Телехикая Біз Ғана Тірі

Біз ғана тірі (ағылш.

Naughty Dog студиясы жасаған 2013 жылғы видеоойынға негізделген бұл хикаядағы оқиғалар 2023 жылы орын алады. Сериал жасөспірім Еллиді (Белла Рамзи) жеткізіп тастау үшін постапокалипстік АҚШ-ты кезіп өтуді көздеген контрабандист Жоел (Педро Паскаль) туралы. Сондай-ақ хикаяда зомби тәрізділерге айналдыратын саңырауқұлақ инфекциясы (Ophiocordyceps unilateralis) жайлы баяндалады. Қосымша әртістер арасында Жоелдің қызы Сараны ойнаған Нико Паркер, Жоелдің інісі Томмидің рөлін ойнаған Габриел Луна, қарсыласу қозғалысының жетекшісі Марлиннің рөлінде Мерл Дандриж және Жоелдің контрабанда серіктесі Тесстің рөлінде Анна Торв бар.

Біз ғана тірі
ағылш. The Last Of Us
Біз ғана тірі (телехикая)
Жанры драма
Идея авторы
  • Крейг Мейзин
  • Нил Дракманн
Желісі The Last Of Us
Рөлдерде
  • Педро Паскал
  • Белла Рамзи
Композиторы
  • Густаво Сантаолалла
  • Дэвид Флемиң
Мемлекет Телехикая Біз Ғана Тірі АҚШ
Тілі ағылшын тілі
Өндіріс
Атқарушы продюсері
  • Крейг Мейзин
  • Нил Дракманн
  • Кэролин Страусс
  • Роуз Лэм
  • Эван Уелсс
  • Картер Суан
  • Асад Қызылбас
Продюсер
  • Грэг Спэнс
  • Шешил О'Коннор
Түсірілім орны Телехикая Біз Ғана Тірі Канада, Альберта
Серия ұзақтығы 46—81 мин
Студия
  • The Mighty Mint
  • Word Games
  • PlayStation Productions
  • Naughty Dog
  • Sony Pictures Television
Хабар тарату
Телеарна HBO
Бейне форматы
  • HDR
  • Dolby Vision
Дыбыс форматы Dolby Atmos
Таратылым кезеңі 15 қаңтар, 2023 — 13 наурыз, 2023

2023 жылғы 15 қаңтарда алғашқы сериясы шықты. Сериал сыншылардың да, көрермендердің де көңілінен шығып, олар сценариін, актерлердің ойнын және қоюшы суреткерлердің жұмысын аса жоғары бағалады.

