Атланта (англ. Atlanta) — АҚШ-тағы ірі қала, Джорджия штатының үлкен қаласы және астанасы, Фултон округінің административті орталығы , (бірақ қаланың кейбір бөліктері штаттың өзге округтарында орналасқан).
Халық саны (2013 жылғы кезең бойынша) — қала бойынша 447 841 адам (АҚШ-тағы 34-нәтиже), Атланта агломерациясы бойынша — 5 522 942 человек (9-нәтиже АҚШ-та). Бұл 2007 жылдың 1 маусымындағы санақ нәтижесі.
Чаттахучи өзеніне қала жақын. Қала ауданы 343 км², агломерация ауқымы — 21 694 км².
Атлантада ылғалды субтропикалық климат. Жаз өте ыстық, қысы жылы, жаңбырлы, кейбір кезеңдерде суық. Температура және ылғал бойынша жер Сочи климатын қайталайды. Шілдеде орташа максимум 32 °C және одан жоғары, орташа минимум 21 °C. Кейде 38 °C-тан асып кетеді. 1980 жыл ең ыстық 40 градус тіркелді. Қаңтар — ең суық ай, температура 1 °C пен 11 °C арасында тербеледі.
Ылғалдың орташа деңгейі - 1261 мм.
Атлантада аспанмен таласқан көптеген ғимараттар бар және басым көпшілігі модерн және постмодерн стилінде салынған. Атлантадағы ең биік ғимарат — Бэнк оф Америка Плаза — 312 м. Бұл 1992 жылдан бері Оңтүстік АҚШ-тағы ең үлкен ғимарат. АҚШ бойынша 11-орында (егер Нью-Йорк пен Чикагодағы ғимараттарды есептемесек Америкадағы ең үлкен ғимарат); Әлем бойынша - 77-көрсеткіш.
Қаланы мэр және 15 депутаттан тұратын қалалық кеңес басқарады. Мэр қалалық кеңес шешімініе қарсы шығып, вето қоя алады. Өз кезегінде қалалық кеңес те бұл ветоның кұшін жоя алады. Ол үшін қалалық кеңес бірауыздан бір жақта немесе көпшілігі бір ұстанымды ұстау керек. Атланта мэрі — Касим Рид. 1973 жылдан бері Атлантада афроамерикалықтар көп. Содан бері барлық мэрлер қара нәсілді.
Жыл | Халқы | %± |
---|---|---|
1850 | 2 572 | — |
1860 | 9 554 | 271.5% |
1870 | 21 789 | 128.1% |
1880 | 37 409 | 71.7% |
1890 | 65 533 | 75.2% |
1900 | 89 872 | 37.1% |
1910 | 154 839 | 72.3% |
1920 | 200 616 | 29.6% |
1930 | 270 366 | 34.8% |
1940 | 302 288 | 11.8% |
1950 | 331 314 | 9.6% |
1960 | 487455 | 47.1% |
1970 | 496 973 | 2.0% |
1980 | 425 022 | —14.5% |
1990 | 394 017 | —7.3% |
2000 | 416 474 | 5.7% |
2010 | 420 003 | 0.8% |
2013 | 447 841 | 6.6% |
Нәсілдер | 2010 | 1990 | 1970 | 1940 |
---|---|---|---|---|
Ақтар | 38.4% | 31.0% | 48.4% | 65.4% |
—Испан еместер | 36.3% | 30.3% | 47.3% | н/о |
Афроамерикандықтар | 54.0% | 67.1% | 51.3% | 34.6% |
Латиноамерикалықтар (кез келген ұлты) | 5.2% | 1.9% | 1.5% | н/о |
Азиаттар | 3.1% | 0.9% | 0.1% | — |
Атланта агломерациясына 140 қала кіреді, олар Джорджияның 28 округында орналасқан. Бұл Құрама штаттардағы ең тез өсіп келе жатқан агломерация.
Атланта АҚШ-тағы ірі қалаларың ішінде біржынысты неке саны бойынша 3-орын алады (Сан-Франциско мен Сиэтлдан кейін).
130 мыңнан астам адам қалада жоғары технологиялар саласында жұмыс жасайды. Атланта тұрғындарының жартысынан астамы бакалавр және одан да жоғары дәрежелерге ие.
Атланта тұрғындарының орта жасы - 33,8 жас. Атлантаға көбіне Нью-Йорктан және Нью-Джерсиден келушілер көп.
Glenmary Research Center-тің 2000 жылғы зерттеуі бойынша, агломерацияның көпшілігі протестанттар (75 %), католиктер (15 %) және иудейлер (5 %). Атланта көптеген діндердің тарихи отаны болып саналады.
Атлантада көптеген компаниялардың орталық офисі орналасқан, соның ішінде Fortune 500 тізіміне кіретіндер де бар: The Coca-Cola Company, UPS, Home Depot, Delta Air Lines, AT&T Mobility, Newell Rubbermaid және Georgia-Pacific. Бірнеше ақпарат тарататын компаниялар да бар: CNN, TBS және Cox. Атлантаның Метрополитендік ареалында Fortune 1000 тізіміндегі компаниялардың 75 пайызы әртүрлі іс-шаралар өткізеді.
1886 жылы Атлантада Coca-Cola сусыны ойлап табылған.
Атлантада 30-дан аастам жоғары оқу орындары бар. Беделділері: Джорджия технологиялық институты, Джорджия қалалық университеті және Джорджия университеті.
SCI (англ.)русск. таратқан ақпаратқа жүйенсек Атланта 19 қаламен тығыз қарым-қатынаста:.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Atlanta |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Атланта, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.