Музыка Опера

Опера (итал.

ореrа - дәлме-дәл шығарма, лат. ореrа - еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер жанры.

Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Музыкалық театрдың негізгі халықтық ойын-сауыққа саяды. Ежелгі гректердің дионисийлік ойындары мен грек трагедияларының өзінде-ақ музыка үлкен рөл атқарды. Опера жеке жанр болып 16-17 ғасырлар аралығында қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген еуропалық ұлттық мәдениетте музыкалық-драмалық спектакльдердің жаңа түрі туа бастады. Бұл әсіресе Италияда кеңінен өріс алды. Опера жанрының Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К. Монтеверди, А. Скарлатти, Дж. Б.Перголези, Дж. Россини, Дж. Верди, Дж. Пуччини (Италия); Г.Ф. Гендель (Англия); Ж.Б. Люлли, Ж.Ф. Рамо, Ш. Гуно, Ж. Бизе (Франция); К.В. Глюк (Аустрия, Франция); В.А. Моцарт (Аустрия); Л. Бетховен, К.М. Вебер, Р. Вагнер (Германия); Ф. Эркель (Венгрия); С. Монюшко (Польша); Б. Сметана, А. Дворжак (Чехия), т.б.

Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И. Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанині" (1836) мен "Руслан мен Людмиласы" (1842) реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский ("Русалка", 1855) жазды. "Құдіретті топ" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады: М.П. Мусоргскийдің муз. драмалары ("Борис Годунов", 1869, "Хованщина", соңғысын 1883 жылы Н.А. Римский-Корсаков аяқтаған), А.П. Бородиннің "Князь Игорі", (1888 жылы Римский-Корсаков пен А.К. Глазунов аяқтаған), Римский-Корсаковтың "Садкосы" (1881) т.б. Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады. Оның опералары ("Евгений Онегин" 1878, "Қарғаның мәткесі", 1890) нәзік психологиялық әсер-қуатымен, адамның жан дүниесін терең сезінуімен ерекшеленеді. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар: А.Г. Рубинштейн, ("Демон", 1871), С.В. Рахманинов ("Алеко", 1892), А.Н. Серов, т.б. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда әртүрлі музыкалық ағымдар опералық өнерде де бой көрсетті. Мысалы, импрессионизм К. Дебюссиді, экспрессионизм Р. Штраустың, А. Шенбергтің,, т.б. композиторлардың шығармаларында белең алды. 20 ғасырда КСРО елдерінде де Украинада - Г.И. Майборода; Әзірбайжанда - Ү.А. Ғаджыбеков; Грузияда - З.П. Палиашвили т.б.) опера өнері өркен жайды. Тарихи және замануи сюжетке опера жазған композиторлар И.И. Дзержинский, Н.Г. Жиганов, Д.Б. Кабалевский, Э. Капп, Ю.С. Мейтус, С.С. Прокофьев, А. Жұбанов, Е.Г. Брусиловский, М. Төлебаев, т.б. Қазақстанда опера жанры 20 ғасырдың 30 жылдары туды. Алғашқы опералық шығармалар музыкалық пьеса және драма түрінде болды. Олар түгелдей қазақтың халық музыкасына, оның ән-күй байлығына негізделіп жазылды. 1934 жылы Е.Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы "Қыз Жібекті", одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамиди "Абай" (1944), М. Төлебаев "Біржан - Сара" (1946), Қ. Қожамияров "Назугум" (1956), С. Мұхамеджанов "Айсұлу" (1964), Е. Рахмадиев "Қамар сұлу" (1963) және Ғ. Жұбанова "Еңлік-Кебекті" (1975) жазып, ұлттық операны кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ операсы жаңа сатыға көтерілді. Е.Рахмадиевтің "Абылай хан" операсы (2004) елеулі оқиғаға айналды. 2000 жылы Астана қаласында Опера және балет театры ашылды. 2013 жылы Астана қаласында жаңа "Астана-опера" ұлттық опера және балет театры ашылды.

Дереккөздер

Tags:

Италиян тіліЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның мұнай өнеркәсібіІлияс ЕсенберлинФутболҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖұмыссыздықҚарлығаштарТемпераментБақбақНегіздерҚозы Көрпеш – Баян СұлуАқан серіҚазақстан аудандарыАқындар айтысыАстрономияҚант диабетіӘл-Фатиха сүресіАустралияКүнбағысЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуЭкологияҚазақ театрыСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемЕліктеу сөзФранцияҚазақстандағы көмір кеніНейрулаТыныс белгілеріҒұндар мемлекетіАлюминийЕсім хан саясатыҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыКөші-қонКүнделік.кзКерей ханПопуляцияТәуелсіз Қазақстан тарихыКонтрацепцияЖылқы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыЗар Заман ақындарыТұқым қуалайтын өзгергіштікТұқым қуалайтын ауруларНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевТұрар РысқұловБұлшықет талшығыСалқам Жәңгір ханӘуе көлігіҚазақстан қорықтарының тізіміЛоренц күшіҚабанбай батырАмерикадағы азамат соғысыЖұптұяқтыларСпартак көтерілісіЖай механизмСпирттерСақтарМедеуКөркем әдебиет стиліМутация1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықОвуляцияДүниежүзілік сауда ұйымыМүктәрізділерЖеңіл атлетикаЖарықСәкен СейфуллинМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыСақтардың бейнелеу өнеріӘбу Насыр Әл-ФарабиАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыАзаматтық құқықҚытайМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміТранспортирКүйСүтқоректілерҚазақ газеті🡆 More