Уикипедиядағы мақалалар жарияланған беделді дереккөздерге негізделуі керек.
Бұл бетте «Өзіндік зерттеулердің болмауы» және «Тексерілмелі» ережелерінде көрсетілгендей қателіктерге жол бермеу мақсатында дереккөздердің беделділігін бағалау жөніндегі нұсқаулықтар берілген.
Сіз Уикипедияны пайдалы мәліметпен толықтыра аласыз, алайда егер Сіздің мақалаңызда беделді дереккөздің сілтемесі көрсетілмесе, Сіздің мақалаңыз жойылуы мүмкін. Сілтемелерді іздеу және енгізу мақалаға мәліметтер енгізген адамның жауапкершілігінде. Сондықтан дереккөздерге сілтемені үнемі және орынды енгізіп отырған жөн.
Осы нұсқаулықта беделді дереккөздерді таңдау мен орналастырудың орынды үлгісі берілген. Редакторлардың бірі қажетті мәліметті және мақаланың мәтіні бойынша сілтемені іздеуге көңіл бөлмегендіктен, Уикипедиядағы мақалалар үлгіге сай емес болып отыр. Дегенмен оқырман деректердің сенімсіз екенін ескерсе ғана одан құнды мәлімет ала алады.
Айта кетер жайт, қатысушы тексерілмеген немесе анықталмаған мәліметтерді мақалаға енгізуіне болады, бірақ бұл мәлімет факт емес жай біреудің пікірі екенін ескерту қажет. Мысалы, «бұл жайлы қате түсінікпен айтылған пікірлер кең таралған…», «Аңызда баяндалғандай, ...» немесе «Академик А.А. Ивановтың пікірінше, ...». Бірақ бұндай пікірлерді енгізу үшін олар кең танылған немесе мақала тақырыбын баяндау үшін маңызды болуы тиіс.
Уикипедияда көпшілікке қолжетімді мәліметтер жарияланған дереккөздер деп саналады. Мысалы, телехабар жарияланған дереккөз болып саналмайды, себебі ол мәліметке қол жеткізу тым қиын. Бірақ бұл телехабардың Интернетке енгізілген жазбасын немесе фильм түрінде шыққан мәліметін кез келген адам көріп, фактілеріне көз жеткізе алатындықтан, ол жарияланған дереккөз болып саналады. Бұл бірінші кезекте сенімді дереккөздерге қатысты екенін тағы бір атап өткен жөн. Біреудің жеке сайтына енгізілген радиохабардың стенограммасын дереккөз ретінде алуға болмайды.
Уикипедия көп жағдайда екінші және үшінші дереккөздерге басымдық беруі тиіс.
Мақала жазған уақытта дереккөздерге сілтеме жасауға тырысыңыз. Ол үшін мақала ішінде дерек келтірілген сөйлемнен кейін Дереккөзге сілтеме белгісін қою қажет. Мақаланың соңында == Дереккөздер == деген тарау жасап, оған {{Дереккөздер}} үлгісін қою керек, содан кеін бұл тарауда көрсеткен дереккөздер тізімі пайда болады. Толығырақ Уикипедия:Дереккөздерге сілтеме деген мақаладан қараңыз.
Уикипедия қатысушыларының көбісі нақты қайдан естіп, оқығанын есіне түсіре алмайтын фактілерді мақала мәтініне енгізеді. Мысалы, «Біз ми мүмкіндігінің тек 10%-ын ғана пайдаланамыз» немесе «25-кадр жарнамадағы ең жақсы әсер беретін құрал болып есептелінеді» деген тұжырымдар кең таралғанымен факт бола алмайды. Себебі бұл айтылғандарды растайтын беделді дереккөздер берілмеген. Осы тәріздес тұжырымдамаларды мақалада қолдану үшін сенімді дереккөз табу өте маңызды, өйткені өзге қатысушылар тұжырымдаманың сенімділігіне күмән келтіріп, әлдеқандай әрекеттер жасауы мүмкін. Егер Сіз осындай мәлімет енгізген болсаңыз, дереккөздермен растау Сіздің жауапкершілігіңізде болады. Өзге қатысушылар бұл мәліметтің бұрыс екендігін Сізге дәлдеуі қажет емес. Себебі Сіз мәліметтің дұрыс екенін дереккөздер арқылы растауыңыз қажет.
