Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі

Теннистен Аустралия ашық біріншілігі (ағылш.

Australian Open Tennis Championships) — жыл сайын Аустралия елінің, Мельбурн қаласында өтетін, Үлкен дулыға турнирлері қатарына жататын, қаңтар айының орталарында өтетін өте ірі әрі теннис әлеміне өте ықпалды турнир. "Australian open" мэйджорлардың ішінде бірінші басталады, қаңтардың ортасыннан аяғына дейін 14-15 күн ішінде өтеді. Ерлер арасындағы және әйелдер арасындағы жекелей және жұптық сын, микст бәсекесі, жасөспірімдер, мүгедектер арасындағы үлкен теннистен жарыстар өткізіледі. 1988 жылға дейін жарыс корты шөптен жасалған кортта ойналып жүрді. Осы жылдан бастап хард кортта ойналатын болды (2007 жылға дейін жасыл түсті хард корт болса, 2008 жылдан бастап көк түсті кортта).

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі
Логатипі

Турнир ұйымдастырушылары — Tennis Australia. 

Тарихы

Турнир ең алғаш рет 1905 жылы өткен және Аyстралазия чемпионаты (ағылш. The Australasian Championships) деп аталған. Оған тек он жеті спортшы қатысқан, ал финалдық кездесуге бес мыңнан астам көрермен жиналған. 1927 жылы турнир есімі «Аустралия Чемпионаты» (Australian Championships) деп өзгертілді. Ал 1969 жылдан бастап, турнир ашық чемпионатқа айналды, тек Аустралиялық спортшылар емес, әлемнің барлық кәсіпқой теннисшілері қатыса алатындай дәрежеге жетіп, турнир қазіргі атауын иемденді.

1905 жылдан бастап, чемпионат Аустралияный 6 қаласында өтетін болып бекітілді.

1972 жылы турнир тек бір қалада әрі жыл сайын сол қалада өтетін болып бекітілді. Таңдау Мельбурн қаласына түсті. Ал жарыстың жыл сайынғы өту орны Куйонг теннис клубының (Kooyong Lawn Tennis Club) шөпті кортында (грасс корт) өтті. Уақыт өте келе турнирдің беделі өсіп, ауқымы кеңейгеннен кейін, Куйонг клубы турнирді қамтамасыз ете алмады. 1988 жылы Мельбурн Парк (Melbourne Park, бұрынғы Флиндерс Парк, Flinders Park) атты жаңа алаң дайын болып, турнирдің өту орны осы Мельбурн Паркқа ауыстырылады. Бұл қадам өте сәтті болды деп айтуға болады, ауыстырылған жылы турнирдің көрермендері 90 %-ға артты. Аталмыш жылдағы көрермендер саны —  266 436.

1977 жылғы қаңтардағы турнирден кейін жарыстың өту уақытын желтоқсанға жылжыту ұйғарылды. Сондықтан бұл жылы турнир екі рет өтті. Ал 1987 жыл турнирді қайтадан қаңтар айын белгілі себептермен ауыстырды, осының әсерінен 1986 жылы чемпионат өткен жоқ.

Корттар

Мельбурн Парк теннистік комплексі 3 орталық корттан және 3 көрсетілімдік корттан тұрады.

Барлық жарыстар Мельбурн паркте өтеді. Теннистен Аустралияның ашық біріншілігінде өте көп жанкүйер жиналады. Бұл турнирде теннис ауа-райының кез-келген мезетінде теннис жүре береді. Себебі ойын алаңдары жартылай немесе толықтай шатырмен жабылу мүмкіндігіне ие.

Жарыстың ең басты корты — Rod Laver Arena. Бұл әйгілі аустралиялық теннисиші Рода Лейвердің құрметіне 2000 жылы аталған. Корт 1988 жылы  салынған, сыйымдылығы — 15 000 адам. Жыл сайын мұнда орташа есеппен 1,5 млн көрермен қадам басады. Корт жылжымалы шатырмен қамтамасыз етілген. Бұл қатты ыстықта немесе жаңбыр мезетінде көмек болады.

Жарыстың екінші дәрежелі корты — Hisense Arena. Ол 2000 жылы салынған. Бұл аренада өзге де іс-шаралар өтеді. Теннис турнирлерінен бөлек, мұнда велоспорт, баскетбол жарыстары және түрлі концерттер өтеді. Трибуналардың сыйымдылығы да сол конфигурацияларға байланысты — егер теннис немесе баскетбол матчтары өтсе 10 500 көрермен, ал концерт өтсе 10 500 немесе 8900 көрермен сияды. Бұл сахнаның көлеміне байланысты өзгереді.  

