Аборт

Аборт (лат.

Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ.

Экономикалық әсері

Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда Швейцария 333 миллион франк экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну деңгейінің азаюы саналады.

Аборттың түрлері

Аборт әдістері хирургиялық немесе аспаптық және медициналық болып бөлінеді. Хирургиялық әдістер ұрықты арнайы құралдармен алып тастауды қамтиды, бірақ міндетті түрде хирургиялық араласуды қажет етпейді. Медициналық немесе фармацевтикалық аборт - бұл дәрі-дәрмектердің көмегімен өздігінен түсік түсіруді туындату.

Аборттың асқынуынан болатын өлім

ДДҰ мәліметтері бойынша, әйелдер қауіпсіз түсік жасатуға мүмкіндігі бар елдерде қазіргі заманғы әдістерді қолданып жасанды түсік жасатудан өлу ықтималдығы 100000 аборттың 1-ден аспайды. Салыстыру үшін қарастырсақ, әйелдердің қауіпсіз түсік жасатуға қол жетімділігін қамтамасыз етпейтін елдерде ерте түсік жасатудың асқынуынан өлу ықтималдығы 1000 аборттың 0,9-3,5 құрайды. Жыл сайын әлемде жүктілікке байланысты себептерден қайтыс болатын 500 мың жүкті әйелдер жағдайлардың 15% қауіпті аборттың асқынуы салдарынан болатын өлім, осы өлімдердің 98% дамушы елдерге тиесілі.

Дереккөздер

Tags:

Аборт Экономикалық әсеріАборт тың түрлеріАборт тың асқынуынан болатын өлімАборт ДереккөздерАбортЛатын тіліТүсікҚұрсақҰрық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚазақтарМемлекет астаналары тізіміҚұрманғазы СағырбайұлыҚышқылШәкәрім ҚұдайбердіұлыЗәр шығару жүйесіЖеті жарғыҚант диабетіТәуелсіз Қазақстан тарихыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріСөз тіркесіЕртісҚазақстан экономикасының тарихыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыАмерика Құрама ШтаттарыЭпитетБақбақҚасқырӨнеркәсіпҮстеуСоқырішекҚорғалжын қорығыАуыл шаруашылығыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіКүн жүйесі1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісТұрсын ханТөл сөзАдам ағзасындағы химиялық элементтерҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстан халқының бірлігі күніОңтүстік АмерикаХалықаралық валюта қорыАлгоритмБаскетболДүниежүзілік сауда ұйымыОрганикалық затҚой шаруашылығыКанадаЭндокриндік жүйеМұхаметжан ТынышбайұлыХолециститТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновӘсет НайманбайұлыТүркістан автономиясыБіріккен Ұлттар ҰйымыЭкологияКарбон қышқылдарыҚұндылықКөзӘлемнің жеті кереметіАмерикадағы азамат соғысыҚызыл кітапҚожа Ахмет ЯсауиЕтеккірҚоршаған ортаның ластануыПродуценттерСолтүстік АмерикаЭтносБайқоңыр (ғарыш айлағы)БалықтарСалқам Жәңгір ханСаяси мәдениетАлкандарАсқорыту мүшелеріҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыМенің атым Қожа (фильм)АрқарҚазақстандағы түсті металдарЭкологиялық апатӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТабиғи газЕжелгі Рим мәдениетіШарын шатқалыМөде қағанТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануСалт-дәстүрҚазақстан туы🡆 More