Әйел

Әйел заты - адам баласының ұрғашыға ортақ атауы.

Әйел
Әйелдер

Отбасындағы және жалпы қоғамдағы орнының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты Әйел затының әлеуметтік жағдайы мен жасына, қандастық, некелік туыстыққа қатысты этикалық мәнді әлеуметтік қарым-қатынасты білдіретін ғұрыптық атаулар халық тілінде аса мол кездеседі: әже, ана, шеше, ене, (қайын ене), қыз, абысын, шешей, жеңге, aпa, қарындас, сіңлі, қайын сіңлі, балдыз, бөле, келін, келіншек, нағашы әже, нағашы aпa, нағашы жеңге, нағашы қарындас, жиен aпa, жиен қарындас, құдағи, өкіл шеше, өгей шеше, кіндік шеше, бойжеткен, қалыңдық, бәйбіше, тоқал, жар, жұбай, зайып, жесір, қатын, тамыр, көңілдес, күндес, кемпір, кейуана, т.б.

Әйел
Әйел ғұмыры

Отбасындағы әйел орны

Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты қазақ әйелі әдепті, мейірімді, қамқоршы болуы тиіс, күйеуін әр кез сыйлап, оған қарсы сөйлемеуі керек. Сондай-ақ, ол тек қана күйеуін емес, жалпы қайын жұртындағы адамдарға құрмет көрсетіп, қабақ шытпай, иіліп тұруы керек. Белгілі бір қауымның мүшесіне айналған әйел күйеуінің жақындарымен, яғни, қайын жұртына туысқандық жақын адам ретінде қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық, күнделікті қатынаста қат-қабат байланыста болады және оның көшпелі ортада қалыптасқан ұстанымдары мен өзіндік этикалық нормаларын сақтауға міндеттеледі. Атап айтқанда: қайын ата - күйеуінің әкесі; қайын ене - күйеуінің шешесі, қайын аға - күйеуінің ағасы (жақын ағалары); қайын бике - күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері); қайын інісі - күйеуінің інісі (жақын інілері); қайын сіңлі күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары); абысын - қайын ағасы мен қайын інісінің әйелдері; жезде аға — қайынбикесінің күйеуі; күйеу - қайынсіңлісінің күйеуі сияқты күйеуінің етене жақын туысқандарымен бірге сол ауылға, әрісі сол төңіректегі қауымға келін болып саналады. Дәстүрлі ортада қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларға сай келін жасы мен жолы үлкен көзі тірі туысқандарын ғана емес, дүниеден озған аталарының (кейде әжелерінің) атын атамауға тиіс, олардың атын тергеп, ат қояды. Қазақ әйелдері ертеде күйеулерінің атын тура айтпай мырза, отағасы, үлкен кісі деп атаған.

Әйелге қатысты қазақ ырымдары

Қазақтар ырым-тыйымға қатты мән берген және оған қатысты ғұрыптық наным-сенімдер ел арасында кеңінен орын алған. Мысалы, қазақ әйеліне қатысты төмендегідей ырымдарды кездестіруге болады. Қазақ халқы үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдайды. Сондай-ақ, өлген ер адамның сүйегіне ерлер, әйел адамның сүйегіне әйелдер түседі. Өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел адамдар шашын жайып жіберіп жыласа ішіндегі шері тарқайды деп сенеді. Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы кeрек, күш көрсетіп, таяқ ала жүгірмейді және сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетке түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруын жаман ырымға балайды. Бұл қаралы жағдайды, өлім-жітімді еске түсіреді. Қайғы үстіндегі ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан ер адамдар құйрығын жерге басып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы - жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрімен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі болып саналады. Қазақ танымында ер адам жүрелесе - ауылға қатер төнеді, әйелдер жүрелесе - ауылға ибалық орнайды деп біледі. Әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қарайып, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды. Сондықтан да бала емізгенде де бөгде адамға көрсетпей, етегін жауып отырып емізетін болған. Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе, басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды. Сонымен қатар, әйел адам кешке, қараңғы түскеннен кейін сыртқа жалаңбас шықпайды, өйткені қараңғы түскен кезде жын-шайтандар әйел адамның шашына жабысып, үйге бірге келеді деп ырымдаған. Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деген ырым бар. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке "шық!" демейді. Бұлай істесе әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты кетеді деп біледі.

Дереккөздер

Туыстық қатынастар
Санат:Отбасы

Күйеу • Әйел • Әке • Ана • Ата • Әже • Бауыр • Қарындас • Өгей аға • Бала • Қыз • Өгей ұл • Өгей қыз • Аға • Тәте • Қайын ата • Қайын ене • Кіндік әке • Кіндік шеше •

Tags:

Адам

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ауыз бекітуКаспий теңізіҚазақ (этноним)Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатКөші-қонӘлеуметтануБиологияКүкірт қышқылыИслам пайғамбарларыМендель заңдылықтарыҚазақ газеті18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыҚытайБүйрекСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемБалықтарҚалқанша безЖүйке жасушаларыКіші жүзБүйректің созылмалы жетіспеушілігіЖеті қазынаНамаз уақытыҚоршаған ортаны қорғау туралы заңХромосомаларҰлттық саябақтарМұрын қуысыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыГаметогенезКөтеуЖұлынХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМүшел жасБұлшық етҚазақстан 2030Жау тылындағы балаДиффузияБатыс ҚазақстанЖатыр мойны эрозиясыДевианттық мінез-құлықҚызылордаПсихикалық процестерКүйікНайман хандығыАутизмАрендерҚыз ЖібекАқан серіЭмоцияҚамырАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Оғыз мемлекетіКөнерген сөздерҚазақстан туыАдамаралық қарым-қатынасАсық ойыныТүркілерҰлпан (роман)ЖасушаЖалғаулық шылауларЖемісГендік инженерияОрганикалық затЖәнібек ханИспанияОразаны бұзбайтын жағдайларҰлы Жібек жолыБейішҚазақстандағы туризм1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақтың ұлттық ою-өрнегіДауысты дыбыстарТанымал қазақтардың тізіміДәрілік өсімдіктерТеңеуҚазақтар диаспорасыСілекей🡆 More