Бразилия: Оңтүстік Американың​ ең ірі мемлекеті

Бразилия (толық ресми атауы — Бразилия Федеративті Республикасы, порт.

47°57′00″ ш. б. / 15.75000° с. е. 47.95000° ш. б. / 15.75000; 47.95000 (G) (O) (Я)

Brasil, República Federativa do Brasil тыңдау  — Оңтүстік Американың шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан ең үлкен мемлекеті. Жер аумағы – 8,515,767 км² (3,287,956 миль²). Халқы 214,4 млн. адам (2021). Бразилия 26 штат пен Федералды округтен тұратын, жер аумағы әлем бойынша бесінші және халық саны бойынша алтыншы орындағы мемлекет. Португал тілі ресми болып табылатын Америкадағы жалғыз ел. Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, мулаттар – 38,45%, зәңгілер – 5,89%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа, ең үлкен қаласы Сан-Паулу. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Бразилия Федеративті Республикасы
порт. Brasil; República Federativa do Brasil
Бразилия: Мемлекеттік құрылымы, Атауының шығу тегі, Климаты Бразилия: Мемлекеттік құрылымы, Атауының шығу тегі, Климаты
Байрақ Елтаңба
Ұран: «порт. Ordem e Progresso
(«Тәртіп пен прогресс»)»
Әнұран: «Hino Nacional Brasileiro» (тыңдау )
Бразилия: Мемлекеттік құрылымы, Атауының шығу тегі, Климаты
Тарихы
Тәуелсіздік күні 7 қыркүйек 1822 жыл (Португалия, Бразилия және Алгарве Құрама патшалағынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі бразилия португал тілі
Елорда Бразилия: Мемлекеттік құрылымы, Атауының шығу тегі, Климаты Бразилиа
Ірі қалалары Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Салвадор, Бразилиа, Форталеза, Белу-Оризонти, Ресифи
Үкімет түрі Федеративті президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Луис Инасиу Лула да Силва
Жералдо Алкмин
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 5-ші орын
8 515 767 км²
0,65
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

210 147 125 адам (6-шы)
25 адам/км² (200-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

3,524 трлн. $ (8-ші)
16,727 $ (81-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,929 трлн. $ (9-шы)
9,159 $ (65-ші)
АДИ (2017) 0,759 (жоғары) (79-шы)
Этнохороним бразилиялықтар
Валютасы Бразилия реалы BRL, код 986
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .br
ISO коды BR
ХОК коды BRA
Телефон коды +55
Уақыт белдеулері UTC-5 ... UTC-2
Бразилия: Мемлекеттік құрылымы, Атауының шығу тегі, Климаты
Бразилиядағы Христос статуясы

Мемлекеттік құрылымы

Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.

Атауының шығу тегі

Кейбір деректер бойынша Бразиль атауы Бразилияда өсетін ағаштың атынан шыққан деп есептелді. Бұл ағаш Еуропаға ХIIғ. бояу, жиҺаз және музыкалық аспаптарды дайындау үшін апарылған. Ағашты пау – бразиль деп аталған ( порт. бразиль ағашы). Басқа деректерде Ирландиялық мифтер бойынша Атлант мұхитында жатқан аралдардың барлығын бразиль деп атаған ( мысалы, Хай-Бразил, немесе О’Бразил)

Климаты

Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.

Ішкі сулары

Өзендер көп. Бразиль қыратының оңтүстігі Уругвай мен Парана өзендері, шығысы Сан-Франсиску бассейніне жатады, солтүстік шығысында Атлант мұхитына құятын ұзын емес өзендер орналасқан (мысалы Парниаба). Парана өзенінің қасында Игуаса сарқ. орналасқан.

Тарихы

Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан шыққан. 1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822 жылы қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 жылдың наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 жылы елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 жылы құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де, 1942 жылы тамызда Германия және Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 жылы елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 жылдары Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық, финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 жылы жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

Жануарлар әлемі

Бразилияда басқа мемлекеттерге қарағанда, омыртқалылар мен омыртқасыздардың көп түрі бар деп есептелінеді. Маймылдардың 77 түрі, тұщы су балықтарының 3000 түрі бар. Бразилия дүние жүзінде қосмекенділерден 2-ші, құстардан 3-ші және бауырмен жорғалауыштардан 5-ші орында тұр.

Бразилия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер

Дәстүр бойынша, Бразилияда ешкім ешқашан уақытында келмейді. Бұл жағынан қазақтарға ұқсас екен. Мәселен, қонақтарды сағат беске шақырған болсаңыз, 7-8-ге күтсеңіз болады. Бұл әдет тек қонақтарға қатысты емес, Бразилияда сериалдар мен жаңалықтар 15 минут кешігіп басталады.

