Ғаламшар Шолпан

Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар.

Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.

Шолпан  ♀
Venus
Шолпанныың шын түсі
Орбиталық сипаттамасы
Дәуірі J2000
Афелиі: 108,942,109 km
0.72823128 AU
Перигелиі: 107,476,259 km
0.71843270 AU
Үлкен жарты осі: 108,208,930 km
0.723332 AU
Эксцентриситет: 0.0068
Орбитамен айналу: 224.70069 күн
0.6151970 yr
Ауытқы мезгілі: 583.92 days
Орташа орбит. жылд-ғы: 35.02 км/с
Орбитаның қиғаштығы: 3.39471°
Күн экуаторына 3.86°
Үдемелі түйін бойлығы: 76.67069°
Перигелий аргументі: 54.85229°
Серіктері: Жоқ
Физикалық сипаттамалары
Мағыналы радиусы: 6051.8 ± 1.0 km
0.9499 Earths
Бет ауқымы: 4.60×108 km²
Жердің 0,902
Деңгейі: 9.38×1011 km³
Жердің 0,857
Массасы: 4.8685×1024 kg
Жердің 0,815
Тығыздығы: 5.204 g/cm³
Экватордағы еркін түсу үдеуі: 8.87 m/s2
0,904 g
жыту жылдамдығы: 10.46 км/с
Жұлдыздық айналым мезгілі: −243.0185 day
Экватордағы айналым тездігі: 6.52 км/сағ
Біліктік еңкейісі: 177.36°
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: 18 h 11 min 2 s
272.76°
Солтүстік полюстің ауытқылауы: 67.16°
Альбедо: 0.65
Беттік темп-сы:
   Келвин
   Целсиус
ең азмағ.ең көп
735 K
461.85 °C
Көрінетін жұлд. шама: up to -4.6
Бұрыштық өлшемі: 9.7" — 66.0"
Атмосферасы
Беттік қысымы: 9.3 MPa
Құрамы: ~96.5% Carbon dioxide
~3.5% Nitrogen
.015% Sulphur dioxide
.007% Argon
.002% Water vapor
.0017% Carbon monoxide
.0012% Helium
.0007% Neon
trace Carbonyl sulfide
trace Hydrogen chloride
trace Hydrogen fluoride
Ғаламшар Шолпан
Салыстырмалы үлкендіктер: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс

Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді. Шолпанның фазаларын (1610 жылы Г.Галилей ашқан) көру қабілеті ерекше жақсы адамдар жай көзбен де байқай алады. Төменгі тоғысуы кезінде Шолпанның бұрыштық диаметрі 64″-қа жетеді. Жер бетінде жүргізілген радиолокациялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Шолпанның орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Шолпанды қоршаған қою атмосфераның бар екендігін, Шолпанның Күн дискісін басып өту кезін бақылай отырып, алғаш рет М.В. Ломоносов ашқан (1761). Шолпан атмосферасында көмір қышқыл газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған. Шолпанның температурасы оның бетіне жақындаған сайын арта түсетіндігін Шолпанның төменгі атмосферасында алғаш рет кеңестік “Венера-4” (1967) автоматтық планетааралық стансасында тікелей жүргізілген өлшеулер көрсетті.

“Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планета аралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмірқышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда Шолпан бетінің жарықтылығы шамамен 10 мың люкске тең. Ел аузында Ай Күнмен үзеңгілес жүретін болса, Шолпан Аймен тетелес келеді.

Салмағы мен тығыздығы

Шолпан – Күн жүйесіндегі үшінші кіші планета. Мұның диаметрі 12 100 км-ге тең. Салмағы Жер салмағының бестен төрт бөлігіндей және тығыздығы жағынан Жерге қарағанда кішкене төмен.

Шолпанның беті

Шолпанның беті ыстық және құрғақ болады. Планетаның шамамен 65 %-ын мыңдаған жанартау таңбалаған жазықтар алып жатыр. Ал қалған бөлігін таулар, кратерлер және төбешіктер алады. Максвелл Монт тауы планетадағы ең биік нүкте болып табылады.

