Бегемот

Бегемот немесе гиппопотам немесе сусиыр (лат.

Денесінің ұзындығы —4,5 м, салмағы — 2000—3000 кг, бойы — 1,5 м келеді. Терісі—қалың, түгі тықыр болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Қорегі — тек су өсімдігі. Топтанып жүреді.

Бегемот
Бегемот
Бегемот
Амандық күйі
Бегемот
Vulnerable (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Hippopotamidae
Тегі: Hippopotamus
Линней, 1758
Түрі: H. amphibius
Екі-есімді атауы
Hippopotamus amphibius
Линней, 1758
Ареал
Ареал

Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның ересегінің дене тұрқы 4 – 4,5 м-дей, құйрығының ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы 250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді. Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді. Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқa» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады.

Бегемот

Өмір сүру ортасы

Сусиырлар жайылымдар жанындағы өзендерді, көлдерді және батпақтарды мекендейді. Сусиырлар үшін ең ыңғайлы өмір сүру ортасы суға жартылай батып тұруға болатын құмды жағалауы бар тұрақты сулардың ашық алқаптары болып табылады. Әдетте олар өздерінің денелерін батыруға жетерліктей таяз суларды ұнатады.

Өмір кезеңдері

Ұрғашы сусиыр әрбір екі жыл сайын бір ғана кіші сусиырды дүниеге әкеледі. Сусиырлардың баланы көтеру мерзімі сегіз ай. Сусиырлар баласын суда дүниеге әкеледі, баласы туыла салып жүзе алатын болады. Олар аналарының сүтімен суда жүріп-ақ қоректене бастайды. Олар туылғаннан соң алты-сегіз айға дейін аналарының сүтімен, одан соң шөппен қоректенеді. Жас сусиырларға қолтырауындар, арыстандар және гиеналар жиі шабуыл жасайды.

Сусиырлардың қорегі

Сусиырлар – шөпқоректі жануарлар. Олардың ең бірінші азығы – шөп. Олар күн сайын түнде өздеріне белгілі жолдармен жайылымдарға азық іздеп шығады. Әрбір түн сайын шамамен 40 кг азық жейді. Олар шөпті жұлып, өсімдіктерді жұту үшін өздерінің қатты жалпақ еріндерін пайдаланады. Кей кездері олар белгілі бір аймақтағы барлық шөпті жеп тауысқанда бірнеше сағат ішінде келесі алқапқа көшіп шығады.

Сусиырлардың терісі

Сусиырлардың суға жақындықтарының басты себептерінің бірі – олардың терісі ерекше. Олардың терісі судан шыққан кезде жылдам құрғап кетеді. Сондықтан да олар суға жиі малтиды. Сусиырлардың терлететін бездері жоқ. Оның орнына олардың көптеген тері бездері болады, бұл бездер жабысқақ қызыл зат бөліп, денелері қызғылтым және терлеп тұрғандай көрінеді. Бұл бөлінген зат сусиырдың денесін Күннің ыстығынан қорғап, денесінде ылғалды сақтайды.

Әдебиеттер

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев


Tags:

Бегемот Өмір сүру ортасыБегемот Өмір кезеңдеріБегемот Сусиырлардың қорегіБегемот Сусиырлардың терісіБегемот ӘдебиеттерБегемотЖануарЖұптұяқтыларЛатын тіліСу

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КанадаҚой шаруашылығыКаспий теңізіСпартак көтерілісіБала құқығыЕтеккірӨңдеуші өнеркәсіпЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыКарбон қышқылдарыАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесҰрықТәуелдік жалғауШыңғыс ханТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріБуддизмКүй аңызы (әңгіме)Күн (жұлдыз)Қазақстанның географиялық орны мен шекараларыБразилияКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыНанотехнологияТыныс белгілеріЖасушаның бөлінуіБір жасушалыларМәлік ҒабдуллинСызықшаСенсорлық жүйеНұркен ӘбдіровАналық жыныс жасушасыҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіАлтын Орданың хандарының тізіміҚазақстан халқы ассамблеясыХимиялық элементтер тізіміЕртісҚола дәуіріГалактикаЖұмбақтасҚазақтың ұлттық ою-өрнегіТөтенше жағдайДауыссыз дыбыстарБәйтерек (монумент)СөйлемТопырақҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыҚадыр Мырза ӘліМұнай өнеркәсібіҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеМинералҚазақстан өзендеріМұхаммедТұмар ханшаБұқаралық ақпарат құралдарыКерей ханҚазақстанның Мәдени мұра жобасыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновБензолМахамбет ӨтемісұлыЖанрАлтын Орда тарихыАқбілек (роман)ПартеногенезҚазақстандағы минералды ресурстарҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыҚожа Ахмет ЯсауиИтҚызыл кітапМемлекет астаналары тізіміҚазақстанның мұнай өнеркәсібіБатыс Қазақстан облысыСарқылмайтын ресурстарДамыған елдерҚазақстанның киелі жерлерінің географиясыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыПысықтауышПлагиатӘлеуметтік инфрақұрылымЭстрогенҚозғалыс (зат)Ұрықжолдастылар🡆 More