Грузиндер

Грузиндер (өз-өздерін атауы — Картвелеби, груз.

ქართველები) — Картвель тілдер тобына кіретін халық.. Грузин халқының көп бөлігі Грузияның ішкі шекараларында қоныстанған.. Сондай-ақ Түркияның шығыс аймақтарында және Иранның ішкі бөлігінде де (әсіресе Ферейдан қаласында) азды-көпті грузиндер мекендейді..

ქართველები, Картвелдер
Грузиндер
Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер
Вахтанг I Горгасал
Давид III Куропалат
Баграт III
Мария Аланская
Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер
Петр Ивер
Давид IV
Тамара
Георгий V
Вахтанг VI
Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер
Шота Руставели
Ираклий II
Князь Петр Багратион
Джордж Баланчин
Грузиндер Грузиндер Грузиндер Грузиндер
Илья Чавчавадзе
Иване Джавахишвили
Эквтиме Такаишвили
Паата Бурчуладзе
Кэти Мелуа
Бүкіл халықтың саны

8 млн.

Ең көп таралған аймақтар
Грузиндер Грузия

3 661 173(2002 ж. санақ)

Грузиндер Түркия

150 000 - 300 000

Грузиндер Ресей

157 803(2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)

  • Грузиндер Мәскеу: 38 934 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
  • Грузиндер Краснодар өлкесі: 17 826 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
  • Грузиндер Мәскеу облысы: 10 600 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
  • Грузиндер Солтүстік Осетия: 9 095 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
  • Грузиндер Ростов облысы: 8 296 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
  • Грузиндер Санкт-Петербург: 8 274 (2010 ж. бүкілресейлік халық санағы)
Грузиндер Иран

60 000

Грузиндер Украина

34 199(2001 ж. санақ)

  • Грузиндер Донецк облысы: 7197 (2001 ж. санақ)
  • Грузиндер Харьков облысы: 4408 (2001 ж. санақ)
  • Грузиндер Запорожье облысы: 3899 (2001 ж. санақ)
  • Грузиндер Днепропетровск облысы: 2834 (2001 ж. санақ)
  • Грузиндер Одесса облысы: 2785 (2001 жылғы санақ)
Грузиндер Әзербайжан

9 900(2009 ж. санақ); 14 877 (1999 ж. санақ)

Грузиндер Латвия

1155(2010)

Тілдері

грузин тілі

Діні

Православие (Грузиндік Православие)

Тілі

Картвель тілдер шоғырына жататын грузин тілінде сөйлйді. Грузиндер кұрамына аджар, гури, имерстин, лечхум, рачин, картлин, кахетин, моховский, тушин, пшав, т.б. субэтникалық топтар кіреді. Осыған байланысты грузин тілі 17 диалектіге бөлінеді. Жазуы ерте заманғы шығыс арамей жазуынан бастау алады.

Діні

Грузиндердің көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Кейбір бөлігі - мұсылман-сунниттер.

Тарихы

Б.з.б. 8-ғасырда қазіргі Грузия аумағын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыи бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (б.з.б. 7-ғасыр) мен Ахемен әулетінің (б.з.б. 6-ғасыр) иелігінде болды. б.з.б. 6-ғасырда Батыс Грузияда Колхида патшалығы, ал 4-ғасырда Шығыс Грузияда Иберия патшалығы құрылды. 3-4 ғасырларда елге христиан діні тарай бастады. 4-ғасырдан бастап Грузияға парсылар шабуыл жасап, 523 жылы елді толық бағындырды. 7-9 ғасырларды Грузияның басым бөлігі Араб халифатына қосылды. 10-ғасырдан бастап Грузия біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11-ғасырда Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073-1121), Георги ІІІ (1156-84), Тамара (1184-1213) патшалар тұсында Грузия Кавказдағы мықты мемлекеттердің бірі болды.

