Әзербайжан: Кавказдағы тәуелсіз мемлекет

Әзербайжан (Әзірбайжан, әз.

47°19′00″ ш. б. / 40.10000° с. е. 47.31667° ш. б. / 40.10000; 47.31667 (G) (O) (Я)

Ол солтүстікте Ресейдің Дағыстан Республикасымен, оңтүстікте Иранмен және батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахшыван Автономиялы Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 10,067 млн. адам (2020).

Әзербайжан Республикасы
әз. Azərbaycan Respublikası
Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Odlar Yurdu
(Оттар мекені)»
Әнұран: «Azərbaycan Marşı» (тыңдау )
Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы
Тарихы
Тәуелсіздік күні 28 мамыр 1918 жыл (КДФР-дан)
30 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі әзербайжан тілі
Елорда Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы Баку
Ірі қалалары Баку, Гәнжә, Сұмғайыт, Леңкәрән, Миңгечеуір, Нахшыван, Ширван, Ханкенди, Хырдалан
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Премьер-министрі
Ильхам Әлиев
Мехрибан Әлиева
Әли Асадов
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 111- орын
86 600 км²
1,6
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

10,000,000 адам (91-)
115 адам/км² (99-)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

178,470 млрд. $ (73-)
17,954 $ (75-)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

45,592 млрд. $ (88-)
4,586 $ (106-)
АДИ (2017) 0,757 (жоғары) (80-)
Валютасы Әзербайжан манаты
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .az
ISO коды AZ
ХОК коды AZE
Телефон коды +994
Уақыт белдеулері +4

Жер бедері

Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы 

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 00С-тан 30С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 270С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі Әзербайжан (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.

Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі.

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы III–II ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды.

Біздің заманымыздың IV ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. VIII ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. IX ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. XI ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды.

Әзербайжан халқы негізінен XI–XIII ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 1230 жылдарда Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. XI ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. XI ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 1630 жылдардың аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723–1735 жылдары Әзербайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды.

1805–1813 жылдары және 1826–1828 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды. 1917 жылғы қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылғы 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты.

1991 жылғы 30 тамызда Әзербайжан Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылғы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды.

Ауыл шаруашылығы

Әзербайжан: Жер бедері, Тарихы, Ауыл шаруашылығы 
Ауыл-шаруашылығы

Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

Саяси мәдениет

Негізгі заңы — 1995 жылғы 12 қарашада қабылданған Конституциясы. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — тұрақты парламенті (Ұлттық Мәжіліс). Атқарушы үкіметтің жоғары органы — Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Астанасы — Баку қаласы.

Әзербайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Қарабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Қарабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзербайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – Әзербайжан тілі.

Халқы

Әзербайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген Әзербайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында Әзербайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзербайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

Климаты

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері — Базардүзі (4,466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Арас ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25–27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері — Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Шаруашылығы

Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқкиімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

Машина жасау

Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің; дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.

Көлік жүйесі

Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзербайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. БакуТүрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзербайжан посткеңестік елдер арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

Cыртқы экономикаcы

Әзербайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзербайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзербайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.


Дереккөздер


Tags:

Әзербайжан Жер бедеріӘзербайжан ТарихыӘзербайжан Ауыл шаруашылығыӘзербайжан Саяси мәдениетӘзербайжан ХалқыӘзербайжан КлиматыӘзербайжан ШаруашылығыӘзербайжан Cыртқы экономикаcыӘзербайжан ДереккөздерӘзербайжанАзияАрменияДағыстанЕуропаИранКавказНахшыван Автономиялы РеспубликасыРесейТүркияӘзербайжан тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Еділ қағанШоқжұлдызБаскетболҚазақстанның киелі жерлерінің географиясыКөркем әдебиет стиліОттегіСөз таптарыХалықаралық валюта қорыҚазақ тіліТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануЖапонияҚызылша (медицина)БүйрекТүймедағыКүй аңызы (әңгіме)Тәттімбет Қазанғапұлы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісМагмалық тау жыныстарыБейбітшілік және келісім сарайыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҰрықтануЖалаң сөйлемАмёбаАқбілек (роман)Төлеген ТоқтаровҚожа Ахмет ЯсауиҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКүйЖақты сөйлемҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміНорвегияЖердің айналуыЖаһандануМаңғыстау облысыПневмонияКөлденең жолақты ет ұлпасыҚұбыр желісіСарқылмайтын ресурстар1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАллитерацияЭтносГемоглобинҚасым ханИзомерияҚазақстандағы көмірХимиялық элементтер тізіміҚазақстан музейлеріҚазақ хандығының құрылуыАй (серік)Қазақтың атақты әнші-күйшілеріӨзбектерТүрік қағанатыБүркітБасты бетТүркістан (қала)Табиғи газҚозы Көрпеш – Баян СұлуӘйтеке биБерлин операциясыЕкінші дүниежүзілік соғысАфрикаБиосфераЭндемикАқмола облысыТуберкулезҰйқы безіСолтүстік АмерикаЖақсыз сөйлемБатыс Қазақстан облысыТұмар ханшаРим империясыҚазақстан экономикасыБағыныңқы сөйлемҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеҚоршаған ортаны қорғауЗат есімМерезАналық жыныс жасушасыТолеранттық🡆 More