Тәулік

Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы.

Күннің де, түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Шамалап алғандағы тәуліктің бұл тұрақтылығы біздің заманымыздан бұрын 4000 жылдықта анықталған. Бір тәулік ішінде Жер өз осін бір айналып шығады. Жердің өз осін бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік жуық түрде 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Мұны тікелей бақылап анықтауға болады. Жұлдыздық тәулік – уақыттың астрономиядағы негізгі өлшемі. Ол 24-ке бөлінеді де, әрбір үлесі жұлдыздық сағат деп аталады. Жұлдыздық сағат кәдімгі сағаттан сәл кемірек, жуық түрде 59 минут 50,17 секунд болады. Уақытты жұлдыздық сағат бойынша өлшейтін аспаптар обсерваторияларда қолданылады. Жұлдыз уақыты – өзгермейтін тиянақты уақыт. Адам өмірі негізінен алғанда жұлдызға емес, Күнге байланысты. Сондықтан астрономияда “нақты күндік тәулік” ұғымы көбірек қолданылады. Бірақ нақты күндік тәуліктер бірдей емес, олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Себебі Күн (шын мәнінде Жер) кейде үдей, кейде баяу қозғалады. Нақты күндік тәуліктердің ең қысқасы, жұлдыздық уақыт өлшемімен – 24 сағат 3 минут 36 секунд (қыркүйек айының ортасы), ең ұзағы – 24 сағат 4 минут 27 секунд (қараша айының аяғы) болады. Шамасы үнемі өзгеріп тұратындықтан, нақты күндік тәуліктер өмірде сирек қолданылады. Халыққа қолайлы болуы үшін жыл ішіндегі нақты күндік тәуліктердің орташа мәні, яғни арифмет. ортасы алынған. Бұл уақыт орташа күндік тәулік деп аталады, ол 24 сағат асырқа тең. Нақты күндік уақыт орташа күндік уақытпен сәйкес келмейді. Ол екеуінің айырмасы астрономияда уақыт теңдеуі деп аталады. Уақыт теңдеуінің мәні жыл сайын шығып тұратын арнайы астрон. кестелерде келтіріледі. Уақыт теңдеуінің өзі де тұрақты емес, сондықтан кестелер жыл сайын қайта жасалады.

Тәулік
Су, Қоянқай және Марал: астек күнтізбесінің 20 күн нышаны ішіндегі үшеуі, Күн тасынан.

Түсініктемелер

Tags:

АдамАстрономия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

НафтаҚазақстандағы ұжымдастыруБұрыш (геометрия)ТерминКүкіртКөлОмыртқалылар1921-1922 жылдардағы ашаршылықКанадаКөктемМұхитБатыс Ғұн ИмпериясыМәңгілік бала бейнеҚорықтарТеодолитТозаңдануБала құқығыКөп жасушалы ағзаларҚұлақШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақстан мемлекеттік рәміздеріӨтелмеген парыз (фильм)ҚұстарЖер құрылымыДомбыраНұркен ӘбдіровЖылқы малының атауларыСауд АрабиясыКүн энергетикасыАққан жұлдыз (роман)Дінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновРаушангүлділерЕгіншілікҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміПродуценттерҚазақтарҒаламдық экологиялық проблемаларЖерЕсекжемТемпераментҚажымұқан МұңайтпасұлыҚазақстанның жеті кереметіМенің атым Қожа (повесть)Жарықтың шағылуыБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан географиясыАлюминийАлмұртАдам даму индексі бойынша елдер тізіміҚадыр Мырза ӘліҚимақ қағанатыӨзбектерКорея РеспубликасыӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановКүн (жұлдыз)ҚайыңҚызылордаСоқырішекКөлденең жолақты ет ұлпасыАлдаркөсеКүнделік.кзҚазақстанның кен ресурстарыЗәр шығару жүйесіНамазды бұзатын нәрселерҚазақстандағы су тасқыны (2024)ТуберкулезЖарықАян Өмірәліұлы ӨтепбергенМұхтар Мұқанұлы МағауинҒарышқа ұшқан жануарларБауыр (орган)Публицистикалық стильӨсімдіктерКітапханаХалықаралық ұйымдарСәкен СейфуллинЭмбрион🡆 More