Актерлер құрамы

Басты рөлдерде

Қосалқы рөл

  • Нико Паркер Жоелдің 14 жасар қызы Сараны сомдайды. Паркер рөлді алмай тұрып, бірнеше жыл бұрын ойын туралы бейнелер қараған. Ол «ойын нұсқасынан аулақ болуды» және кейіпкердің өзіндік интерпретациясын беруді қалады; ойынның әсерінен Сараның өлімін дұрыс ойнамай қалу қаупінен қорықты. Паскал Паркермен алғашқы сахналарды түсірген кезде, «әкесі мен қызы арасындағы байланысты» сезіне білді. Бірінші ойында Сараны Хана Хейс сомдайды.
  • Джон Ханна 1968 жылғы ток-шоуда саңырауқұлақтардың қаупі туралы ескерту жасайтын эпидемиолог доктор Ньюман рөлін ойнайтын актер.
  • Мерл Дендриж әскери күштерден бостандық алуға ұмтылған қарсылық қозғалысы, яғни "Жарқырауықтардың" басшысы Марлен рөлінде ойнайды. Дендриж – ойындағы өз рөлін сомдаған жалғыз актер. Мейзин мен Дракманның (продюсерлер) ойынша, Дендриж басқа актерларға қарағанда кейіпкеріне көбірек ұқсайды, сондықтан оған тек жасанды шаш керек болды.
  • Жош Бренер 1968 жылы ток-шоудың жүргізушісі Мюррей рөлінде ойнайды. Ток-шоу идеясы Дик Кевит пен оның "Дик Кевитт шоуынан" туындаған.
  • Кристофер Хейердал – 1968 жылғы ток-шоуда Ньюманның пікіріне күмәнмен қараған эпидемиолог дәрігер Шонхайс.
  • Брендан Флетчер – Роберт. Бостон карантин аймағында қара базардағы баскесер әрі қару-жарақ сатушысы. Бірінші ойында Роберттің рөлін Робин Аткин Даунс ойнады.
  • Анна Торв індеттен аман қалған, Жоелдің контрабандист серіктесі Тесстің рөлін сомдайды. Торв пен Паскалдың пікірінше, Тесс пен Жоел біраз уақыт қарым-қатынаста болған, бірақ оны жария етпейді. Торв бұл ойын туралы білсе де, оны ойнап көрмеген, бірақ ол туралы бейнероликтер қараған. Бірінші ойында Тестің рөлін Енни Вершиң ойнады.
  • Гебриел Луна – Томми. Жоелдің інісі және идеализм мен бақытты болашаққа деген үмітін жоғалтпаған бұрынғы сарбаз. Паскал мен Рамсидің рөлі бекітілгеннен кейін шамамен бір ай өткен соң, Лунадан тыңдалымға жазба жіберуді сұрайды. Луна Мейзин мен Керолин Страусстың еңбектерімен жақсы таныс болған және өзі бұрын HBO түсірген «Нағыз детектив» телехикаясында ойнаған. Тыңдалым жазбасын алғаннан шамамен бір аптадан кейін Мейзин, Штраусс және Дракман Лунаға рөл ұсынды. Лунаның айтуынша, жоба жетекшілері оның дәл өздері іздеген адам екенін бірден түсінді. Луна бұл рөлге қатты қуанды, себебі ол Техастағы Остин қаласында (Жоел мен Томмидің туған қаласы) ойынның сюжетімен бірдей уақытта тұрған. Түсірілім кезінде ол өзінің рөлін жақсырақ меңгеру үшін PlayStation 5 ойнады. Луна Томмидің костюмін толықтыруға үлес қосты: оның етіктері Техастағы кастиллея өсімдігімен безендірілген, ал оның белбеуін канадалық үндістер жасаған, бұл кейіпкерінің бейнесіне маңызды деталь қосты. Бейне ойындарда Томмидің рөлін Жеффри Пирс ойнады.
  • Мюррей Бартлетт – Биллмен бірге оқшауланған қалада тұратын «жанталасушы» Френктің рөлін сомдаған актер. Бартлет ойын туралы бұрын білмеген, бірақ сценарийді оқығаннан кейін телехикаяға қатысқысы келді. Рөлі расталғаннан кейін ол ойынды зерттеп, оны «киноға жарамды» деп тапты, әсіресе кейіпкерлерді, сюжетті және қозғалған тақырыптарды ұнатады. Френк алғашқы ойында тек мәйіт ретінде қысқаша көрсетілді. Дракман кейбір жанкүйерлер Френктің пайда болуына ренжиді деп ойлады, өйткені ол ойынның сюжетінде жоқ еді.
  • Ник Офферман – френкпен бірге тұратын «жанталасушы» Билл. Бастапқыда бұл рөлге Кон О'Нил тағайындалды, бірақ тығыз түсірілім кестесіне байланысты жобадан кетуге мәжбүр болды. Бірінші ойында Билл рөлін У. Ерл Браун ойнады.
  • Мелани Лински Канзас-ситидегі бүлікшілердің жетекшісі Кетлинді сомдайды. Кетлин – ойынға қатысқан аңшылар тобының жетекшісі ретінде Мейзин ойлап тапқан телехикаяның бастапқы кейіпкері.
  • Кейвон Монреаль Вудард саңырау бала Семнің рөлінде ойнайды. Бүлікшілер ағасы Генри екеуінің ізіне түседі. Бірінші ойында Семнің рөлін Нажи Жетер сомдайды.