Бразилиялықтар қолма-қол ақшаны пайдаланбайды, есепті кредиттік карталармен төлейді. Нақты ақшамен төлеймін десеңіз, өте абай болуыңыз керек.

Сан-Паулудың тұрғындары үйден жұмысқа дейінгі жолға 3-4 сағат уақыт жұмсайды. Кептелісте осынша уақыт тұру олар үшін қалыпты жағдай.

Барлық бразилиялықтар Havaianas (Хаваянас) аталатын сүйретпе киіп жүруді ұнатады. Олар осы аяқ киіммен мейрамханаға да бара береді.

Бразилиядағы ең танымал сусындар: кока-кола және гуарана жидегінен жасалған газды сусын. Ал алкогольді сусындардан ең танымалы сыра мен кашасу (қантты қамыстан жасалған).

Дәстүр бойынша, бразилиялықтар өмірлеріне шағым айтпайды, тіпті көңіл-күйі нашар кездің өзінде "Қалың қалай?" (Tudo bem) деген сұраққа "Бәрі керемет" (Тudo) деген жауапты айтады.

Көп адам Бразилия көшелерінде маймылдар жүреді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес, Бразилиядан ешқашан маймылды кездестіре алмайсыз.

Бразилияда көшеде жалғыз жүру өте қауіпті, әсіресе түнде тәуекелге баруға кеңес бермес едік. Күндіздің өзінде балалар көшеге жалғыз жіберілмейді.

Бразилияның басты мерекесі – Рождество. Жаңа жылға аса мән берілмейді.

Бразилиялықтардың бәрі қара денелі емес, оңтүстігінде көккөзді ақққұбалар да бар.

Сериал мен футбол ешқашан бірдей уақытта көрсетілмейді. Себебі, олар үшін екеуі де өте маңызды.

Супермаркеттегі тауарлардың бағасы өте қымбат болғандықтан, көпшілігі несиеге алады. Сондықтан тауар бағасының қасында несиеге шаққандағы бағасы да жазулы тұрады.

Бразилияда ағылшын тілінің маңызы жоқ. Бұл тілмен онда ештеңе бітіре алмайсыз.

Бразилия халқы өте отансүйгіш. Олардың сөрелерінде міндетті түрде ел туы бейнеленген футболкалар жатады.

Дереккөздер

Tags:

Бразилия Мемлекеттік құрылымыБразилия Атауының шығу тегіБразилия КлиматыБразилия Ішкі суларыБразилия ТарихыБразилия Жануарлар әлеміБразилия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтерБразилия ДереккөздерБразилияPt-br-República Federativa do Brasil.oggАрабБразилиаМулаттарНемісОңтүстік АмерикаПортугал тіліСан-ПаулуСурет:Pt-br-República Federativa do Brasil.oggФранцузШтат

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Еуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚыпшақтарЕкінті намазыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыСинтаксисҚазақстанның экономикалық аудандарыАбортІлияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрыАлтынемел ұлттық паркіАзаматтық құқықХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстанның кен ресурстарыСиыр малының атауларыАбылай ханҚазақстан аудандарыАқтөбеОдағайҒарыштануӨздігінен тозаңдануАлюминийОтбасыОвуляцияБіріккен Араб ӘмірліктеріҚазақстан экономикасыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріШәкәрім ҚұдайбердіұлыБұрыш (геометрия)Наурызым қорығыЖанар АйжановаАлтын ОрдаҚазақ әліпбиіӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Зәрдің түзілуі және шығарылуыТаразАбайдың қара сөздеріЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБіріккен Ұлттар ҰйымыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚытайҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыКиелі жануарларТабиғатТуберкулезӘл-Фатиха сүресіСатурнМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ЖүктілікҰлы Отан соғысыОтырарНұралы ханОтырар апатыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚажығали МұханбетқалиұлыРим империясыҚойҚазақстан халқыҮндістанҚұрманғазы СағырбайұлыҚазақ ұлттық киімдеріАллитерацияҚарағайЖерлеу рәсіміАхмет БайтұрсынұлыТеңіз жануарларыҚазақша жыл санауТәуелсіз Қазақстан тарихыЖерҚызылордаТранспортирСталинград шайқасыӨтҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚазақстанның Қызыл кітабыҚатерлі ісікБиосфераСолтүстік ҚазақстанҚазақстан-Ресей қатынастарыКітап🡆 More