Кавказ: Еуразияның бір өлкесі

Кавказ (Қап тау) — батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен, шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке.

Солтүстігінде Кума-Маныч ойпатымен шектеледі. Оңтүстігінде шекара айқын емес – Алдыңғы Азия таулы қыраттарына ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мемлекеттері жерінде орналасқан. Негізгі бөлігі – Үлкен Кавказ тау жүйесі (Эльбрус тауы, 5642 м). Оның Солтүстік етегінен Кума-Маныч ойпаңына дейінгі жер Кавказ алды деп аталады. Оңтүстік Колхида ойпаты мен Кура ойпаты Үлкен Кавказды Кавказ сырты таулы қыратынан бөледі. Таулы қыраттың Солтүстік және Солтүстік-шығыс шеткі тізбектері Кіші Кавказ тау жүйесін құрайды, Оңтүстік ішкі бөлігі Армян (Джавахет-Армян) жанартаулы қыратына жатады (Арагац тауы, 4090 м). Кавказ – альпілік қатпарлану кезеңінде көтерілген тау. Климаты қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекарасындағы орнымен тығыз байланысты. Кавказдың батыс бөлігінде – қоңыржай континенттік, далалық шығысында – құрғақ, континенттік, Колхида мен Ленкорань ойпаттарында – ылғалды субтропиктік, Кура – Аракс ойпатында – құрғақ субтропиктік, биік тау бастарында – биік таулық салқын белдеулер қалыптасқан. Үлкен Кавказдағы мұздықтардың жалпы ауданы 1428 км². Өзендері Каспий т. (Кура, Сулак, Терек, Кума), Қара теңіз (Риони, Ингури) және Азов т. (Кубань) алаптарына жатады. Ең ірі көлі – Севан. Үлкен Кавказ бен Кіші Кавказдың беткейлерін орман алып жатыр (емен, шәмшат, граб, шырша, майқарағай). Одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар, Джавахет – Армян таулы қыратында тау даласы қалыптасқан. Колхида мен Ленкорань ойпаттарына ылғалды субтропиктік орман тән. Кавказ мұнай, газ, қара және түсті металл кендеріне, минералдық су көздеріне бай. “Севан” ұлттық саябағы және бірнеше қорықтар бар. Кавказдың курорттық маңызы зор және альпинизм мен туризм дамыған аймақ.

Кавказ: Жағрапиялық орны мен құрамы, Саяси картасының қалыптасу кезеңдері, Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Жағрапиялық орны мен құрамы

Кавказ: Жағрапиялық орны мен құрамы, Саяси картасының қалыптасу кезеңдері, Табиғат жағдайлары мен ресурстары 
Физикалық карта

Кавказ — Қара және Каспий теңіздері аралығында орналасқан Еуразиядағы тарихи-жағрапиялық өңір. Мұнда ТМД құрамына өнетін екі ел орналасқан.

Үлкен Кавказдың биік жоталары арқылы Ресей Федерациясымен шекара өтеді. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралық теңіз жолдарына жақындығы себепті Кавказдың жағрапиялық орны барлық уақытта да қолайлы болатын.

Аймақтың геосаяси жағдайының сипаты да, ең алдымен, жағрапиялық орнымен анықталады. Кавказ арқылы шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғастыратын аса маңызды көлік жолдары өтеді. Сол себепті бұл аймақты "Еуразияның басты жол қиылысы" деп те атайды. Мұнда Ресей мен Орта Азия елдерінің, Иран мен Түркияның экономикалық және саяси мүдделері тоғысады. Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалаулары бойымен маңызды көлік дәліздері етеді. Алайда бұл қолайлы мүмкіндіктерді толық пайдалануға белгілі дәрежеде аймақтағы саяси және экономикалық тұрақсыздық кедергі келтіруде. Сол себепті Каспий теңізі мұнайын Иранға, Еуропаға тасымалдау жобалары жүзеге аспай отыр.

Саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Кавказ: Жағрапиялық орны мен құрамы, Саяси картасының қалыптасу кезеңдері, Табиғат жағдайлары мен ресурстары 

Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жыл бұрын мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы дамып, металдан бұйымдар жасау өркендей бастады. Бағзы замандардан бері өркениет ошағы болған бұл аумақта ежелгі дүниенің қуатты мемлекеттері (Урарту, Иберия, Колхида жәну т.б.) пайда болып, дамудың шарықтау шегіне жетті.

Табиғат ресурстарына бай және географиялық жағдайы қолайлы аймақты жаулап алып, бағындыруға тырысқандар аз болған жоқ. Рим империясы мен Араб халифаты, Иран мен Түркия ұзақ уақыт бойы Кавказды ықпал аймағына бөлісумен болды. Ұзақ жылдарға созылған соғыстар мен халықтардың көші-қоны, ұлттар мен ұлыстардың араласуы жүрді. Сол себепті шағын аумақты қамтып жаткан Кавказ жерінде халықтың ұлттық құрамы аса күрделі. Кавказда мемлекеттің ерте кезден қалыптасып, қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейде дамуы қайталанбас ұлттық мәдениет негіздерінің сақталып қалуына себепші болды. Кавказ халықтарының тағдырында солтүстіктегі қуатты көршісі Ресеймен қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарды.

Тау халықтары ұзаққа созылған (1816—1864 жылдары) Кавказ соғысы барысында Ресей әскеріне жан аямай қарсылық көрсеткенімен, ұлы көрші дегеніне жетті. Жалпы алғанда, Кавказ елдерінің Ресейге қосылуы XIX ғасырдың соңына қарай аяқталды.

XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей экономикасымен біртұтас жүйеде дами бастаған Кавказ елдерінде экономикалық, мәдени өрлеу басталды. Қалалар мен енеркәсіп орталықтары ұлғайып, көлік қатынасы жақсарды.

Қазан революциясынан соң Ресей империясының ыдырауы, Кеңес үкіметінің орнауы нәтижесінде алғашқы жылдары жеке ұлттық мемлекеттер қалыптасып дамыды. 1922 жылы Әзірбайжан, Грузия және Армения Кавказ сырты Кеңестік Социалистік Федерациялық Республикасының құрамына енді. Бұл федерациялық құрылым 1936 жылы ыдырап, әр республика КСРО құрамына жеке мемлекет ретінде енді. КСРО кұрамында бірге болған жылдарында Одаққа енген басқа республикалармен тағдырлас Кавказ елдері 1991 жылы дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қаншама ғасыр бойы жүздеген ұлттардың бесігі болған Кавказ жерін тәуелсіздік таңы атқанда терең экономикалық дағдарыс жайлап, ұлтаралық кикілжіңдер көбейді. Қазіргі кезде Кавказдың оңтүстігінде ТМД құрамына өнетін тәуелсіз мемлекеттер — Әзірбайжан және Армения Республикалары мен 2009 жылы 18 тамызда ТМД құрамынан шыққан Грузия мемлекеті орналасқан.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Кавказ жерінің табиғаты алуан түрлі, мұнда таулы ландшафтылар басым келеді. Кавказ аумағында Ежелгі Орыс платформасы мен жер кыртысының қозғалмалы бөлігі болып табылатын Кавказ қатпарлы аймағы түйіседі.

Аймақтың солтүстігіндегі Үлкен Кавказ біртұтас тау жүйесі ретінде солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында 1100 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 180 км. Орталық бөлігі арқылы өтетін Бас Суайрық жота мен Бүйірлік жотаға ұзына бойьша және кесе-көлденең жатқан көптеген басқа жоталар келіп қосылады. Үлкен Кавказдың орталық бөлігінде оның ең биік нүктесі — Эльбрус тауы (5642 м) орналасқан. Үлкен Кавказдағы тау асуларының өзі 2000 м-ден жоғарыда орналасқан. Қолайлы тау асулары арқылы аса маңызды тасжолдар өтеді. Кавказ тауларында қарстық үңгірлер өте көп. Үлкен Кавказдың тік жартасты аңғарлары мен биік шыңдары альпинистер назарын ұдайы өзіне аударып келеді, мұнда қазақстандық альпинистер де жиі болады.