Бөлім

Атауы  Режиссері Сценариін жазған  Алғашқы көрсетілімі  АҚШ-тағы көрермен саны

(миллион)

1 "Қараңғыда адасқанда" Крейг Мейзин Крейг Мейзин және Нил Дракман 2023 жыл

15 қаңтар

0,588
2003 жылы кордисепс саңырауқұлағы мутацияға ұшырап, әлемдік пандемияға себеп болады. Жоел қызы Сара мен інісі Томмимен Техастан қашып кетпек болады, бірақ Сара бір сарбаздың қолынан қайтыс болады. Арада жиырма жыл өтеді. Жоел төтенше жағдайға жауапты федералды агенттікке(Federal Disaster Response Agency - бұдан әрі ФЕДРА) бағынышты Бостон карантин аймағында(КА) тұрады, серігі Тесспен контрабандамен айналысады. Уайомиңде тұрып жатқан Томмиден еш хабар ала алмай кеткен соң, екеуі аккумулятор алу үшін жергілікті диллер Робертке ақша төлейді. Бірақ ол екеуін алдап соғып, аккумуляторды Федраға қарсы бүлікші топ Жарқырауықтарға сатып жібереді. Оны қайтаруға барғанда, Жоел мен Тесс Жарқырауықтардың жетекшісі Марлинді кездестіреді. Марлин олардан Елли есімді жасөспірім қызды Массачусеттстегі Капитолийға алып баруын өтінеді. КА-дан қашып шығып бара жатқандарында, үшеуі бір сарбазға тап болады. Ол үшеуінің ауру не сау екенін тексеріп жатқанда, Елли оның аяғына пышақ тығып алады. Еллиді атайын деп жатқанын көріп, Жоел сарбазды ұрып өлтіріп тастайды. Елли инфекцияға қарсы иммунитеті бар екенін айтады.
2 "Жұқтырған" Нил Дракман Нил Дракман 2023 жыл

22 қаңтар

0,633
Әлемдік пандемия басталып кетпестен екі күн бұрын, Индонезияның Джакарта қаласында миколог ғалым инфекция жұқтырған адамның мәйітін көріп, үкімет өкілдеріне бұған қарсы дәрі де, вакцина да жоқ екенін және ауру бүкіл жерге таралып кетпей тұрғанда, қалаға бомба тастау қажет екенін айтады. Қазіргі уақытқа оралсақ, Елли Жоел мен Тесске Жарқырауықтар оның ДНҚ-сын зерттеп, вакцина әзірлейді деген үмітпен батысқа бара жатқанын айтады. Капитолийге баратын жолда аурулар толып жүрген соң, олар тарих мұражайы арқылы кесіп өтпек болады. Онда “шықылдақ” Еллиді тістеп алады. Капитолийға жеткенде, үшеуі Жарқырауықтарды өлтіріп кеткенін біледі. Тесс Еллидің тістелген жері жазылғанын көріп, иммунитеті бар екеніне көзі жетеді. Жоел инфекция жұқтырған Жарқырауықтардың біріне атып, басқа ауруларға олардың тұрған жері белгілі болады. Тесс Жоелға Еллиді алып, Массачусеттстің Линколн қаласында тұратын достары Билл мен Френкке баруын сұрайды. Өзі сонда қалып, аурулар кіріп келгенде, ғимаратты аттырып жібереді.
3 "Ұзақ уақыт" Питер Хор Крейг Мейзин 2023 жыл

29 қаңтар

0,747
Жоел мен Елли Массачусеттсте тұратын Билл мен Френктің үйіне бет алады. Жолда Елли пандемия енді басталғанда, үкімет атып өлтірген жазықсыз адамдардың мәйіттерін көреді. Әрі қарай 2007 жылы Френктің Балтимордан қашып, Билл есімді паранойясы бар жанталасушының қоршап алған аумағына тап болғаны көрсетіледі. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Бірнеше жылдан кейін Френк радио арқылы Тесспен танысады. Қазіргі уақытта Френк дауасыз дертке шалдыққан. Ол Биллден соңғы күндерін ерекше өткізіп, үйленіп, сосын оның өзін-өзі өлтіруіне көмектесуін сұрайды. Сүйікті адамынсыз өмірін жалғастырғысы келмеген Билл өзін де өлтіреді. Жоел мен Елли келгенде, Биллдің Жоелге қалдырған хатын табады. Онда Билл Френкті кездестіргеннен кейін, өмірінің мәні пайда болғанын және өзінің бар керек-жарағын Жоел мен Тесске қалдыратынын жазады. Елли Жоелге айтпай, Френктің тапаншасын алады. Екеуі Биллдің көлігіне мініп, Томмиді іздеуге кетеді.
4 "Қолымнан ұсташы" Жереми Уебб Крейг Мейзин 2023 жыл