Үшінші орталық корт — Margaret Court Arena. 1970 жылғы Үлкен Дулыға иесі, 62 рет Үлкен дулыға турнирлерінің жекелей және жұптық сындарындағы жеңімпазы, мұндай көрсеткіш жөнінен бүкіл теннис тарихындағы рекордсмен, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Аустралия тарихындағы ең үздік теннисші Маргарет Корттың құрметіне аталған. Бұған дейін корт «Бірінші көрсетілімдік корт» (Show Court One) деген атаумен жүрді. 2003 жылдың 12 қаңтарында атау қазіргі есімге өзгертілді.

Барлық корттар Plexicushion маркасындағы хард корттар.

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі 
Rod Laver Arena
Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі 
Rod Laver Arena түнгі уақытта
Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі 
Margaret Court Arena
Корттар Ашылған уақыты Сыйымдылығы Арена үсті
Rod Laver Arena Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  1988 14,820 Жылжымалы
John Cain Arena Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  2000 10,300 Жылжымалы
Margaret Court Arena

(Formerly Show Court 1)

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  1988 7,500 Жылжымалы
Show Court Arena

(Kia Arena)

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  2021 5,000 Ашық
Show Court 2

(1573 Arena)

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  1988 3,000 Ашық
Show Court 3 Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  1988 3,000 Ашық

Көрермендер

Австралия ашық чемпионаты - ең көп баратын Үлкен Дулыға. 2023 жылығы турнир көрермендердің жаңа рекордын - 902,312 адам және 2023 жылдың 21 қаңтарында көрермендердің бір күндік рекордын орнатты - 94,854 адам. Төменде қарастырылған кезеңдегі орташа өсу қарқыны 7% - дан асады.

  • 2024: 1,110,657
  • 2023: 902,312
  • 2022: 346,468
  • 2021: 130,374
  • 2020: 812,174
  • 2019: 796,435
  • 2018: 743,667
  • 2017: 728,763
  • 2016: 720,363
  • 2015: 703,899
  • 2014: 643,280
  • 2013: 684,457
  • 2012: 686,006
  • 2011: 651,127
  • 2010: 653,860
  • 2009: 603,160
  • 2008: 605,735
  • 2007: 554,858
  • 2006: 550,550
  • 2005: 543,873
  • 2004: 521,691
  • 2003: 512,225
  • 2002: 518,248
  • 2001: 543,834
  • 2000: 501,251
  • 1999: 473,296
  • 1998: 434,807
  • 1997: 391,504
  • 1996: 389,598
  • 1995: 311,678
  • 1994: 332,926
  • 1993: 322,074
  • 1992: 329,034
  • 1991: 305,048
  • 1990: 312,000
  • 1989: 289,023
  • 1988: 244,859
  • 1987: 140,089

Жеңімпаздар

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі 
The Daphne Akhurst Memorial Cup
Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі 
Norman Brookes Challenge Cup

Ерлер арасындағы жеңімпаздарға Norman Brookes Challenge Cup табыс етіледі. Аустралиялық әйгілі теннисшілердің бірі Норман Брукстың құрметіне аталған. Норман Брукс 1911 жылы бұл турнирді жеңіп алғанынан бөлек, жарыстың дамуына қомақты үлес қосқан.

Әйелдер арасындағы жеңімпаздарға Daphne Akhurst Memorial Cup табыс етіледі. Дафны Акхёрст - бұл жарысты бес рет ұтып алған Аустралиялық теннисші. (1925-26 және 1928-30 жылдары).

Рекордтар және статистикалар

Рекордтар

Рекордтар Дәуір(Эра) Ойыншылар Саны Жылдар
1905 жылдан бастап ер адамдар
Ең көп жеке титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Новак Джокович 10 2008, 2011–2013, 2015–2016, 2019–2021, 2023
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Рой Эмерсон 6 1961, 1963–1967
Қатарынан алынған жеке титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Новак Джокович 3 2011–2013, 2019–2021
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Рой Эмерсон 5 1963–1967
Ең көп жұптық титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Боб Брайн

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Майк Брайн

6 2006–2007, 2009–2011, 2013
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Адриан Квист 10 1936–1940, 1946–1950
Қатарынан алынған жұптық титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Боб Брайн