Грузия 13-ғасырдың 2-жартысынан бастап Шыңғыс ханның ұрпақтарының, 14-ғасырдың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15-ғасырда бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия княздіктері) ыдырап, 16-18 ғасырларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 17-ғасырда Иран шаһы Аббас І Грузияға бірнеше жорықтар ұйымдастырды.

18-ғасырдан бастап Грузия қайтадан біріге бастады. 18-ғасырдың екінші жартысында Картли (Иберия) және Кахети патшалықтары біріктірілді. 1801 жылы Картли-Кахети патшалықтары өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Грузия толығымен Ресейге қосылды. 1803-1864 ж. Батыс Грузия да Ресейге толығымен бағынды.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі жүн, мақта мен жібектен, зығырдан мата тоқу, киіз текемет басу, ағаш пен темір ұсталығы, зергерлік өнері дамыған. Баспаналары - таулы өңірде цихе-сахли (қорған үй), қалған жерлерде тас пен кірпіштен салынған 2-4 қабатты чардахини сахли, каолина сахли және бір қабатты мицурис сахли деп аталады.

Мәдениеті

Грузин мәдениеті шығыс халықтары және грек-рим мәдениеттерімен араласу нәтижесінде қалыптасты.
Ұлттық киімдері: ерлер - "перанги" деп аталатын жейде, нипхаби, шарвали (шалбар), чоха (сырт киім), бешпент тәрізді ахалухи киеді. Қыста тон (ткави), бөрік (надаби), баскиім (надбис куди), аң терісінен жасалған қалпақ пен башлык (кабалаки), пананаки киеді. Әйелдер - жейде (перанш) мен ұзын шалбар (шеидиши), белін белбеумен буынатын ұзын көйлек (картули каба) киген.
Ұлттық тағамдары - көкөніс пен жеміс-жидек, сүт, айран, ірімшік, май, қаймақ. Ет тағамына кәуап, хинкали, чихиртма, жатады. Сусындары шай, кофе.

Қазақстандағы грузиндер

Грузиндердің алғашқы өкілдері Қазақстанға 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың бас кезінде келе бастады. Екінші толқын 20-ғасырдың ортасы мен соңына қарай көш-қон үдерістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы грузиндердің саны - 5,3 мың адам (2013).

Дереккөздер

Tags:

Грузиндер ТіліГрузиндер ДініГрузиндер ТарихыГрузиндер КәсібіГрузиндер МәдениетіГрузиндер Қазақстандағы грузиндерГрузиндер ДереккөздерГрузиндерГрузин тіліГрузияИранТүркия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жүсіп БаласағұниСөз таптарыҰшқан ұяӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіХимиялық элементтердің периодтық жүйесіДамушы елдерОтырарПлацентаЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыӨсімдіктер систематикасыГидросфераҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыЗат есімӘлішер НауаиҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҒабиден МұстафинДепортацияКанадаДәруменШиеСыртқы саудаГалактикаҚара металлургияДүниежүзілік сауда ұйымыСақтар2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріСпирттерАққан жұлдыз (роман)КонсументтерВирусты гепатит ВКорея РеспубликасыҚызылша (медицина)ХолециститҚыпшақтарАтмосфераӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыХалықаралық еңбектiк миграцияСан есімЭпитетТұлғаЗат алмасуАсан қайғы СәбитұлыЖылу электр станциясыЕуразияАксонШарын шатқалыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерДемографияҚазақстанның экологиялық проблемаларыТеатрҚозы Көрпеш – Баян СұлуПиелонефритФилипп Исаевич ГолощёкинМорфология (лингвистика)Қаратпа сөзҚытай Халық Республикасы экономикасыНұркен ӘбдіровТел өскен ұлТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерШанхай Ынтымақтастық ҰйымыТеңіз жануарларыОрганикалық затРентген сәулелеріАқбілек (роман)Қазақ философиясыБұлшықет талшығыӨсімдіктердің көбеюіҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҰлыбританияМұхитОңтүстік АмерикаҮркерҚазақ театрыБиосфераБүйрекСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемБастауыш🡆 More