5 ақпан

0,991
Миссуриден келе жатқанда Жоел мен Еллидің Канзас Сити арқылы айналып өтуіне тура келеді. Онда оларды бандиттер тосқауылдап, күтіп тұрады. Жоел екі бандитті өлтіреді, бірақ үшіншісі одан күштірек болып шығып, Жоелді тұншықтырып өлтірейін деп жатқанда, Елли Френктің тапаншасымен оның аяғынан атады. Олардың жетекшісі Кетлин Жоел мен Еллидің Хенриге қатысы бар деп ойлап, оларды ұстауға бұйрық береді. Жоел Еллиге атуды үйретіп, тапаншасын қайтарып береді. Кетлиннің оң қолы Перри Хенридің тығылатын жерін таптым деп ойлайды, бірақ ғимараттың астында бірнәрсе өсіп жатыр. Кетлин Хенриді тапқанша, бұны ешкімге айтпауға бұйырады. Жоел мен Елли жоғарғы қабаттағы пәтерде қонып, таңертең қаладан шығар жолды жоспарламақ болады. Оянғандарында, Хенри мен Сем екеуіне қару кезеп тұрады.
5 "Шыда және жанталас" Жереми Уебб Крейг Мейзин 2023 жыл

12 ақпан

0,382
Хенри мен Сем Жоел мен Еллимен уақытша бітімге келеді. Жоел әркім өз жолымен кетсін дейді, ал Хенри өзі ғана білетін жерасты түнелі арқылы қаладан бірге қашып шығуды ұсынады. Жоел екі ойлы болса да, соңында келіседі. Хенри лейкемиямен ауыратын інісіне дәрі табу үшін, Кетлиннің ағасы Майклды Федраға ұстап беріп, онын өліміне себеп болғанын айтып, ашылады. Елли мен Сем тез достасып кетеді. Түнелден шығып келе жатқандарында, оларға жоғарғы қабаттан бір шал оқ жаудыра бастайды. Жоел тығылып кіріп, оны өлтіреді. Бірақ шалдың Кетлинмен радио арқылы сөйлескенін және олардың осында келе жатқанын біледі. Кетлин Хенриді өлтірмек болған сәтте, аурулардың бір тобы жер астынан атып шығады. Ішіндегі алып "батпаны" Перридің басын жұлып алады, ал "шықылдақ" бала Кетлинді талап тастайды. Сөйтіп, төртеуі қонақүйге қашып барғанда, Сем Еллиге аяғындағы тістің орнын көрсетеді. Ертесін ауру жұқтырған Сем Еллиге тап береді. Хенри алдымен інісін, кейін өзін де өлтіреді. Жоел мен Елли екеуін жерлеп, батысқа бет алады.
6 "Туған-туыс" Ясмила Жбанич Крейг Мейзин 2023 жыл

19 ақпан

0,841
Хенри мен Семнің қайтыс болғанына үш ай болды. Жоел мен Елли Уайомиңнің Жексон қаласында өздеріне жақсы жағдай жасап алған коммунаға жетеді. Жоел ағасымен қауышып, оның Марияға үйленіп, жақында балалы болатындарын біледі. Елли Мариядан Сара туралы естиді. Жоел Томмиге Еллидің иммунитеті бар екенін және өзінің психикалық жағдайы нашар екенін айтады. Өзі Еллиді қорғай алмаймын деп ойлағандықтан, Томмиден қызды жеткізуін өтінеді. Елли олардың сөйлесіп тұрғандарын естіп қойып, кейін сөз таластырады. Жоел екеуі екі бөлек кеткені дұрыс деп көндіреді. Бірақ Сараны есіне түсірген соң, ойын өзгертеді. Сөйтіп, екеуі атқа мініп, Колорадоға аттанады. Жарқырауықтардың ол жерден кетіп қалғанын көріп, Утадағы ауруханаға көшіп кеткен болуы керек деп ойлайды. Жоел мен Елли бір топ қарақшылардан қашып кетпек болғанда, біреуі Жоелға тап береді. Жоел оны өлтіреді, бірақ өзіне пышақ сұғып үлгергенін көреді. Жоел мен Елли қалғандарынан қашуға тырысады, бірақ Жоелдың жағдайы күрт нашарлап, аттан құлап түседі. Елли не істерін білмейді.
7 "Артта қалғаны" Лиза Жонсон Нил Дракман 2023 жыл