Егер сіз қандай да бір ақпараттың шынайлығына күмән келтірсеңіз, сіз оны бірден жоймаңыз, себебі басқа қатысушылар Сізді оларға мақаланы толықтыруға мүмкіндік бермегеніңіз үшін айыптауы мүмкін (жалпы бұл агрессиялық әрекет болып көрінеді). Сондықтан күмәнді сөздерден кейін {{дереккөзі жоқ}} деген үлгі қойған жөн. Егер Сіз ақпараттың дұрыс еместігіне толық сенімді болсаңыз немесе {{дереккөзі жоқ}} үлгісі екі апта бойы тұрып, оны ешкім толықтырмаған болса, оны жоя аласыз. Сонымен қатар мақаланың авторлары талқылауда оны жою керек деген шешім қабылдаса жоя алады.
Көзі тірі адамдардың немесе қазіргі кезде бар ұйымдардың беделіне нұқсан келтіретін ақпараттарды қосымша сілтемесіз енгізбеңіз (толығырақ қараңыз УП: Көзі тірі адамдардың өмірбаяны). Джимми Уэйлстің баяндауында,
Редакторлар қатарында «мен бұны бір жерден естігенмін» деген ақпаратты «дереккөзі жоқ» үлгісімен белгілеп кетуді әдет еткендер кездеседі. Бұл дұрыс емес. Оны ешбір дереккөз растамайтын болса, өшіру қажет. Бұл кез келген ақпарат жайында дұрыс әрекет, бірақ бұл көзі тірі адамға қатысты кері ақпараттар саналады.
Түпнұсқасы (ағыл.)There seems to be a terrible bias among some editors that some sort of random speculative "I heard it somewhere" pseudo information is to be tagged with a "needs a cite" tag. Wrong. It should be removed, aggressively, unless it can be sourced. This is true of all information, but it is particularly true of negative information about living persons.
Кей жағдайларда дереккөздерді көрсету міндетті емес немесе қажеті жоқ. Көбінесе жалпыға белгілі фактілерді растайтын дереккөздерді талап ету керек емес. Өнер туындыларына арналған мақалаларды (фильмдер, кітаптар және т.б) немесе компьютер ойындарын қосымша дереккөздермен растаудың қажеті жоқ. Алайда қаралып жатқан мәліметтерді фильмнен немесе ойыннан білу мүмкін болмаса, дереккөз берілуі тиіс. Сонымен қатар жеңіл тексерілетін мәліметтерді – сәулет ескерткіштерінің қанша қабатты екенін, айналымдағы ақша бірлігінде қандай сурет бар екенін сілтемемен растаудың қажеті жоқ.
Кез келген дереккөздердің беделділігіне сене бермеңіз. Ғылыми дәреже тек өз саласында ғана беделді болып саналады. Көптеген сілтемелері бар веб-сайттар сенімсіз болуы мүмкін. Оған мысал ретінде Вит Ценёвтің сайтында Уильям Тэллидің адам қажеттіліктері теориясына жасаған сипаттамасын ала аламыз: Тэлли және оның теориясы студенттердің рефераты үшін ойлап табылған. Сіздің өзіңізге өзіңіздің қоятын алғашқы сұрағыңыз мынадай болмақ: – сіз сілтеме ретінде пайдаланатын сайтқа кім жауапты? Олардың біліктілігі мен сайтты редакциялауы қандай саясатпен іске асады? Интернетте әрбір адам қалаған ақпаратын орналастыра алатынын естен шығармаңыз.
Дереккөз ретінде сол саладағы белгілі сарапшылардың немесе дәрежесі ғылым кандидаттарынан төмен емес адамдардың жариялаған басылымдарын қолдануға тырысыңыз. Мемлекеттік ЖОО-да және ҚР ҒА-да, Ғылым Ордасында қызмет ететін авторларға сенім білдірген дұрыс.
