Тау

Таулар – рельефтің оң формасы, айқын беткейлері мен етегі немесе таулы елдегі шыңы бар рельефтің оқшауланған күрт көтерілуі.

Шыңның табиғаты бойынша шыңдар, күмбездер, тақталар және басқа таулар ерекшеленеді. Су астындағы таулардың шыңдары аралдар болуы мүмкін. Тектоноденудациялық таулар мен вулкандар туралы айтады.

Тау
Тау

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына,жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау – Хантәңірі (6995 м).

Оқшау таулар

Оқшау (арал) таулар – кең жазықта жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты, тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.

Таулар жайлы факттар

Килиманджаро мен Кения таулары экваторға жақын орналасқан. Әйтсе де, олардың басын қар басып жатыр.

Галерея

Дереккөздер

Tags:

Тау Оқшау тауларТау лар жайлы факттарТау ГалереяТау ДереккөздерТауВулкандар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аңырақай шайқасыҚазақстандағы әскери коммунизм саясатыВирусты гепатит ВАуаСұлтанмахмұт ТорайғыровОтан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріҚазақстан қалаларыАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріБіріккен Ұлттар ҰйымыДиффузияОңтүстік ҚазақстанҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіТеріЖусан иісі (повесть)Адам ағзасындағы химиялық элементтерМұнай экспорттаушы елдер ұйымыКСРО ыдырауыСалқам Жәңгір ханМиокард инфарктіҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)МәтінҚан топтарыКүкірт қышқылыНаймандарСаясатВирусты гепатит АНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевТүркістан (қала)ҒұндарЖіктік жалғауСөйлем мүшелеріАнтропогенезМәдениет туралы түсінікМенің атым Қожа (повесть)Жай санАятТүркияЕсекжемҒабит Махмұтұлы МүсіреповЗәр шығару жүйесіАқпарат технологиясыПсихологияның зерттеу әдістеріМахаббат, қызық мол жылдарСөзжасамРахит ауруы (мишел ауруы)Рибонуклеин қышқылыРевматизмТеңеу1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісБесікке салуҒұсылБауыржан МомышұлыФранцияАммиакҚыз ЖібекЕтістікВолейболКөкпарПугачев бастаған шаруалар соғысыТұсаукесерҚазақстандағы туризмТуберкулезАлаш автономиясының құрылуыКіші қанайналым шеңберіҰшқан ұяҚуық түбі безінің қабынуыИслам пайғамбарларыЖаңа заманАнтропогендік факторPythonҚоршаған ортаны қорғауСемей полигоныБиологияЯсин сүресіЕсік Алтын адамыҚанАуыл шаруашылығы🡆 More