Атлантида

Атлантида — ежелгі грек аңызы бойынша Атлант мұхитында болған құрлық немесе арал.

Алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде Геркулес бағанасының (қазіргі Гибралтар бұғазы) артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісін тудыратын құдай Посейдонның иелігіне берілген. Ондағы тұрғын халық – атланттар Посейдонның жұбайы Клериодан туғандар деп есептелген. Табиғаты бай, жері шұрайлы құрлықтың мәуелі бай сыйын жергілікті тұрғындар пайдаланып отырған. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Шұратты да құнарлы жерлерін әр түрлі жан-жануарлар жайбарақат мекендеген. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз саяхатшылары болған. Осылай жылдардан жыл, ғасырлардан ғасырлар жайбарақат өте берген. Күндердің күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл әлемге жүргізбек болған. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бар ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 жылы болған. Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Нәтижесінде жер туралы ғылымды одан әрі дамытуға үлкен ықпал етті. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай жерде орналасқаны жайлы жаңа болжамдар жасалуда.

Атлантида
Атлантида
Посейдон

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Atlantis


Tags:

Атлант мұхитыПосейдонШабандоз

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріТабиғатты қорғауҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларБағыныңқы сөйлемҚытай қорғаныШыңғыс ханХромосомаларАбай ҚұнанбайұлыИнтеграцияСалт-дәстүрАдам даму индексіГаплоидТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстан теңгесіТозаңдануРембрандтМәдениетҚазақстан тарихыАқан серіШығай ханЭкологиялық пирамида ережесіЖәңгір-Керей ханГлюкозаИнновацияАксонБұқаралық ақпарат құралдарыИнфрақұрылымҚазақтың 500 ән-күйіЖетіқарақшыСегізаяқ (өлең)Үйсін мемлекетіҒұндар мемлекетіСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемТұқым қуалайтын өзгергіштікГүлді өсімдіктерҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАвангардизмЖақсыз сөйлемТуризмШанхай Ынтымақтастық ҰйымыГерманияКөлікАбайдың қара сөздеріАлғашқы қайта өрлеу дәуіріЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерЭкстремизмЭкологиялық апатҰлықбекХан ШатырҚазақстанның тұңғыш мектептеріКеңес Одағының БатырыШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚояндарФерромагнетиктерТұтынушы құқығыАсан қайғы СәбитұлыПневмонияАналық жыныс жасушасыШиеҒабиден МұстафинТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріМемлекет астаналары тізіміАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіЖалаң сөйлемЖылқы малының атауларыӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Электромагниттік толқындарКөшбасшылықЭкологиялық проблемаИосиф Виссарионович СталинЗәр шығару жүйесіЭкономикалық қатынасАзотҚан топтарыКарбон қышқылдарыАшық тұқымдыларЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)🡆 More