Бұны анықтау үшін бірнеше сұраққа жауап беру қажет:
Кейбір жағдайларда:
Тағы да өзіңізден өзіңіз сұраңыз:
Ақпараттың бұрмаланғандығы оқырманға әрқашан анық көрінбейтіндіктен, бір ғана дереккөзбен шектелмеу керек. Өзге де дереккөздерді қолданып, салыстырыңыз. Егер бірнеше дереккөздердегі ақпарат бір-бірімен сәйкес келсе және ақпараттың бұрмалануына себеп жоқ болса (немесе себептер болуы да мүмкін), ақпарат сенімді болып есептелуі мүмкін. Біз сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа өз жеке пікірімізді қоспай, тек қана жариялай аламыз.
Тәуелсіз дереккөздер келесі талаптарға сай болуы қажет:
Негізгі дереккөздер бір болғанымен, алынған ақпаратты талдаушылар әртүрлі шешімге келуі мүмкін. Шын мәнінде қосымша дереккөздер өздерінің көзқарастарына сәйкес келетін негізгі дереккөздерді іздеп табады. Бұрмаланған ақпараттар, қателер көп ретте біліне бермейді, сондықтан оларды болдырмаудың ең тиімді жолы – ақпаратты басқа қосымша дереккөздермен салыстыру.
Алдағы ақпараттар: Уикипедия:Тексерілуі және Уикипедия:Көзі тірі адамдардың өмірбаяны
Ассошиэйтед Пресс, Вашингтон пост, Интерфакс, ИТАР-ТАСС, лондондық Таймс, Рейтер сияқты жаңалық ұйымдарының басылымдарында жарияланған жаңалықтар тиімді болып саналады. Газет-журналдардағы мақала-пікірлерге сілтемелер мақала авторының пікірімен бірге болуы керек. Көзі тірі адамдардың өмірбаянына қатысты даулы ақпаратты тек жоғарғы сапалы жаңалық тарататын ұйымдардан алу қажет.
Әрбір адам веб-сайт немесе кітап шығарып, белгілі бір салада өзін маман ретінде жариялай алады. Сондықтан да автордың қаражатына шығарылған кітаптардан, ақпараттық бюллетендерден, жеке веб-сайттар мен бәріне қолжетімді уики-сайттардан, блогтардан, веб-форумдар және басқа да осындай ақпараттық құралдардан алынған дереккөздер тиімсіз болып саналады.
Белгілі бір салада сарапшы болып танылған автордың бұрын беделді дереккөздерде жарық көрген мақалалары өзі басып жариялаған жағдайда да сенімді дереккөз ретінде саналуы мүмкін. Кез келген жағдайда мұндай дереккөздерді сақтықпен қолданған дұрыс. Егер ақпарат сенімді болса, материал жариялануға тиімді болған жағдайда, бұл материалдың немесе дереккөздің алдын ала жариялануы әбден мүмкін болғандықтан, тексеріп алу қажет.
Көзі тірі адамдар жайлы мақалаларда мақала авторы танымал кәсіби зерттеуші немесе жазушы болса да өзі жариялаған материалды дереккөзі ретінде қолдануға тыйым салынған; Қараңыз: Уикипедия:Көзі тірі адамдардың өмірбаяны#Сенімді дереккөздер.
Мақала авторының өз қаражатына басылған материалдарды және даулы дереккөздерді, сонымен қатар адамдар айтқан, ұйымдар білдірген мәліметтерді төмендегі шарттар атқарылған жағдайда пайдалануға болады.
Саяси партиялар мен діни топтардың веб-сайттары мен жарияланымдарына аса сақтықпен қараған дұрыс. Олардың материалдарының саяси ұстанымды, діни сенім үлгісін білдіретіндігі дереккөз ретінде пайдаланбауға негіз болмайды.
Уикипедияда дереккөз ретінде кең танымал саяси, діни, нәсілшілдік және экстремистік топтарға қатысы бар сайттарды қолданбаған жөн. Оларды тек осы топтардың көзқарастарына қатысты мақалаларда негізгі дереккөз ретінде пайдалануға болады. Алайда мұндай жағдайдың өзінде де оларды қолданарда сақ болып, басқа да дереккөздермен бекіту керек.