Үлкен Кавказдың карлы жоталары Сурам жотасы арқылы оңтүстіктегі Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ одан әрі жанартаулық Армян таулы қыратына ұласады. Сөнген ежелгі жанартауларды қалың базальт қабаты жауып жатыр, олардың ең биігі — Арагац жанартауы (4090 м). Алып Арагацтың көрінісін Армения астанасы — Ереванның тұрғындары күн сайын тамашалайды деуге болады, мұндағы ең әдемі үйлер мен ғимараттар Арагацтан өндірілетін алқызыл туфпен қапталған.

Жалпы, Кавказдың Қара теңіз жаралауындағы жіңішке алабы ойпатты келеді, мұнда әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан. Сурам жотасынан шығысқа қарай Кура-Аракс ойпаты жатыр, ол оңтүстігінде Талыш тауларымен шектеседі.

Жас тау жүйесінің күрделі құрылымы алуан түрлі пайдалы қазбалардың қалыптасуына негіз болған. Тауаралық иіннің шығысы мен Каспий қайраңында (Әзірбайжан) мұнай кең орындары бар. Қазіргі кезде мұнай тек құрлықтағы кең орындарынан ғана емес, қайраңда орналасқан ұңғымалардан да өндіріледі. Әзірбайжанның орталық бөлігіндегі Нафталан қаласы маңында емдік қасиеті бар мұнай түрі — нафталан табылған, бұл — нафталанның әлемдегі бірден-бір кең орны.

Кенді пайдалы қазбалардың коры Кавказдың қатпарлы құрылымымен байланысты болады. Темір, кобальт кендері Дашкесанда (Әзірбайжан), мыс Армениядағы Кафан, Алаверди кең орындарында өндіріледі. Кавказ алуан түрлі құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмәр, пемза, туф және т.б.) да бай.

Дереккөздер

Tags:

Кавказ Жағрапиялық орны мен құрамыКавказ Саяси картасының қалыптасу кезеңдеріКавказ Табиғат жағдайлары мен ресурстарыКавказ ДереккөздерКавказАзияАзов теңізіАльпілік қатпарлануГазКаспий теңізіКума-Маныч ойпатыМұнайЭльбрусҚара теңіз

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚыпшақтарСопылықМұнайЭлектролиттік диссоциация теориясыСыбайлас жемқорлықМажарстанӘдеби жанрлар18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарЖердің айналуыГипоксияТахикардияНаймандарМенің атым Қожа (повесть)АлкандарОғыздарАнтикалық философияСаяси режимАнтонимГломерулонефритДауысты дыбыстарДепортацияТерроризмЖерАлты кәлимәБауыржан МомышұлыҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміЯсин сүресіФизиотерапияБасты бетГеографиялық ақпараттық жүйеЭндокриндік жүйеКальцийТәуекел ханСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚарақытай мемлекетіНаурыз көжеСинонимҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚоғамҚұндылықТуыстық атауларыЛейкозАқсу-Жабағылы қорығыАқбілек (роман)OSI моделіМагниттікШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстан азамат соғысы жылдарындаОрманды дала зонасыАдамаралық қарым-қатынасЕсік Алтын адамыБірінші Мемлекеттік ДумаТеатрСөз табыҚоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарыЭлектромагниттік толқындарҚан жасушаларыҚалқанша безҰлы Отан соғысыОвуляцияЖер құрылымыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыӘл-Фатиха сүресіНамаз уақытыМастопатияМаңғыстау облысыТеңеуДенсаулықХимиялық байланыстарҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыҚазақтың ұлттық тағамдарыЖұрнақЭмоцияЖүрек ауруларыФранцияАминқышқылдарУлануИса Мәсих🡆 More