26  ақпан

1,083
Елли мен ауыр жараланған Жоел иесіз қалған бір үйді тауып, сол жерді паналайды. Өлім аузында жатқанын біліп, Жоел Еллиді өзін тастап кетуге көндіреді. Елли жан құрбысы Райлимен ФЕДРА әскери мектебінде бірге оқыған күндерін есіне түсіреді. Ол сыныптастарымен төбелесіп, басына бәле іздеп жүргенде, Райлидің мектептен қашып кеткеніне үш апта болады. Бір түні Райли мектеп жатақханасына тығылып кіріп, Еллиге Жарқырауықтарға қосылғанын айтады. Сосын Еллиді бұрынғы сауда орталығына ертіп барып, екеуі онда суретке түсіп, ойын автоматтарында ойнап, әткеншек теуіп, бірге уақыт өткізеді. Райли Жарқырауықтардың бұйрығы бойынша Атлантаға кететінін және бұл оның Бостондағы соңғы түні екенін айтады. Елли қапа болады, бірақ ақырында Райлиді қалуға көндіреді де, екеуі сүйіседі. Күтпеген жерден ауру шыға келіп, екеуіне тап береді. Елли оны өлтіргенімен, екеуін де тістеп үлгергенін байқайды. Көздері жасқа толып, екеуі аяғына дейін бірге қалып, инфекцияның саналарын толықтай билеп алғанын күтеді. Қазіргі уақытқа оралсақ, Елли ине мен жіп тауып, Жоелдің жарасын тігіп береді.
8 "Мұқтаж болғанымызда" Әли Аббаси Крейг Мейзин 2023 жыл

5 наурыз

1,039
Елли әлі толық жазыла қоймаған Жоелді тастап, аң аулауға шығады. Атып жаралаған бұғысын іздеп барғанда, уағыздаушы Девид пен оның жолдасы Жеймсті кездестіреді. Елли бұғыны пенициллинге айырбастайды. Девид Жоелға пышақ сұққан оның адамы екенін айтады. Елли Жоелді емдеуге кетеді. Келесі күні ол Девид пен оның адамдары Жоелден кектерін қайтару үшін, келе жатқандарын біліп қояды. Жоелді тауып алмасын деп, оларды басқа жаққа алып кетпек болады, бірақ өзі ұсталады. Шипажайда ол Девидтің өз топ мүшелеріне адам етін жегізіп жүргенін біліп қояды. Сол уақытта Жоел есін жиып, өзін тауып келген Девидтің адамдарын қинап, Еллидің қайда екенін айтқызады. Девид пен Жеймс Еллиді өлтірмек болады, бірақ Елли Жеймсті пышақтап, қашып кетеді. Девид оны ұстап алады, бірақ ақырында Елли оны да өлтіріп, қашып шығады. Жоел өртеніп жатқан сектаның ғимаратына келгенде, әбден қорқып қалған Еллиді көріп, оны жұбатады.  
9 "Жарыққа ұмтыл" Әли Аббаси Крейг Мейзин және Нил Дракман 2023 жыл

