Instagram

Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет.

Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 және т.б форматты фото/видео қатынасын қолданады.

Instagram
Instagram
Instagram
Instagram
Автор

Кевин Систром,
Майк Кригер

Жасаушы

Meta Platforms

Операциялық жүйелер

Android, iOS, Windows Phone, Windows 10 Mobile, Windows 10 және Windows 11

Интерфейс тілдері

32 тілі

Ақпараттық платформа

Android және iOS

Соңғы нұсқа

34.0.0.0.44s, 64.0.0.14.96, 219.0.0.1.117, 218.0.0.19.108, 241.1, 241.1.0.18.114, 276.1 және 276.1.0.26.103

Лицензия

proprietary license және freeware

Instagram
Instagram 16 түрлі сүзгілерді пайдаланып жүзеге асыратын сурет нұсқалары.

Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жүктеледі.

Тарихы

Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады.. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды.

Қосымша жарыққа шыққаннан біраз уақыт өткеннен кейін командаға Джош Ридель қосылды. Сол жылдың қарашасында Шейн Суини инженер ретінде, 2011 жылдың тамыз айында Джессика Золлман ИТ евангелист ретінде қосылды..

2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылды.

2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы шықты. Ал 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шықты және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам адам жүктед.

2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялады. Сол жылдың 25 маусымында қосымша 2.5.0 нұсқасына жаңартылды..

2012 жылдың тамыз айында Instagram да бір секундта 575 Like басылып, 81 комментарий жазылды. Instagram-да қолданушылар айына орта есеппен 257 минут отырған.

2013 жылдың сәуір айында Instagram қолданушыларға фотода өздерін, достарын белгілеуге, фото түсірілген жерлерді белгілеуге мүмкіндік беретін функцияны қосқандарын жариялады.

2013 жылдың маусымында Instagram-да 15 секундтық видео қою мүмкіндігі пайда болды.

2013 жылды 21 қарашада желінің Windows Phone 8-ге арналған нұсқасы шықты.

2015 жылдың наурызында брендтерге өздерінің фотогалереясын ашуға болатыны мәлім болды.

2015 жылдың шілде айында Instagram-да 1080x1080 пиксельдік фотосуреттер қою мүмкіншілігі пайда болды.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Instagram-да 30 секундтық жарнамалық видеолар пайда болды.

2020 жылы Instagram әлеуметтік желісіне 10 жыл болды. Соған байланысты қазан айында қолданушылар бұл желінің иконкасын ауыстыра алды.

Масштабы

2010 жылы Instagram-ның 1 миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында 5 миллион болды. Ал 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион болды, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жетті.

Марапаттары

2011 жылдың қаңтарда Instagram 2010 TechCrunch Crunchies конкурсында «Ең үздік мобильді қосымша» номинациясында екінші орын алды.

2011 жылдың мамыр айында Fast Company журналы жасаған «бизнестегі ең жасампаз 100 адам» тізімінің 66-орнына Instagram-ның бас директоры Кевин Систром қойылды.

2011 жылы қыркүйекте SF Weekly Web Awards конкурсында Instagram «Ең үздік жергілікті қосымша» номинациясын жеңіп алды.

2011 жылдың желтоқсан айында Apple Instagram-ды «iPhone-ға арналған жыл қосымшасы» деп таныды.

Дереккөздер

Қызықты деректер

  • Instagram желісіне әр секунд сайын 58 жаңа фото жүктеліп отырады.

Дереккөз

Сілтемелер

Tags:

Instagram ТарихыInstagram МасштабыInstagram МарапаттарыInstagram ДереккөздерInstagram Қызықты деректерInstagram ДереккөзInstagram СілтемелерInstagramEastman KodakPolaroidӘлеуметтік желі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Өркениеттер қақтығысыБатыр Баян (поэма)Қазақша жыл санауБронхитСұлтанмахмұт ТорайғыровУнитарлы мемлекетБалқаймақӘл-Фатиха сүресіҰлы Жібек жолыАбортҚазақ жүздеріҚазақстан Республикасының КонституциясыҚазақ хандығыАрғынЖыныссыз көбеюАстанаОдағайҒылыми-техникалық революцияЕліктеу сөзҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыМенің атым Қожа (повесть)Кенесары ханҚояндарҚадыр Мырза ӘліҰлттық саябақтарҚозы Көрпеш - Баян СұлуТеміреткіҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріСептеулік шылауларКонсументтерОралАнемияАрал теңізіОксидтерЮрий Алексеевич ГагаринТаң намазыДостықКиіз үйАуа райыКөмірсуларАнтиденелер1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісКөне түркі жазбаларыЕрте токсикозРесейМұстафа ШоқайӨзін-өзі өлтіруҚазақтарӨтЖартылай өткізгіштерАфрикаЖыртқыш аңдарОрынборҚұндылықШәмші ҚалдаяқовТыныс алу жүйесіБастың ауыруыҚытай тарихыЕкінті намазыАзотТабиғатӨсімдіктер систематикасыТабиғаттағы су айналымыЖанқожа НұрмұхамедұлыҚорқыт атаХристиандықИталияКүкірт қышқылыАқпараттық қауіпсіздікҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіТасаттықАбай Құнанбайұлының шығармаларыҚазақстан тарихыҚазақстан мәдениетіҚұйрық-бауыр (салт)Тыныс алуБесікке салу🡆 More