Малави

Малави Республикасы (ағылш.

34°01′29″ ш. б. / 13.35750° о. е. 34.02472° ш. б. / -13.35750; 34.02472 (G) (O) (Я)

Republic of Malawi; 1964 жылға дейін Ньясаленд, ағылш. Nyasaland) — Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 118,48 мың км². Халқы — 19,687 млн. адам. Астанасы — Лилонгве қаласы. Ресми тілдері — ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы христиандар, 20%-ы мұсылмандар, 40%-ы жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар. Ұлттық құрамы: банту тобына жататын халықтар (чева, ньянджа, тумбука, нгони, яо) (99,7%), еуропалықтар, пакистандықтар, үнділер. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 6 шілде. Ақша бірлігі — Малави квачасы.

Малави Республикасы
ағылш. Republic of Malawi ЧеваDziko la Malaŵi
Малави Малави
Байрақ Елтаңба
Ұран: «(аударғанда ағылш. — «Бірлік пен Бостандық»)
Unity and Freedom»
Әнұран: «Құдай Малавиді қорғасын» (тыңдау )
Малави
Тарихы
Тәуелсіздік күні 6 шілде 1964 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері ағылшын тілі, чева
Елорда Лилонгве
Ірі қалалары Лилонгве, Блантайр
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Питер Мутарика
Саулос Чилима
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 98-ші орын
118 484 км²
20,6
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2008)
Тығыздығы

18 091 575 адам (64-ші)
13 077 160 адам
128,8 адам/км² (86-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

22,658 млрд. $
1,182 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

6,364 млрд. $
331 $
АДИ (2017) 0,477 (төмен) (171-ші)
Валютасы малави квачасы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .mw
ISO коды MW
ХОК коды MAW
Телефон коды +265
Уақыт белдеулері UTC+2 және Africa/Blantyre

Географиясы

Малави 

Малави аумағында батыстан шығысқа қарай биіктігі 900 м-ден 1200 м-ге дейінгі тау үстірттері созылып жатыр. Ең биік нүктесі — Муланье (3002 м) шыңы. Климаты — субэкваторлы муссондық. Орташа айлық температура қарашада 23°С-тан 27°С-қа, шілдеде 14°С-тан 19°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 750 — 2500 мм-ге тең. Ел аумағының 1/3-не жуығын Ньяса көлі мен кішігірім үш көл алып жатыр. Малавидің негізгі өзені — Шире. Елдің солтүстігінде мәңгі жасыл тропиктік ормандар өссе, оңтүстігінде саванналар жиі кездеседі. Малавиде Африка пілдері, мүйізтұмсықтар, керіктер, зебралар, арыстандар, сусиырлар және гиена мен қабыландардың, киіктердің, жыландар мен құстардың көптеген түрлері кездеседі.

Тарихы

Елдің ежелгі және орта ғасырлар тарихы туралы мәліметтер жоққа тән. 15 ғасырдың соңында Ньяса көлінің маңында Малави тайпалық бірлестігі шоғырланды. Осының нәтижесінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар қалыптасты. 19 ғасырдың 2-ширегінде оңтүстіктен нгони тайпалары, оңтүстік-шығыстан яолар келіп қоныстанды. 17 ғасырда Малавиде Португалиядан келген алғашқы иезуит-миссионерлер пайда болғанымен, еуропалықтар Ньяса көлі жөнінде тек 1859 жылы ғана білді. Көл жағалаулары үшін Ұлыбритания, Германия мен Португалия өзара тартысқа түсті. 1891 жылы Малави Ұлыбританияның протектораты болып жарияланып, 1907 жылы Ньясаланд деген атауға ие болды. 1944 жылы Ньясаландта тұңғыш саяси ұйым — Африканың Ұлттық конгресі (АҰК) құрылды. 1953 жылдан 1963 жылға дейін ел Родезия мен Ньясаланд федерациясының құрамына енді. 1963 жылы ақпанда Ньясаланд өзін-өзі басқару құқығына ие болып, Малави деп атала бастады. 1964 жылы 6 шілдеде Малави тәуелсіздікке ие болды, ал 1966 жылы 6 шілдеде республика болып жарияланды. Малави 1964 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына мүше.

Экономикасы

Малави — аграрлы ел. Шай, темекі, арахис, мақта, тунга, қант құрағы, каучукты өсімдіктер өсіріп, экспортқа шығарады. Жер қойнауы темір рудасы, мәрмәр, тас көмір мен боксит қорларына бай. Малави көлдерінен және Шире өзенінің төменгі ағысынан балық ауланады. Мал шаруашылығы цеце шыбынының таралуына байланысты нашар дамыған. Ұлттық жалпы өнімнің көлемі жөнінен дүние жүзінде 146 орынды, жан басына шаққандағы өнім мөлшері жөнінен 199 орынды иеленеді. Негізгі сауда серіктестері — Зимбабве, Ұлыбритания.

Дереккөздер

Tags:

Малави ГеографиясыМалави ТарихыМалави ЭкономикасыМалави ДереккөздерМалави1964 жылАғылшынАғылшын тіліАқша бірлігіЕуропалықтарМұсылмандарНгонилерПрезидентХристиандарЧеваЯо (халық)ҮкіметҮнділерҰлттық жиналыс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Публицистикалық стильЖасушаИранКөп нүктеҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніИслам күнтізбесіОрбұлақ шайқасыБесік жырыІштің қатуыФразеологизмСын есімнің шырайларыҚыз ЖібекЖұқпалы ауруларГерманияМұхаммедПысықтауышҚалыбек ҚуанышбаевКүнделік.кзМахамбет ӨтемісұлыМүктәрізділерРадиацияЕрке сылқым (күй)Қазақстан туыРесейКиелі жануарларБатыс Қазақстан облысыМал шаруашылығыҚазақстан теңгесіҮркерЕділ қағанҚазақ ұлттық киімдеріМұнай өнеркәсібіСинонимАбай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасыБөкей ОрдасыҚазақстан экономикасының тарихыТыныс алу ауруларыКонсументтерҚазақ руларыҚаратпа сөзХристиандықҚұлсарыЖыныстық қатынасҚытай тарихыМұнай экспорттаушы елдер ұйымыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАрал теңізіЕкінті намазыДостықЖануарларҚазақстан демографиясыЖапонияТөл сөзҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыШығыс өркениетИнновацияГаметаАс қорыту жүйесіОтырар кітапханасыИван Васильевич ПанфиловАқындар айтысыСептік жалғауПродуценттерҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБәйтерек (монумент)Қазақстан Республикасының КонституциясыРентген сәулелеріТүркістан облысыҒұндар мемлекетіЖұлдызды аспанИзраильҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміҚазақ билеріИспанияЕсімдікҚуық түбі безінің қабынуыДінмұхаммед Қанатұлы Құдайбергенов🡆 More