12 наурыз

1,040
Флешбекте Еллидің анасы Аннаны босанып жатқан кезінде, аурудың тістеп алғанын көрсетеді. Аннаның өтініші бойынша, Марлин оны өлтіріп, Еллиді өзімен алып кетеді. Қазіргі уақытта Жарқырауықтың сарбаздары Жоелді бір ұрып, есінен тандырады да, Еллиді ұстап әкетеді. Жоел ауруханада оянғанда, Марлин Еллидің отаға дайындалып жатқанын және бұл отадан тірі шықпайтынын айтады. Марлин Жоелді бұл жерден әкетуге бұйырады. Бірақ ол сарбаздардың көбін және бас оташыны өлтіреді. Жоел Еллиді тауып, ауруханадан шығады. Марлин оны тоқтатып, бетін қайтарғысы келеді. Бірақ Жоел оны атып өлтіреді. Елли өз-өзіне келгенде, Жоел Жарқырауықтардың бұл инфекцияға иммунитеті бар көп адамды тапқанын, алайда ешқандай дәрі ойлап таба алмағанын айтып, алдайды. Жексонға бара жатқанда, Елли аман қалғаны үшін өзін кінәлі сезінеді. Жоелден Жарқырауықтар туралы айтқандары рас деп сөз беруін сұрайды. Сөз жүзінде оған сенеді.

Өндіріс

Әзірлеу

Кастиң

Сценарий

Түсірілім

Музыка

Дизайн

Пост-продакшін

Релиз бен жарнама

Қабылдау

Сын-пікір

Рейтиң

Қаржылық ықпалы

Қызықты факт

Сериалда зомби сөзін ешкім қолданбайды, тек infected (жұқтырған) деген сөз бар. Өйткені бұл зомби туралы емес, адамдар туралы сериал.

3-бөлімде Биллдің кіреберісінде ілініп тұрған өлең жолдарын ирланд жазушысы һәм ұлтшылы Томас Озборн Девис (1814-45) жазған. The Welcome (Кездесу) деп аталады. Кадрдағы мәтін:

Come in the evening, or come in the morning;

Come when you’re look’d for, or come without warning.

Аудармасы:

Кел маған кешпен, кел таң сәріде,

Кел маған кенет, күтем әлі де.

Бұдан әрі And the linnets are singing, “True lovers don’t sever!” деген жолдар бар, яғни нағыз ғашықтар ешқашан ажырамас деп құстар ән шырқайды деген мағына.

Бұл өлең Билл мен Френктің махаббатын бейнелеп тұрса керек.

Tags:

Телехикая Біз Ғана Тірі Актерлер құрамыТелехикая Біз Ғана Тірі БөлімТелехикая Біз Ғана Тірі ӨндірісТелехикая Біз Ғана Тірі Релиз бен жарнамаТелехикая Біз Ғана Тірі ҚабылдауТелехикая Біз Ғана Тірі Қызықты фактТелехикая Біз Ғана Тірі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жұлдызды аспанЗәр шығару жүйесіЖәңгір-Керей ханМал шаруашылығыТеңеуӨсімдіктер эволюциясыЭквадорРеферендумСөз таптарыАбиотикалық факторларКүй аңызы (әңгіме)Сәкен СейфуллинАққан жұлдыз (роман)КөбеюҚазақстанның мемлекеттік құрылымыСаңырауқұлақтарБатыс ҚазақстанШоқан Шыңғысұлы УәлихановДемократияҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріНесіпбек Тұрысбекұлы АйтДамушы елдерЭкологиялық проблемаҒарыштануКүрішАналық жыныс безіХақназар ханАқпан төңкерісіНанотехнологияБотай мәдениетіИнновацияЖыныссыз көбеюЭлектр тогыҚарағанды облысыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануПроцессорТүрксібӘлкей Хақанұлы МарғұланҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыӨмірзая (роман)Дін философиясыКөнерген сөздерЖелтоқсан көтерілісіАутизмЕсім ханның ескі жолыҚазақстандағы су тасқыны (2024)Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақтың атақты әнші-күйшілеріШұғаның белгісіЖалпы ішкі өнімҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерЖайықОвуляцияҚазақстан мәдениетіСаяси мәдениетМишықPythonБиосфераКемпірқосақПиелонефритБаскетболНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевСолтүстік Қазақстан облысыАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыАИВ/ЖИТСПопуляцияТеміртауЖылқыАлаш автономиясыМәдениетАқсу-Жабағылы қорығыМетафораЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміТұрар РысқұловНАТОМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы🡆 More