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Майк Брайн

3 2009–2011
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Адриан Квист 10 1936–1940, 1946–1950
Ең көп титул: жеке, жұп, микст Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Новак Джокович 10 2008–2023 (10 жеке)
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Адриан Квист 13 1936–1950 (3 жеке, 10 жұп)
Ең жас жеңімпаз Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Кен Розуолл 18 жас 2 ай 1953
Ең кәрі жеңімпаз Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Кен Розуолл 37 жас 2 ай 1972
Себілмеген чемпиондар Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Марк Эдмондсон 1976
1922 жылдан бастап әйелдер
Ең көп жеке титул Барлық уақытта Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Маргарет Корт 11 1960–1966, 1969–1971, 1973
Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Серена Уильямс 7 2003, 2005, 2007, 2009, 2010, 2015, 2017
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Маргарет Корт 7 1960–1966
Қатарынан алынған жеке титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Маргарет Корт

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Evonne Goolagong Cawley

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Штеффи Граф

Моника Селеш

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Мартина Хингис

3 1969–1971

1974–1976

1988–1990

1991–1993

1997–1999

Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Маргарет Корт 7 1960–1966
Ең көп жұптық титул Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Тельма Лонг 12 1936–1940, 1947–1949, 1951–1952, 1956, 1958
Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Мартина Навратилова 8 1980, 1982–1985, 1987–1989
Қатарынан алынған жұптық титул Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Мартина Навратилова

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Pam Shriver

7 1982–1985, 1987–1989
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Тельма Лонг

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Нэнси Болтон

5 1936–1940
Ең көп титул: жеке, жұп, микст Барлық уақытта Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Маргарет Корт 23 1960–1973 (11 жеке, 8 жұп, 4 микст)
Ашық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Мартина Навратилова 12 1980–2003 (3 жеке, 8 жұп, 1 микст)
Әуесқойлық дәуір Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Нэнси Болтон 20 1936–1952 (6 жеке, 10 жұп, 4 микст)
Ең жас жеңімпаз Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Мартина Хингис 16 жас 3 ай 1997
Ең кәрі жеңімпаз Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Тельма Лонг 35 жыл 8 ай 1954
Себілмеген чемпиондар Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі  Крис О ' Нил 1978

Ұпайлар

Австралия ашық чемпионатында ерлер (ATP) мен әйелдер (WHO) рейтингтік ұпайлары жылдар бойы өзгеріп отырды, бірақ қазіргі уақытта ойыншылар келесі ұпайларды алады:

Ұтыс 2 орын 1/2 1/4 1/8 1/16 1/32 1/64 Q Q3 Q2 Q1
Жеке Ер 2000 1200 720 360 180 90 45 10 25 16 3 0
Әйел 2000 1300 780 430 240 130 70 10 40 30 20 2
Жұп Ер 2000 1200 720 360 180 90 0
Әйел 2000 1300 780 430 240 130 10

Қосымша

Басқа Үлкен дулыға турнирлері

Сілтемелер

Tags:

Теннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі ТарихыТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі КорттарТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі КөрермендерТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі ЖеңімпаздарТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі Рекордтар және статистикаларТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі ҰпайларТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі ҚосымшаТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі СілтемелерТеннистен Аустралияның Ашық Біріншілігі1988 жылАустралияАғылшын тіліМельбурнТеннисҚаңтарҮлкен дулыға турнирлері (теннис)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҰлықбекЛипидтерМагнит өрісіЕліктеу сөзБауыржан МомышұлыОттегіАлматыМиграцияҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЖоғары молекулалы қосылыстарПублицистикалық стильҚазақстандағы жануарлар әлеміЖалғаулық шылауларТеңеуМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)МетонимияРайымбек батырГаз өнеркәсібіЭкологиялық проблемаШойынКөмірМұхаммедСақ мәдениетіАлтай тауларыЖер сілкінуХромосомаларКөксерек (әңгіме)ОрганогенезЮпитерЖұлдызЖусан иісі (повесть)ТолеранттықЖаңбырАстрономияСан есімДін философиясыҰйқы безіАҚШ экономикасыАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесҚазақстан Республикасының КонституциясыСурет өнеріндегі гуманизмАй (серік)ДінЕжелгі Рим өнеріОрталық АзияХимиялық элементтер тізіміШиеАсқар АлтайАшықтұқымдыларҚұрманғазы СағырбайұлыМагниттік өтімділікЭпитетКүкіртГормондарСөз табыІлеДәулеткерей ШығайұлыИбн СинаЛенинград шайқасыАнемияБактерияларӨсімдіктерАхмет БайтұрсынұлыӨмірзая (роман)ЖүктілікӨркениет314-атқыштар дивизиясыКерей ханАлаш партиясының бағдарламасыБиотехнологияГеографияКүн (жұлдыз)Алтын ОрдаЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріГермафродитизмФутуризмMicrosoft ExcelБразилияАлма🡆 More