Ең ыстық планета

Шолпан – Күн жүйесіндегі ең ыстық планета. Планетадағы орташа температура шамамен ~800°Ғ тең. Бұл тіпті Меркурийдің температурасынан да жоғары (ал Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета). Шолпанның атмосферасы – барлық планеталардың ішіндегі ең тығызы. Атмосфера көмірқышқыл газынан, азоттан, су буынан, күкірт қос тотығынан және күкірт қышқылы бөлшектерінен тұрады. Аталған химиялық элементтер планетадағы барлық жылуды жинап, оның өте ыстық болуына себеп болады.

Шолпанның меридианнан өтуі

Шолпанның меридианнан өтуі планета Күн мен Жердің ортасынан тікелей өтіп, Күннің кішкене бөлігін жауып қалған кезде орын алады. Меридианнан өту Күннің тұтылуына, яғни Ай Жер мен Күннің ортасынан өтіп бара жатып, Күннің бір бөлігін жауып қалған кезге ұқсайды. Бұл құбылысты ең алғаш 1639 жылдың 4 желтоқсанында британдық шіркеу қызметкері Джереми Хоррокс пен оның жолдасы Уильям Крабтри байқады. Ең соңғы рет Шолпанның меридианнан өтуі 2004 жылы болды. Бұл оқиғаны әлемдегі көптеген ғалымдар байқап, зерттеді. Шолпанның меридианнан келесі өтуі 2012 жылға болжанған.

Ғаламшар Шолпан

Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар.

Жердің серігі секілді Шолпан да Жерден қарағанда бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Мұндай өзгерулер планетаның Күнді айналуы барысында күн сәулесіне малынуына не қараңғыда қалуына байланысты болады. Шолпанның мұндай кезеңдерін ең алғаш рет 1610 жылы атақты астроном Галилео Галилей байқады.

Шолпан және мифология

Шолпан (Венера) махаббат және шұрайлылық құдайы болған. Сонымен қатар ол римдіктердің арғы тегі ретінде саналды. Ол көптеген римдік фестивальдар мен аңыздардың басты кейіпкері болған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Шолпан (ғаламшар)

Дереккөздер

Tags:

Ғаламшар Шолпан Салмағы мен тығыздығыҒаламшар Шолпан Шолпанның бетіҒаламшар Шолпан Ең ыстық планетаҒаламшар Шолпан Шолпанның меридианнан өтуіҒаламшар Шолпан =Шолпанның кезеңдері =Ғаламшар ШолпанЖерКүнМассаОптикаТәулікУранҒаламшар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Асқорыту мүшелеріХан ШатырЕсік Алтын адамыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыМутацияМәтінФонетикаҚызылша (медицина)АқтөбеӨнерЕкінші дүниежүзілік соғысМұхтар Мұқанұлы МағауинЖүйке жүйесіШерхан Мұртазаұлы МұртазаТасаттықМөде қағанҚожа Ахмет Ясауи кесенесіОрда (үй)ДНҚСөз табыИзраильЭнергияҚазақстан Республикасының ҮкіметіАдай1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысОңтүстік АмерикаЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетАлгоритмТаразҒұндар өркениетіАрхимед заңыҚазақстан елтаңбасыРухани мәдениетРақымжан ҚошқарбаевҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріАбай операсыКөктемНегіздерИталияТөтенше жағдайТұрар РысқұловОтырарЖолым үйШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақстанның Қызыл кітабыКүн күнтізбесіОқшау сөздерҚазақстан 2030ШылауМагнит өрісіНаймандарТынық мұхитҒарышҚалыбек ҚуанышбаевҚазақстан географиясыМетафораҮркерСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАлкадиендерАлматы облысыҚазақстандағы жануарлар әлеміЖұлдызАлександрия кiтапханасыИслам өркениетіСүтқоректілерАқбөкенДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновОтбасыИнвестицияШәмші ҚалдаяқовЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларАбайдың қара сөздеріҚыз ЖібекАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыProxy serverВегетативтік көбеюНаурыз мейрамыҚасым Қайсенов🡆 More