Органикалық қосылыстарАуыл шаруашылығыҒаламшарЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОПиелонефритЖануарларТерроризмКаспий теңізіЖусанАдам генетикасыЫбырай АлтынсаринБурабай ұлттық паркіИталияАдам даму индексіТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновХолециститҚазыбек биҚазақстанның Қызыл кітабыВирустарЭкологиялық жүйеАйдын Ақанұлы АйымбетовЖайықЗәр шығару жүйесіҚорықтарИзомерияҮйсін мемлекетіҮндістанНАТОМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚытай Халық Республикасы экономикасыАрал теңізіАминқышқылдарҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАльбрехт ДюрерЗәрдің түзілуі және шығарылуыЮпитерАлкиндерКүкіртӘбу Насыр Әл-ФарабиИнтеграцияБөлшектенуХордалыларШымкентҚұрт (тағам)ПартеногенезЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовЭволюцияҚазақстан экономикасыСыртқы саудаАзамат соғысыБластулаҚазақ хандығының құрылуыАлаш партиясының бағдарламасыДәруменМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЛаңкестік әрекетКүрішФилипп Исаевич ГолощёкинМейозСолтүстік ҚазақстанАбортАбылай ханҚазақстан астанасыЕуропаБұлшық етЭпитетМашинажасауСөйлемнің бірыңғай мүшелеріТабиғи радиоактивтікЖұлын🡆 More