Аив

Адамның иммунтапшылық вирусы — ретровирустар тұқымдасына жататын лентивирустардың адамға жұғып, АИВ инфекциясын тудыратын вирус түрі.

Адамның иммунтапшылық вирусы
Қолдан өсірілген лимфоциттен бөлініп алынған АИВ-1 (жасыл түсті) скандаушы электрон микросуреті. Вирондардың жасақталу және бүршіктену аймағы жасуша беткейіндегі бірнеше төмпешік түрінде көрінеді.
Қолдан өсірілген лимфоциттен бөлініп алынған АИВ-1 (жасыл түсті) скандаушы электрон микросуреті. Вирондардың жасақталу және бүршіктену аймағы жасуша беткейіндегі бірнеше төмпешік түрінде көрінеді.
Ғылыми топтастырылуы
Патшалық

Вирустар

Тип

Artverviricota

Класс

Revtraviricetes

Қатар

Ortervirales

Тұқымдас

Ретровирустар

Туыс

Лентивирустар

Халықаралық ғылыми атауы

Primate lentivirus group

Түрлері
  • Адамның иммунтапшылық вирусы 1 (АИВ-1)
  • Адамның иммунтапшылық вирусы 2 (АИВ-2)
Балтимур бойынша тобы

VI: Аралық ДНК түрінде реплкацияланатын, біржіпшелі (+)РНҚ бар вирустар

Аив
Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
NCBI  12721

Вирус беткейінде CD4 рецепторлары болатын иммунды жүйе жасушаларын зақымдайды: Т-хелпер, моноциттер, макрофагтар, Лангерханс, дендрит және микроглия жасушалары. Осылайша иммунды жүйе қызметі әлсіреп, адамда жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) дамиды. Бұл кезде организм инфекция мен ісіктен қорғану қабілетінен айырылып, иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда бола бермейтін екіншілік оппортунис инфекцияларға шалдығады. Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адам организмге түскен вирус түріне қарай шамамен 9 жылдан 11 жылға дейін өмір сүреді. АИВ көбіне қан, былазық (преэякулят), шәует және қынып шырышы арқылы беріле алатын жыныс қатынасынан жұғатын ауру. Зерттеулерге сәйке АИВ–оң адамда ем нәтижесінде вирус титрі анықталмайтындай болса, мүшеқапсыз секс арқылы серіктесіне вирус жұқтырмайды (гомосексуал және гетеросексуал жұптарда бірдей). Бұдан бөлек вирус анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде жұға алады. Аталған дене сұйықтарында вирус жеке вирион түрінде де, вирус жұққан иммунитет жасушаларында да кездесе алады.

Вирусология

Жіктелуі

АИВ Retroviridae тұқымдасының Lentivirus туысына жатады. Бұл вирустар қоздырған инфекция өте баяу дамып, инкубация кезеңі ұзаққа созылады. Вирустың бұл қасиеті атауында орын тепкен: Lentivirus атауы латын тіліндегі lente – баяу сөзінен шыққан.

Адамның иммунтапшылық вирусының геномына аса жоғары өзгергіштік тән. Репликацияның бір айналымында әр геномда қатенің орын алу жиілігі – 10−3 — 10−4. АИВ геномының мөлшері шамамен 104 нуклеотид. Бұл дегеніміз әрбір жаңа түзілген геномның ең болмаса бір нуклеотиді ізашар геномнан өзгеше болады. Ғылымда АИВтің екі түрі белгілі – АИВ-1 және АИВ-2. Бұлар бірі шимпанзеде, ал екіншісі ысты мангабейде болатын маймылдың иммунтапшылық вирусының адамға берілуінен пайда болуы мүмкін деген болжам бар.