Компания мен ұйымдар ақпараттың сенімді дереккөзі болғанымен, олардың веб-сайттары мен басылымдарын пайдаланған уақытта сақ болу керек. Ол объективті түрде біржақты түсінік болып саналады. Өнім өндірушілердің Америка қауымдастығы өнімдерін жылжытуды қарастыруда, сондықтан бейтарап көзқарасты сақтап қалу үшін тек бір ғана дереккөзбен шектеліп қалмаңыз, өзге де дереккөздер қолжетімді болған жағдайда оларды да қосқан жөн болады. Егер компания немесе ұйым күмән тудырса, олардың веб-сайты мен жарияланымдарын қолданудан сақ болыңыз.
Толық мәтінді онлайн дереккөздер офлайн дереккөздер сияқты сенімді және сапалы болса, оларды дереккөз ретінде қолдануға болады. Оқырмандар көбінесе қолжетіміділігі үшін онлайн дереккөздерін тиімді деп санайды.
Егер Сіз авторлық құқығы таратылмайтын басылған дереккөзді немесе үйлесімді лицензиясы арқылы қолжетімді дереккөзді кездестірсеңіз, оны Уикиқайнарға орналастырып, оған сілтеме беріңіз (берілген дереккөзге қосымша ретінде). Көптеген авторлық құқықпен қорғалмайтын маңызды кітаптар басқа жобалар негізінде желіге енгізілген.
Қазіргі уақытта көптеген сенімді және сапалы дереккөздердің басылған күйіндегі нұсқасы қолжетімді. Егер Сіз беделді онлайн-дереккөздер таппасыңыз, ақпаратты кітап дүкенінен немесе кітапханадан да іздеп табуға тырысыңыз. Басылған дереккөзге сілтемені төмендегіше беріңіз:
Мысалы:
Басылған дереккөзді қолданған уақытта мүмкіндігінше ISBN енгізген жөн. Бұл оқырманға кітапты Google, Yandex және т.б. іздеу жүйесі арқылы жылдам табуға көмектеседі.
Дереккөздер жайындағы мәліметтерді енгізу үшін {{Кітап}} деген үлгісін қолданыңыз.
Қазақ Уикипедияның оқырмандарына ыңғайлылық тудыру үшін мүмкіндігінше қазақ тіліндегі дереккөздер келтірген жөн. Қазақ тіліндегі дереккөздерді басқа тілдердегі дереккөздерге қарағанда көбірек пайдалану керек (бірдей сапада және сенімділігіне байланысты). Мысалы, басқа тілде жазылған газеттегі ақпарат қазақ тіліндегі басылымында да болса, қазақ тіліндегі ақпаратты қолданған жөн. Дегенмен басқа тілдегі дереккөздер тексерілген болса, мақалада дереккөз ретінде қолдануға болады.
Уикипедия редакторлары мен сарапшылардың жасаған аудармаларында қателіктер болады. Негізінде оқырмандар түпнұсқада не жазылғанын өздері тексеріп, түсіне алуы керек. Мақаладағы ақпараттың сенімді дереккөзіне сүйеніп жазылғанын және сауатты аударылғанына көз жеткізген дұрыс. Осылайша, түпнұсқа ақпарат қазақ тілінен басқа тілде жазылғанда:
Мақала жазғанда беделді дереккөздерді қолданған жөн. Дегенмен мақаланың мәтініндегі, «Сілтемелер» деген тараудағы сілтемелер үшін беделді дереккөздердің талаптарын қанағаттандырмайтын ақпараттарды қолдануға болады. Сілтеме жасағанда ережелер мен Уикипедия:Сыртқы сілтемелер және Уикипедия:Дереккөздерге сілтеме деген нұсқаулықтарды басшылыққа алған жөн. Бірінші кезекте Уикипедияның ішкі сілтемелеріне көңіл бөлген дұрыс. Сыртқы сілтемелердің бірнеше нұсқасы болса, беделді дереккөздердің талаптарына сай нұсқасын таңдау керек.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Уикипедия:Сенімді дереккөздер, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.