Руаль Амундсен

Руаль Амундсен норв.

Руаль Амундсен
норв. Roald Engelbregt Gravning Amundsen
Кітаптағы сурет, 1908 ж.
Кітаптағы сурет, 1908 ж.
Туған күні

Қайтыс болған күні

18 маусым 1928 (1928-06-18)

Қайтыс болған жері

Баренц теңізі (мүмкін)

Азаматтығы

Норвегия

Ұлты

Норвег

Қызметі

саяхатшы

Әкесі

Йенс Энгебрект Амундсен

Анасы

Ханна Хенрике Густава Салквист

Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді. 1894 – 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.

Шығу тегі. Отбасы

Амундсендер тегінің генеалогиясы XVII ғасырдан бастау алады: оның ата-бабалары Асмалёй аралынан шыққан шаруалар болған. Руальдің үлкен атасы Шебергтен жер сатып алуға мүмкіндігі жеткен. Руальдің атасы Амундсен тегін алған алғашқы адам болған, ал әкесі — Йенс Амундсен (1820—1886) — 12 баланың 4-шісі болған. Аға-інілі Амундсендер теңіз саудасымен айналысқан және Боргедегі жалпы жеке қонысқа ие кеткен. 1880-ші жылға қарай отбасы иелігі 20 кемелер мен қайықтарға және жеке кеме шығаратын жайға дейін жетеді..

Йенс Амундсен Қырым соғысы арқасында байіды. Ол соғыс кезінде ағылшын және француз әскерлеріне бидай мен сабан тасыған; оның «Феникс» кемесі Севастопольді қоршау кезінде ағылшын офицерлерін орналастыруға пайдаланылған. 1866 жылы Қытайдан Кубаға қарай қант плантацияларына 300 қытайлық кулилерді тасыған.

1863 жылы,43 жасында атқамінер Ханн Хенрик Густав Салквисттің қызын әйел ретінде алған. Оның отбасында 4 ер-бала туған—олар:

  1. Йенс Уле Антони (лақап аты «Тони»),1866 жылдың қаңтар айында теңізде қытайлық кулилерінің бунты кезінде туған. Кәсіпкерлікпен айналысқан және маргарин мен құрғақ сүтті шығару жаңа технологиясын ойлап тапқан.
  2. Густав Салквист, 1868 жылдың 7 маусымында туған. Әскери білім алған,1902 жылы лейтенант званиясына дейін көтерілген.
  3. Леон, 1870 жылдың 4 қыркүйегінде туған. Коммерциялық гимназиясын бітірген, 1892 жылдан бастап Францияда тұрған. Францияда шарап саудасымен айналысқан.
  4. Руаль, 1872 жылдың 16 шілдесінде туған..

Саяхат барысы

Амундсен поляр сапарларының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - поляршылардың кемені дұрыс басқара алмағандығынан екендігін білді. Ол капитан шеніне емтихан тапсырды, кейіннен күрделі міндетті абыройлы атқарды: Атлант мұхитынан Тынық мұхитына және Канада Арктикалық аралдар шоғырына жүзіп өтті (1903-1906 жж.)

Келесі міндет - Солтүстік полюс, бірақ қосын әзір тұрған кезде американдықтардың полюсті бағындырғаны туралы хабар келді.1911 ж. 14 желтоқсанында Амундсен ағылшын Роберт Скотты бір ай артқа тастап, Оңтүстік полюске жетті.

1918 ж. жазында батыл саяхатшы Сібір жағалауларын бойлай Солтүстік теңіз жолымен жүріп өтті және Солтүстік Атлантикадан Тынық мұхитқа апаратын екі жолды кемемен жүзген алғашқы адам болды.

1926 ж. төрт жылдық дайындықтан кейін ол Солтүстік полюс арқылы Шпицбергеннен Аляскаға дейін дирижабльде ұшып өтті. Бұл дирижабльді итальяндық конструктор және поляр саяхатшысы Умберто Нобиле құрастырып шығарды. Ұшудың жетекшілері – Нобиле мен Амундсенді қосқанда, 16 адам дирижабльге орналасты.

1928 ж. 18 маусымында Руаль Амундсен Нобиле қосынын іздеу үшін «Латам» гидроұшағымен жолға шықты. Нобиленің дирижаблі «Италия» Солтүстік Мұзды мұхитында апатқа ұшырады. Амундсен іздеу кезінде экипаждың бес мүшесімен бірге қаза тапты. Нобилені швед ұшқышы Лундборг құтқарып алды, итальяндық конструктордың сапарында аман қалған мүшелер «Красин» атты кеңістік мұзжарғыштың бортына жеткізілді.

Норвегияның ұлттық батыры, атақты саяхатшы Руаль Амундсеннің есімімен теңіз, шығанақ, тау, мұздық, Антарктидағы американдық ғылыми бекет («Амундсен-Скотт»), Солтүстік Мұзды мұхитындағы шығанақ пен шұңғыма аталады.

Қызықты дерек

Өлерінен бірнеше ай бұрын журналистерге берген сұхбатында Арктика мен Антарктидадағы мұзды шөлдер туралы әңгімелей келіп, Амундсен:

Руаль Амундсен  Сіздер оның қандай әдемі екендіктерін көз алдарыңызға елестете алмайсыздар, мен сонда қайтыс болуды қалар едім Руаль Амундсен 

- деген болатын.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Руаль Амундсен

Tags:

Руаль Амундсен Шығу тегі. ОтбасыРуаль Амундсен Саяхат барысыРуаль Амундсен Қызықты дерекРуаль Амундсен ДереккөздерРуаль Амундсен18721928Норвег тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ хандығыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыБиосфераӘбу Райхан әл-БируниҚазақстан халқының бірлігі күніТерминРайымбек батырПалеозойБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевҚозғалыс (зат)Сталинград шайқасыКөмірсуларКемпірқосақЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміҚазақ хандарыАқмола облысыҚоршаған ортаҚазақстан 2050Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануХолециститБағыныңқы сөйлемДемографияӨзбектерҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҚаныш Имантайұлы СәтбаевДыбыстың сипаттамаларыӨзгергіштікҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміДНҚЕртісМұхитҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыЭндокриндік жүйеШымкентЖыныссыз көбеюПатриотизмПневмонияҚосарлы ұрықтануАспанВолейболҚасым ҚайсеновЕгемендікӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіМутацияБасынқы сөйлемЛаңкестік әрекетҚожа Ахмет Ясауи кесенесіБақтыораз БейсекбаевҚазақстанның кен ресурстарыҚарлұқ қағанатыНаурызым қорығыЭссеТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЖасанды интеллектЕскерткішӨңдеуші өнеркәсіпЕуропаБидай (астық)Алтын ОрдаОтырарҚытай қорғаныОңтүстік ҚазақстанVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҰрықтануҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБатыс ҚазақстанҚара құрдымИслам ынтымақтастық ұйымыЖүйке жүйесіЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ГлюкозаДенсаулықАнықтауышӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚаратпа сөзҚайыңТаразӨзбекстан🡆 More