АИВ түрлерін салыстыру
Түрі Вируленттік Қоздырғыштық Таралуы Болжамды шығу тегі
HIV-1 Жоғары Жоғары Әлем Шимпанзе
HIV-2 Төменірек Төмен Батыс Африка Ысты мангабей

АИВ-1 де, АИВ-2 де ауыр иммунтапшылық тудыра алады, алайда әрқайсының клиникалық ағымы өзгеше. АИВ-1 түріне қарағанда АИВ-2 вируленттігі мен жұқпалылығы төмен екені белгілі. Ғалымдар бұның себебі АИВ-2 инфекциясы кезіндегі вирус титрінің төмен болуында деп болжайды. АИВ-2 аздап АИВ-1 инфекциясын жұқтырудың алдын ала алады. Алайда екі вирустың да қатар жұққаны кездескен (кез келген реттілікте), ол жағдайды суперинфекция деп атайды. АИВ-2 инфекциясын жұқтырғандар ЖИТСке салыстырмалы түрде сирек шалдығады. Сондай-ақ АИВ-1/ЖИТСі бар адамдар Капоши саркомасына, ауыз қуысы кандидозына және созылмалы қызбаға жиірек шалдығатыны анықталған. АИВ-2/ЖИТСте көбіне энцефалит, созылмалы не бактерия тудырған диарея, ауыр цитомегаловирусты инфекциялар мен холангит дамиды. Бұдан бөлек Lentivirus туысына маймыл, мысық, жылқы, қой және тағы да басқа жануарларда АИВ/ЖИТСке ұқсас ауру тудыратын вирус түрлері жатады.

Вирион құрылысы

Аив 
АИВ вирионының құрылысы

АИВ вирионы – диаметрі 100—120 нанометр болатын сфера пішінді құрылым; қанның қызыл жасушаларынан 60 есе кіші. Жетілген вирион құрамында оң мәнді, бір жіпшелі РНҚ молекуласының екі көшірмесі болады. Оларды р24 нәруызының 2000 молекуласынан құралған, пішіні қиық конусқа ұқсайтын капсид қоршайды. Бір жіпшелі РНҚ молекуласы p7 нуклеокапсиді мен вирионның көбюіне қатысатын кері транскриптаза, протеаза, рибинуклеаза және интеграза сияқты ферменттермен берік байланысады. Бұдан бөлек капсидпен Nef, Vif (әр виронда 7—20 Vif молекуласы болады) және Vpr ( капсид сыртында да болуы мүмкін) нәруыздары да ассоциацияланған. Сондай-ақ вирион жасақталуына қатысатын пептидилпролилизомераза А ферменті де (циклофилин А) вирион капсидімен байланысады.

Капсидті p17 матрикс нәруызының 2000-ға жуық молекуласынан құралған қабықша қоршап, вирионның бүтін қалуын қамтамасыз етеді. Матрикс қабықшасын екі қабат липидті мембаранадан құралған вирустың сыртқы қабықшасы қоршайды. Ол вирус өзі түзіліп шыққан жасушадан бүршіктенген кезде қармап алған фосфолипид молекулаларынан құралады. Липидті мембранаға жетпіс екі Env гликопротеин кешені ене орналасқан, олардың әрқайсы кешен «тұғыры» саналатын үш gp41 (TM) трансмембраналық гликопротеин және үш gp120 (SU) беткей гликопротеин молекуласынан құралған. gp120 нәруызының көмегімен вирус адам Т-лимфоцитінің беткейіндегі CD4 рецепторына және корецепторға байланысады. Вириондағы p24 пен gp120 нәруыздарының стехиометриялық қатынасы 60–100:1 Вирустың сыртқы қабықшасы түзілгенде адам лейкоциті антигенінің (HLA) I және II классы мен адгезия молекулалары секілді жасушаның кейбір мембрана жасушалары да қармалады. Вирион нәруыздары қарқынды зерттелуде, себебі жасалып жатқан дәрілер мен вакцина дәл осы белоктарға әсер етеді.

АИВ-1 нәруыздарының қызметі

Қысқа атауы Толық Қызметі
gp41 (TM, transmembrane) Массасы 41 кДа болатын трансмембраналық гликопротеин Липидті мембрананың сыртқы қабатында орналасады, gp120 нәруызының молекуласын ұстап тұратын «тұғыр» қызметін атқарады.
gp120 (SU, surface) Массасы 120 кДа болатын гликопротеин Вирион сыртындағы нәруыз. gp41 трансмембраналық нәруызымен ковалентсіз байланысқан. Бір gp41 молекуласына 3–5 gp120 молекуласы байланысады. CD4 рецепторын байланыстыра алады. Вирустың қожайын жасушасына енуінде маңызды рөл атқарады.
p24 (CA, capsid) Массасы 24 кДа болатын нәруыз Вирус капсидін құрайды.
p17 (MA, matrix) Массасы 17 кДа болатын матрикс нәруызы Вирустың сыртқы қабықшасы мен капсид арасында орналасқан, қалыңдығы 5—7 нм болатын матрикс қабықшасын құрайды.
p7 (NC, nucleocapsid) Массасы 7 кДа болатын нуклеокапсид нәруызы Вирус капсидінің құрамына кіреді. Вирус РНҚсымен кешен түзеді.

