Уикипедия (ағылш.
Wiki, ХФӘ: /ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/, не /ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/, немесе /ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 35 миллионнан асты.
Уикипедия Wiki | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық | емес |
Сайттың түрі | Желілік энциклопедия |
Тіркелу | Міндетті емес |
Тіл(дер)і | 275 белсенді (барлығы 285) |
Сервердің орналасқан жері | АҚШ |
Иесі | Уикимедиа қоры |
Авторы | Джимми Уэйлс және Ларри Сэнгер |
Ашылған уақыты | 15 қаңтар 2001 жыл |
Қазіргі статусы | белсенді |
Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.
Тұңғыш рет 2001 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс мен Ларри Сэнгер іске қосқан «Уикипедия» бүгінгі күні ғаламтордағы ең ірі және ең әйгілі мағлұматнама болып отыр. Көлемі мен қамтитын тақырыптар саны жөнінен «Уикипедия» әлем тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады және оның үлкен ең артықшылықтарының бірі - ондағы мақалалардың әлемнің түрлі тілдерінде болуы. Уикипедия - гаваи тілінде (wiki-жылдам) деген мағынаны білдіреді.
Уикипедиядағы мақалалардың мазмұны сенімсіз әрі олар нақты деректер емес. Сыншылар Уикипедия вандализмге біртабан жақын екенін айтуда және олардың пікірінше ондағы материалдар сенімсіз дереккөздерге сүйенген, жалған ақпараттар болуы мүмкін. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижелері Уикипедияшылар тарапынан вандализмге әдетте жол берілмейтінін көрсетіп отыр.
Энциклопедиялық мағлұматнама функциясын атқарумен қатар, жиі жаңартылып отыратындықтан Уикипедия желілік ақпарат тасымалдау көзіне айналды.
Уики - (ағылш. Wiki) арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік беретінт веб-сайт. «Уики» терминін тұңғыш рет 1995 жылы сайттарды сипаттау үшін Уорд Каннингем қолданды, Wikiwikiweb деп аталатын ен алғашқы уики-жүйенің атауы гавай тілінен аударғанда «жылдам» деген мағынаны білдіреді.
Уорд Каннингем және оның көмекшісі Бо Леуф өздерінің «The Wiki Way: Quick collaboration on the web» кітабында «Уики» концепциясын былай тұжырымдаған:
Уики-жүйесінің қасиеттері:
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Уикипедия, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.