Геном құрылысы

Аив 
АИВ-1 РНҚ геномының құрылысы

АИВ геномы оң мәнді (+)РНҚ молекуласының екі көшірмесі. АИВ-1 геномының ұзындығы 9000 нуклеотидтен құралған. Геномның әр ұшында ұзын терминал қайталанымдар (ағылш. Long terminal repeats, LRTs) боларды, оларды вирус нәруыздары да, инфекция жұққан жасуша нәруыздары да белсендіре алады.

АИВ-1-дің 9 гені кем дегенде 15 нәруыз кодтайды. pol гені кері транскриптаза (RT), интеграза (IN) және протеаза (PR) ферменттерін кодтайды. gag гені Gag/p55 полипротеинін кодтайды, ол вирусты протеаза әсерінен p6, p7, p17, p24 құрылымдық нәруыздарына ыдырайды. env гені gp160 нәруызын кодтайды, ол жасушада болатын фурин эндопротеазасының әсерінен gp41 мен gp120 нәруыздарына ыдырайды. Басқа да tat, rev, nef, vif, vpr, vpu (АИВ-2-де vpx) гендері АИВтің жасушаға жұғуын және өз көшірмесін жасауға қатысатын нәруыздарды кодтайды.

Тіршілік айналымы

Нысана жасушаға енбес бұрын

АИВ вирионы организмге түскеннен кейінгі тағдыры биологиялық сұйықтықтың түріне қарай әртүрлі болады. Сілекей мен асқазан сөлінде вириондарды бұза алатын ферменттер болады, алайда бір айға толмаған балаларда аталмыш ферменттер белсенбегендіктен, олар ана сүтінен вирус жұқтыруы мүмкін. АИВ вирионы қан мен лимфаға өтіп, бүкіл организмге тарайды. Беткейінде CD4 рецепторы бар жасушамен кездесіп қалса, АИВ вирионы аталған рецептормен байланысып алады.

Денедегі таралуы

Тарихы

Ашылуы

Шығу тегі

Дереккөздер

Tags:

Аив ВирусологияАив ТарихыАив ДереккөздерАивАИВ/ЖИТСЛентивирустарРетровирустар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дамушы елдерАвтокөлік шығаратын елдер тізіміСырым ДатұлыХалықаралық еңбек бөлінісіБейбітшілік және келісім сарайыҚарахан кесенесіҚазақ руларыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеАйша бибі кесенесіТұздар (химия)ДивизияИнтернетАлғашқы көмекБәйтерек (монумент)Қасым ханАлкендерКварцБәдікҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыБарбаросса жоспарыЖеті жарғыАлтын Орданың хандарының тізіміВегетативтік көбеюБұқаралық ақпарат құралдарыСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақ мәдениетіШаңырақДемографияАрқарАқуызКаспий теңізіБәйтерек (мифология)ЕгемендікҚазақстанның Қызыл кітабыОсип Андреевич ИгельстромҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЭкологияДәрілік өсімдіктерСемей полигоныӨзбекстанЖүйке жасушаларыМамыргүл16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріҚазақтың ұлттық тағамдарыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚазақ хандығының құрылуыЕуразияАтмосфераОксидтерЖұлынЕскерткішМағжан Бекенұлы ЖұмабаевБастауышАлаш автономиясыНарықтық экономикаМіржақып ДулатұлыТұрақты сөз тіркесіИсламдағы жыныстық өмір әдебіЖусан иісі (повесть)СаңырауқұлақтарИталияБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевСептік жалғауАлмаПублицистикалық стильАрыстанКөзімнің қарасы...Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіӨркениетТехнологияҚазақстан мемлекеттік рәміздеріҚазақ ұлттық киімдеріМахаббат, қызық мол жылдарТемірқазықАғзалар арасындағы байланыс түрлеріСалт-дәстүрҰрықжолдастыларЕуразиялық Экономикалық Одақ🡆 More